400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Абдлезова Жамила Алимхановна

«Шаштөбе» орта жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Кентау қаласы .Қарнақ ауылы

«Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» ( Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан)

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың  негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай  оқытқан тиімді?

Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз.Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді.Дегенмен де білім беруде  балаға  не білу керектігін түсінсек те  оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін  білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды.Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады.Яғни  Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы».  Бұл ұстанымнан  «Шәкірт өздігімен үйрену керек » ,-деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз  еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе –ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог –білім тасушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс: .  - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,

- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,

- рухани дамыған,

- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Ұстаздарға  қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға  болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта  мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру  -басты мақсат болып табылады.

Қазақ   баласының бойында Абай  атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы  жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру-  ұстаздардың міндеті екені даусыз.

Еліміздің ертеңгі  болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға  терең де,  сапалы  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.  Елімізде  орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде.  Жаһандану заманында  жас ұрпақтың  жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру,  білімге деген құштарлығын ояту,  өмірінде оны қолдана білу,  отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Бастауыш сынып  оқушылары  жалпы алғыр,шапшаң, сезімтал,ештеңені жасырмай  еркін айтады.Мақтау сүйгіш, мұғалімнің  жетегіне  тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде  мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе,онда балалардың өздері де ізденіске  түседі.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. 
Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Бастауыш сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады.

Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер  әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. « Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес,  болашаққа қарай тәрбиеле»  деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде  мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі