Жаңартылған білім мазмұны туралы эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұны туралы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша алған әсерім тарих пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елеусизова Жанаргүл Қанапьяқызы

Тарих пәні мұғалімі

«Бөлек батыр атындағы орта мектеп»

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Болашақ білімді ұрпақты даярлайтын мұғалімдер қауымы болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жібермеуі тиіс. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында оқушы бойындағы құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі алдымен оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаты айқын, нақты берілген. Сондықтан бұл бағдарламаның тиімділігі өте жоғары. Елімізде білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуіне байланысты Талдықорған қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 04 -15 маусым аралығында Қазақстан тарихы пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтуде. Курс тыңдаушылары алғашқы күннен бастап білім берудегі жаңашылдықты қолдап, өз тәжірибелеріне қуана енгізетіндіктерін мәлімдеді. Дәріс алу барысында тарих пәнінің мұғалімдері жаңартылған білім мазмұнының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді қолданып, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданып, нәтижеге бағыттау қажеттілігін түсінді. Топ тренері Арғынбаева Манат Баймуханбетқызының білімді де білікті өз ұстанымы бар, шығармашыл шеберлігінің арқасында бағдарламаның қыр-сырын жоғары деңгейде меңгердік деп айтуға толық негіз бар. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогика­лық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту әдістері де қарастырылды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Оқу мақсаттары білім беру бағдарламасының  тарих пәні бойынша оқу материалдарын баланың жас ерекшелігін ескере отырып, жеңілден күрделіге, бұрыннан түсінікті ақпараттан жаңа ақпаратты меңгеруге жетелейді. Сонымен қатар, оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін маңызды.

Қорыта айтқанда, жас ұрпақтың жарқын болашағы ұстаздардың  қолында десек, жаһандану дәуірінде жаңартылған білім мазмұнын игерте отырып тарих пәні арқылы бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға дайындауда көштің алдында болайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.10.2018
806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі