жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – МАТЕМАТИКА ТІЛІ ЖӘНЕ ТІЛДІК МАҚСАТТАР
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – МАТЕМАТИКА ТІЛІ
ЖӘНЕ ТІЛДІК МАҚСАТТАР
Дауренбекова Айгуль Талгатовна
Исмагулова Кулпараш Ауезхановна
Құсайын Орынбасар Талғатқызы
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімдері
E- mail:аigul_d1985@mail.ru
Аннотация
Бұл жобада жаңартылған білім бағдарламасы негізінде математика пәнінен оқушыларға білім беріп қана қоймай, олардың математикалық тілде сөйлей білуі үшін тілдік мақсатты орынды қолдану керектігі айтылады. Мұғалім оқушылардың рухани деңгейін оятып, тәрбиелік құндылықтарын арттырып, пәнге қызығушылығын дамыту керек. Оқушыларға ғылыми білім беру, оларды шығармашыл, қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыруда тілдік мақсаттың маңызы зор.
Аннотация
Этот проект основан на обновленной учебной программе, в которой математика учит не только обучать учеников, но и использовать языковой мишень, чтобы говорить математически. Учитель должен пробудить духовный уровень учащихся, повысить их образовательные ценности и развить их интерес к предмету. Языковая цель имеет решающее значение для формирования учеников с научными знаниями, создания ими творческих, способных людей.
Abstract
This
project is based on an updated curriculum in which mathematics
teaches not only to teach the scientists, but also to use the
language target to speak mathematically. The teacher should awaken
the spiritual level pupil, increase their educational values and
develop their interest in the subject. The language goal is crucial
for the formation of pupil with scientific knowledge, creating them
creative, capable people.
Түйінді сөздер: жолдау, рухани жаңғыру, математика, математикалық сауаттылық, ұлттық құндылық, тілдік мақсат, стратегия
Ключевые слова: послание, духовное возрождение, математика, математическая грамотность, национальные ценности, языковая цель, стратегия
Keywords: message, spiritual revival, mathematics, mathematical literacy, national values, language goal, strategy
ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы он бағытқа негізделді. Халыққа жолданған құжатта көрсетілген сол бағыттардың әрқайсысының маңызы зор. Әрқайсысындағы тапсырмалар мен міндеттер жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымызды қажет етеді. Мәселен, «Адам капиталы – жаңғыру негізі» деп аталған жетінші бөлік жаңа жауапкершілік жүктеп отыр. Оның ішінде, білім берудің соны сапасына басымдық беріледі.
Осыған дейінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында айтылып келген алғы шарттар осы Жолдауда көрсетілген негізгі ойлар – Қазақстан қоғамы дамуының жаңаша жалғасы. Рухани жаңғырудың жаңа бағыттағы өсу белесі деуге болады. Елбасы бұл жолдауында көп нәрсені қамтыды. Әсіресе, әлемдік технология қарыштап дамып, жұрт білім мен ғылымға ден қойған заманда қазақстандықтардың көштен қалмауына көп көңіл бөлу керектігін ескертті. Ол үшін білім беру саласын түрлендіріп, оқушыларды жаңа бағдарламамен оқытуды ұсынды. Сонымен, заманауи үлгідегі біліммен қаруланған ұрпақты тәрбиелеу үшін ұстаздардың да біліктілігі де заман талабына сай болу керек. Оған мектептегі педагогикалық ұжым да, білім алушылар үшін де көш озық болу, сандық технологиялар арқылы жаңа сапаға, жаңаша санаға ілгерілеуіміз қажет екенін бағдарлап отыр. Жолдаудың бір ерекшелігі – мұнда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған.Үздік ұстаздардың іс – тәжірибесін, бейнесабақтар, бейнелекциялар арқылы ғаламторға орналастырып, барша ұстаз қауымына қолжетімді әрі пайдалы дүние болатынын сөз етті. Мұндай жаңашылдық оқушыларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Бұдан біз республикадағы ұлттық білімнің еш елге ұқсамайтын моделін қалыптастыру, сол арқылы ұстаз болмысын анықтап, беделін көтеру жолдарын көреміз. Яғни, жас ұрпақтың барынша терең біліммен сусындауына жағдай жасауға бағытталған. Осындай ізгі мақсаттарды жүзеге асыруда пән мұғалімдері үшін оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырып, пәнге деген қызығушылықтарын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, оқу – әдістемелік құралдар құрылымы мен мазмұнының сапасы және белсенді оқытудағы тиімді әдіс –тәсілдерін дұрыс таңдап, қолдана білудің маңызы зор. Содай –ақ оқушылардың білім сапасын арттырумен бірге оларды бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, Отанын, елін сүйетін, оған адал қызмет ететін, адами құндылықтарды дәріптеп сыйлайтын жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, функционалдық сауаттылығын дамытып, шығармашылық ізденіске машықтандыруды көздейді. Ал оқушыларды ой еңбегімен шығармашылық тұрғыдан айналысуында математиканың әсерінің мол екендігі белгілі. Қарапайым ойын түрлерімен логикалық тапсырмалардан бастап, күрделі, қиын есеп жаттығуларды тиімді тәсілмен орындау, теоремаларды дәлелдеу олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ми қызметін жетілдіріп, шығармашылық ізденіске тәрбиелеп баулиды. Сонымен қатар, мұғалім сабақ үстінде дидактикалық қағидаттардың, оқушы үшін табысты оқу ортасының қалыптастырылуын және жедел кері байланыстың жүзеге асуын, жоғары қарқын мен белсенді іс – әрекеттің, көтеріңкі эмоциялық көңіл – күйдің болуын, қауіпсіз ортаның, жағымды психологиялық ахуалдың орнатылуын қамтамасыз етуі қажет. Мұғалім сабаққа дайындық кезінде сабақ тақырыбына байланысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді, өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысты сөз тіркестері мен ұғымдарды ескеру арқылы жаңа сабаққа қатысты ойларды толықтырып, жинақтайды және сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, әдістемелік жобасын құрады.
Сабақ тақырыбын, оқу мақсатына қатысты маңызды мәселелермен бірге, тілдік мақсаттар да басты назарда болуы керек. Пән бойынша оқу мақсаттарының басым көпшілігі пәннің мазмұнына бағдарланады және кем дегенде бір оқу мақсаты тіл дамытуға бағдарлануы тиіс. Тілдік мақсат үлгісі әрбір пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламаларының оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген және бұл ұғым жөнінде мұғалімдерге арналған нұсқаулықтарда қарастырылған. Егер пәннің тілі анық әрі оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың тақырып бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік мақсаттарға да қол жеткізіп, тақырыпты тереңірек түсініп, білім сапасының артуына көмектеседі. Оқушылардың олардан қандай нәтиже боларын түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай – ақ, тілдік мақсаттар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауға көмектеседі және әр пәннің академиялық тілін үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Мысалы:
Сабақтың тақырыбы |
2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік белгісі |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:сандарды анықтамаларына қатысты ажырата алады, бөлінгіштік белгілерін, негізгі қасиеттерін түсініп, айта алады, есеп жаттығулар мәтінін түсініп, талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады, дәлелдемелер келтіріп, қорытынды жасайды. Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: Натурал, екі және үш таңбалы сандар, тақ, жұп, жай және құрама сандар, цифрлар, қосынды, натурал санның бөлгіштері мен еселіктері, қалдық, шексіз |
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында орта мектептерде үш тілде білім беру, пәнаралық байланыстар және оқыған, тоқыған білгенін өмірде қолдана білуге үйрету, дағдыландыру пән мұғалімдері үшін өзекті мәселеге айналуда, демек математикалық термин сөздердің математика сабағында қазақша түсініктемесімен қатар орысша, ағылшынша айтылу, жазылуларына мән беріліп отырса, ал қазақ, орыс, ағылшын тілі сабақтарында өмірде кең қолданылатын математикалық сөз тіркестерін орынды қолдана білсе, үштілділік саясаты жүйелі түрде жүзеге асар еді. Тілдік мақсаттарға жету сабақта қолданылатын белсенді оқыту әдіс тәсілдеріне тығыз байланысты. Мұғалім пәннің, тақырыптың, тапсырманың, тіпті оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту стратегияларына таңдау жасауы қажет. Бұл жерде сұрақ қоя білу, сұраққа нақты, дәл жауабын ұсыну, пікірталас диалог, талдау, ой жинақтау, қорытындылау дағдыларын дамытуға бағытталғаны тиімді. Математика сабағында тілдік мақсатты жүзеге асыруда, «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясының алатын орны ерекше. Оқушы тапсырманы орындау алгоритмін көз алдына елестетеді, жұбымен салыстырып, түзетіп, толықтырады және топтың талқысына салып, өз ойын дәлелдейді. Олардың да дәлелді қорытындыларын саралай келіп, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы жетіліп, ұтымды ұсынысқа қолдау көрсетеді. Дегенмен тілдік мақсаттарға тек тақырыпқа байланысты ақпараттарды оқып үйрену барысында ғана емес, ширату жаттығулары мен сергіту сәттерінде де назардан шығармау керек. Математика сабақтарында оқушыларға құрғақ, жалаң есептер шығарта бермей ана тілінің, мемлекеттік тілдің қадір – қасиетін, ұлттық құндылықтарды, патриоттық тәрбиені бойларына дамытуымыз да керек. Осы орайда, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында математика сабағында Ұлы Абайдың «Қара сөздерін» де қолдануға болады. Мысалы, қаңтар айының 25 – і күні «Жиырма бесінші» қара сөзінің мағынасын түсіндіруге болады: «Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма!». Бұл «Қара сөзден» оқып, білім алудың нәтижесінде жақсы маман болып, ел үшін қызмет ететін адам тәрбиелеуге болатынын көруге болады. Ұлттық құндылықтарымызды оқушылардың бойына сіңіріп, жек тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтан, тілдік мақсаттарды түсіну, оған жету мұғалімдер үшін үлкен, қажырлы еңбекті талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қостанай таңы» газеті
2. «Абайдың қара сөздері», Bilimland сайты.
«Математика және физика журналы» №5, 2017 жыл.
3. «Математика Қазақстан мектебінде» №3, 2017 жыл.
4. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Астана, 2014 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген