400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұны- келешектің бүгінгі талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының жаңартылған білім мазмұнына арналған өзіндік көзқарас.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жаңартылған білім мазмұны –келешектің бүгінгі талабы.

Мұғалім – адам жанын түсінетін психиатор-дәрігерден еш кем емес, есесіне күнде оқушының жанына дем беруші, бағыт-бағдар көрсетуші, аса сезімтал шәкіртінің жанына, ішкі әлеміне үңіле білетін, сырын ұға алатын, сенімді досы . Осы тұрғыдан менде өз шәкіртерім мен әріптестеріме көмек қолын соза алатын  көшбасшы-мұғалім болуды мақсат етіп қойдым. Неге, өйткені 2017 жылы «Мұғалім көшбасшылығы- педагогикалық қауымдастықта» бағдарламасымен Балтабекова Анар апайдың тренерлігімен 3- айлық курстан өткен болатынмын. Көшбасшы болу-менің түсінгенім, бұл, мұғалімнің өзін көшбасшы етуі емес, айналасындағы әріптестерінің немесе оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал ете білуі. Мен күн сайын оқыған-түйгенімді, көрген-білгенімді түйіндей отырып, өз білімді балалармен бөлісуге, оларға бағыт-бағдар беруге күш салуым керектігін ұғынамын. Осы мақсатты орындау барасында менің курстан алған білімім, жинаған тәжірибем өмірге деген көзқарасымды мүлдем өзгертті. Мен өзімді сыни тұрғыдан ойлауға, кері байланыс жасағанда адам өз іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығына саралау жүргізе отырып, келешекке нақты жоспарлар құруға ұмтылатынын, барлық нәтижелерді ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, байыбына жетуге болатынын түйсіндімі. Сонымен қатар бүгінгі мұғалім «Оқушы үніне» үнемі құлақ түре отырып, олардың ойларында туындаған жаңа идеяларымен танысып, жүзеге асырудың тиімді жолдарын табуға ұмтылуы қажет.

2018 жыл маусым айындағы екі апталық Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын оқу барысында (тренерім – Торғаев Б.) әрбір оқушыдан - жан-жақты, өз ойын еркін жеткізе білетін, өзін осы өмірде керек екенін сезіне білетін, оқыған-түйгенін өмірлік тәжірибеде қолдана білетін тұлға қалыптастыруды басты назарда ұстау керек екенін бұрынғыдан да терең сезіне түстім. Оқушылар бойында  таным, сенім, құзіреттілікті қалай қалыптастыруға болатынын курстағы тренердің лекцияларынан, әріптестердің тәжірибелерінен одан әрі ұғындым.

ХХІ ғасыр - өзгеше қабілет пен қасиетке ие ұрпақтар ғасыры,- десем қателеспейтін шығармын. Мен өзім ХХ ғасырдың 60-70 жылдары дүниеге келіп. ғасырлар тоғысында өмір сүрсемде , ХХІ ғасыр үлкен өзгерістер мен толассыз жаңалықтар ғасыры екеніне шүбәсіз көзім жетіп отыр. Қазіргі өте шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерістеріне ілесіп, заман көшінен қалмай ілгері жылжуымыз үшін, оқушыны қажетті білімді сұрыптап, өз іс-әрекетіне сыни қөзқарас таныта отырып, дұрыс шешім қабылдауына жеткізу – бізге, бүгінгі мұғалімдерге жүктеліп отырған үлкен міндет. Осы тұрғыда жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының берері көп.

Алайда, осындай ауқымды Бағдарламаны жүзеге асыруда бірқатар кедергілерді қоғам мойындай отырып, оны шешудің жолдарын кейінге ысырмай іске асыратын болса, мұғалім еңбегі сөзсіз өз жемісін береріне сенімдімін.

Яғни басты кедергілер:

1.Мұғалімнің өлшеусіз еңбегінің дұрыс бағаланбауы (Жалақының мардымсыздығы. Соның салдарынан мұғалімнің артық жүктемемен жұмыс атқаруға ұмтылуы. Оның өз кезегінде сапасыз берілетін білімді туғызуы).

2.Электронды оқулықтар мен дереккөздерді өз деңгейінде пайдалана алмау. Себебі: әсіресе, ауылды жердегі интернетке деген қолжетімсіздік. Осылайша IT Бағдарламасын жүзеге асырудың мүмкін болмауы сынды жағдайлардың туындауы.

Ойымды қорыта келе, бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүре отырып, үйренуге ұмтылу және үйрене білу адамның ең басты қажеттілігіне айналғанын терең түсіндім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 шілде
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі