400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер



САГЫЗБАЕВА АТАЛЫҚ СОЦИАЛОВНА

А.ӨТЕПБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ, ҮШТАҒАН АУЫЛЫ


КІРІСПЕ

Білім беру саласының дербестігін жақсарту еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер: «педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең менгеруге, оқып-үйренуге жетелейді. Бүгінгі таңда, бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану, әдебиет сабақтарына топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір-сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады. Сондықтан өзім оқыған, үйренген, курстар мен семинарларға қатысу барысында көрген көптеген жаңаша әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибемде қолдану арқылы олардың тиімділігіне көз жеткізе отырып, осы тиімді әдіс-тәсілдерді жинақтауды ұйғардым. Бұл жинақталған әдістемелік құралды «Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда қолданылатын әдіс-тәсілдер» деп атадым.

Әдіс-тәсілдер арқылы балалардың ұжымда, топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігіне, сөйлеуде аналитикалық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігіне жол ашылады. Осы әдістемелік құралымды жинақтай отырып, мен өз тәжірибемдегі әдіс-тәсілдерді төмендегіше бөлімдерге бөліп, топтастырдым:

- Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу.

- Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету;


І бөлім.

Психологиялық дайындық және ширату жаттығулары.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, назарын сабаққа аудару, топтарға бөлу жұмыстарына қолдану; сыныпта қолайлы психологиялық ықпал туғызу.


Сәлемдесу

Жылы – жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын

Жылы – жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен,

Құшағыма қысайын.

***

Әрбір ісің-тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің- шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат.

“Ара” жаттығуы

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады.

«Көбелек» жаттығуы»

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.


«Жеңілден-ауырға»

Түсті қағаздар үлестіріледі. Есімдерін қағаздың сыртына жазады (қатысушыларға көрініп тұру керек). Қатысушылар шеңбер жасап тұрады да есімін атап, өзінің сүйікті тағамын қосып атайды.


ІІ бөлім.

Шаттық шеңбері

Мақсаты: Көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне достық, сыйластық қарым-қатынасқа баулу; қоршаған ортаны танып-білу;


Достар, бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

***

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

***

Күн шуағын жинаймын.

Достарыма сыйлаймын.

Күн жылуын аямасын,

Шуағымен аяласын.

Достық деген бәйтеректі

Барлық бала саяласын.

***

Достарым, кең тұрыңдар,

Бақыт сонда ұғыңдар.

Қол ұстасып , күліпдеп

Шаттық шеңбер құрыңдар

***

ІІІ бөлім.

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер, формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары.


Мақсаты:

- Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып,оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу, формативті бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу;

- Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету;


1.Оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер:

«Ассоцияция» әдісі

1-қадам

Шеңбер сызып ортасына тақырыптың атын жазу.

2-қадам

Дәптерлеріне сол тақырыпта өздері білетін ақпаратты жаздыру.

3-қадам

Сол тақырып бойынша жазғандарына тұсаукесер жасау.

4-қадам

Тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.


«Автор орындығы» әдісі

1-қадам: Кез келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қою;

2-қадам: Үстелге отырып өз жазғаның аудиторияға оқу;

3-қадам: Аудиторияны тыңдау. Сұрақтарына жауап беру.


«Алты телпек» әдісі

Сыныпты алты топқа бөлу

«Ақ телпек» – статистикалық (мәселеге қатысты деректерді таласссыз келтіреді);

«Сары телпек» - сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады);

«Қара телпек» - сәтсіздік (оқып жатқан мәселенің сәтсіз тұсын айтады);

«Көк телпек» - аналитикалық (талдау жасайды, топтар не үшін? неге? неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді);

«Жасыл телпек» - шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамсдар айтады);

«Қызыл телпек» - сезімтал (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін айтады);


«Жүк журналы» әдісі

1-қадам: Сабақ;

2-қадамТақырып бойынша болжамды «Жүк журналының сол жағына жазу»;

3-қадам Жұмыс жұбын құру;

4-қадам Ақпаратты тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлімімен жұмыс жасап «+» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, ал екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды;

5-қадам:

«Жүк журналының» екі жағын салыстыру, ақпартты қосу, жазғандарын сыныппен талдауға дайындық.

2.Формативті бағалау түрлері:

Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.

«Қолмен белгі беру» әдісі.

Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.

Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)


«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын. Мысалы: Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.


2 жұлдыз, 1 тілек.

Оқушыларды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Смайликтер

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Шаршылар

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.


Басбармақ

Оқушылар түсінгендерін қол белгілері арқылы көрсетеді.


«Синтаксистік касса» ойыны.

Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.


«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.

Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).


«Кедергіден өту» ойыны.

Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

Қорыта айтқанда, сабақтарда ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтеді. Кез- келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады. Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Баланың өмірі, қорша-ған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы,

Әр маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс - тәсілдерді жетік білуі, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайда қолданып отыру, атқарған жұмысымыздың нәтижесін көрсетеді.

Кітапшамда топтастырылған дидактикалық материалдарды күнделікті және ашық сабақтарымда түрлендіріп қолданып отырамын.Сондықтан әріптестеріме де көмегі тиері сөзсіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
1155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі