жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білім мазмұнын игеруде сын тұрғысынан ойлаудың тиімді әдістері
Күні: 02.02.2018 |
|
|
Аты-жөні: |
Оспанбаева Сания Озановна |
|
Сабақ тақырыбы: |
Жаңартылған білім мазмұнын игеруде сын тұрғысынан ойлаудың тиімді әдістері |
|
Жалпы мақсат: |
Жаңартылған білім мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлай білудің маңызыдылығын талқылау Сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдістерді меңгеру |
|
Оқу нәтижесі |
Оқу мақсаттарының иерархиясын анықтайды, сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдістермен танысады. |
|
Түйінді идеялар: |
ойлау деңгейлері, әдістер |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
парақтары,стикер,интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам, бейне жазба, суреттер |
|
Оқыту әдістері: |
Миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлау әдістері |
1. Жеке жұмыс 2. Топтық жұмыс |
Дерек көздері: |
Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары |
|
Тапсырмалар: |
||
Оқуға арналған тапсырма: |
Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Мұғалімге арналған нұсқаулық. |
|
Ықшам сабақ мұғалімдердің іс-әрекеті:
|
Шебердің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Жағымды психологиялық ахуал Топтарға біріктіру |
«Құбыр» жарысын ұйымдастыру. Тимбилдинг Топқа бөлу Билайн, Актив,Теле2, Алтел
|
Мұғалімдер екі топқа бөлініп, А4 парақтан құбыр жасайды. Осы құбырдан допты құлатып алмай өткізу қажет. Мұғалімдерді өздері пайдаланатын ұялы байланыстың осы атауларына сай топтарға бөлу. |
Миға шабуыл |
Тақырыпты ашу мақсатында сұрақ қойылады. Топтық жұмысты неліктен жиі қолданамыз? Оның маңыздылығы неде? Ол тиімді ұйымдастырылу үшін не істейміз? |
Түрлі идеялармен жауаптарын береді. |
Ақпараттық ресурс |
«Как развить креативность? » бейне жазбаны көрсетіледі |
Топтық жұмыстың маңыздылығы - оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін ролі туралы түсінеді. |
Сыни тұрғыдан ойлау деңгейін жетілдіруге бағытталған тапсырмалар |
STEEPLE талдау 1-топ. ЭКСПО халықаралық көрмесі: маңыздылығы, келешекке көзқарас 2-топ: Рухани жаңғыру . Болашаққа бағдар 3-топ: "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы 4-топ: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері |
Топтық талқылау. Өз тәжірибелерімен бөліседі. |
«Төрт сөйлем» |
«Төрт сөйлем» тәсілі 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз. 2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз. 3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз. |
Берілген мәтіндер бойынша алған білімдеріне байланысты пікір білдіруга, дәлелдеуге, мысал келтіруге, қорытынды шығаруға үйренеді. |
Кері байланыс |
«Аралдар» әдісі |
|
Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Мектепке дейінгі шағын орталығы
бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектебі »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих,география пәнінің мұғалімі
Оспанбаева Сания Озановна
Оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы
(S– әлеуметтік,
T – технологиялық,
E – экономикалық,
E – қоршаған орта
P – саяси,
L – құқықтық,
E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға көмектеседі.
Оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы
(S– әлеуметтік,
T – технологиялық,
E – экономикалық,
E – қоршаған орта
P – саяси,
L – құқықтық,
E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға көмектеседі.
Оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы
(S– әлеуметтік,
T – технологиялық,
E – экономикалық,
E – қоршаған орта
P – саяси,
L – құқықтық,
E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға көмектеседі.
Оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы
(S– әлеуметтік,
T – технологиялық,
E – экономикалық,
E – қоршаған орта
P – саяси,
L – құқықтық,
E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға көмектеседі.
2-топ. Кейстер әдісі.
1 кезең —жағдаятпен танысу
2 кезең — негізгі проблеманы анықтау
3 кезең — проблеманы шешудің түрлі жолдарын ұсыну
4 этап — шешімдердің салдарын болжау
5 этап — кейстің шешімі, ең тиімді жолын ұсыну
Болжау әдісі
РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Бұл стратегия оқушының жасырын қырларын танытуға мүмкіндік береді: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама жасау арқылы олар жылдамдық арқылы көшбасшылығын, шығармашылық қабілетін көрсете алады.
РӨЛ |
АУДИТОРИЯ |
ФОРМА |
ТАҚЫРЫП |
Бала Ана Мамандық иесі |
Адам (көпшілік, үкімет, анасы, баласы және т.б.) |
Өтініш Жарнама Хабарландыру Хат және т.б. |
Өзінің ойы |
Қияр
- жаз
мезгілінде сүйіп жейтін, әр дастарханның
сәнін келтіретін көкөністердің бірі.
Қиярды күнделікті тұрмыста жиі пайдалана
отырып, оның пайдасына мән бермейміз.
Жаңа піскенкен қиярды пайдалану өте
пайдалы. Қиярдың құрам бөлігі судан
тұрады. Сонымен қатар қияр целлюлитпен
күреседі.
Целлюлитпен арылғысы
келетін адамдар үшін суды көп ішу маңызды
болып табылады. Ал, қиярдың 95 пайызын
су құрайды. Қиярды көп мөлшерде, күнделікті
қолдануға өте пайдалы көкөніс. Қиярдың
құрамында ағзаға қажетті B1,
B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, кальций, магний,
фосфор, фолий қышқылы, темір, мырыш пен
калий жеткілікті
мөлшерде бар.
Қияр артық салмақ тастауға, терінің әдемілігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. Бұл көкөністі күнделікті пайдаланғаны жөн. Сонымен қатар, қиярдың бұдан басқа да ағзаға тигізер пайдасы мол.
Қияр - ағзадағы
керексіз, улы заттарды шығарады. Салмақтан
арылғысы келгендер қиярды жиі
пайдаланғандары абзал. Өйткені, оның
құрамында ағзадағы көмірсуларды майға
айналдыруға жол бермейтін тартронды
қышқыл бар. Жаңа піскен қиярдың құнарлылығы
13,5 калл. Қиярды диета кезінде пайдалануға
болады. Қияр В дәруменінің тобындағы
көзі. Сондықтан да оны күнделікті ас
мәзіріңізде пайдалуға болады. Көптеген
аурулардың алдын алады.
Қияр қатерлі
ісік дертінің пайда болу қаупін
төмендетіп, алдын алады. Сонымен қатар
қанның құрамындағы холестерин деңгейі
реттейді. Ағзадағы қан қысымының
бірқалыпты болуын қалыптастырады.
Қиярдың тағы бір керемет қасиеті - шырыны
ұйқы безінің инсулин бөліп отыруына
көмектесетін гормоннан тұрады. Сондықтан
қияр көкөнісі сусамырмен (диабет)
қиналатындар үшін таптырмас дәрумендер
тобына жатады.
Және ауыздағы
жағымсыз иістен арылтады.
Аузыңыздың
жағымсыз иістен құтылғыңыз келсе, онда
қияр оны жоюға көмектеседі. Қияр
көкөністің бір тілімін отыз секунд
аузыңызда ұстап тұрсаңыз болды, жағымсыз
иісті қоздыратын бактерияларды өледі.
Осылайша жағымсыз иістен арыласыз.
Қияр шашқа және
теріге арналған керемет құрал болып
табылады.
Терінің тітіркенуі кезінде
немесе күнге күйгенде қиярды қолданған
болады. Көкөністің сыртын тазалап аршып,
терінің жара болған, зардап шеккен
жеріне қою керек. Сонымен қатар, қиярдың
маскасы теріні ағартуға, бет терісін
ылғандандыруға көмектеседі. Кесілген
қиярды бет терісіне қойып, бірнеше уақыт
ұстау тұру керек. Бет терісінін
ылғандандырумен қатар, жағымсыз дақтардан
тазартады. Ал, қиярдың құрамындағы
күкірт мен кремний шаштың өсуіне,
нығайуына көмектеседі. Сонымен қиырды
күнделікті тұтыну арқылы денсаулығымыз
жақсарып, сырт келбетіміз ажарланады
Қазақтардың ауа-райына байланысты болжамдары ерте заманнан бері табиғатқа етене жақын өскен, табиғаттағы болып жататын құбылыстарға назар аударып, тіршілік тірегі болған дәстүрлі шаруашылығын соған сәйкестендіріп жүргізген. Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжауға адамнан бастап, жан- жануар, аң-құс, балық әртүрлі жәндіктердің қылықтары, сол сияқты табиғаттағы ағаш, өсімдіктер, табиғи құбылыстар және т.б. арқылы бақылаған. Қазақ халқында ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанын түрлі апаттарға бермейтін астроном – есепшілер де өте көп болған. Осындай есепшілерді әр ауыл, әр тайпа адамдары жиі іздеп барып, одан сол жылғы табиғатта қандай өзгерістер болатынын және жауын-шашының, ыстық-суықтың қай деңгейде болатындығын сұрап біліп, соған сәйкес мал-жандардың жағдайларын ерте бастан жасап, түрлі апаттардан сақтанып отырған. Қазақ ауа-райын болжаушылары ауа-райын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстап, оны атадан балаға мұра етіп қалдырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде ман-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Жыл мезгілі қазіргі күнтізбе бойынша көктем, жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөлінеді. Бұл қазіргі кездегі күнтізбедегі топтастыру. Ерте кездегі қазақ есепшілері жыл мезгілін, яғни жыл он екі айды төртке бөлген. Бірақ әр мезгілдің атауы қазіргі мезгілдің атауынан өзгеше болатын. Жылтоқсан (көктем), Жазтоқсан (жаз), Желтоқсан (күз), Қыстоқсан (қыс). Жылтоқсан деп аталуы жыл сөзінің мағынасына байланысты айтылған. Көктемде –көктеуде (бірер ай), жазда – жайлауда (екі айдам астам), күзде – күзеуде немесе күзекте (бірер ай), қыста – қыстауда отыратын шаруашылық ыңғайына байланысты. Халқымыз ертеден-ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс, тәсілдерін білген. Ауа — райын болжай алатын бұл халық қағидалары қой мінезін жетік меңгерген, қойдың ауа-райы өзгерісін сезу қасиеттерін терең анықтай алған қазақтың өмірлік тәжірибесінен, таным-түсінігінен туындап отыр. Қойдың мінез-құлқын мен әрекетіне қарап ауа-райын болжау қағидаларының көптеп кездесетіне қарағанда, өзге түліктерден бұрын қой қазақ жерінің климатын тез сезетін, қазақтың жері мен табиғатына әбден бейімделген түлік екенін байқатады. Кешкі уақытта малдың бәрі бағытта күйсеп жатса, келер күні сол жақтан боран тұрады. Жылқы – бір жылдық, қой – жарты жылдық, сиыр 2-3 күндік өзгеріс, құбылыстарды болжай алады. Жыл басы саналған, күн мен түннің теңелген күні, яғни 22-Наурыз Ұлыстың ұлы күніндегі бақылаулар мен болжамдар дәл келіп отырған. Ұлыстың ұлы күні есепшілер таңертең Күннің шығыс көкжиектен қандай болып көрінетінін бақылауға ала отырып, байырғы тәжірибеге сүйеніп, Күннің түрліше аталуына көңіл бөлген:
— егер бұл күні таңеретең Күннің түсі күңгірт тартып, қорланып солғын көрінсе, ол жылы жауын-шашын мол болып, жер көгі құлпырып өсетін көрінеді;
— егер бұл күні таңертең Күн сары-қызыл тартып, ыстық лебі бірден бетке ұрып, шақырайып туса, ол жылы құрғақшылық болуы мүмкін. Мұндай жылдары таулы аймақтарда жиі-жиі тасқын болып, шалғынды далада өрт қаупі пайда болады;
егер бұл күні таңертең Күн сәулесі жан-жаққа шашағын төге шашырап, рауандап атса – ол жылы жанға жайлы, молшылық жылы болады. Есепшілер бұл Күн белсенділігін он бір, он төрт жылда бір рет қайталанып отыратын кезеңдік құбылыстарынан бақылап білген. Әдетте, ауа-райын бақылаушылар жаз есебін күн мен түннің теңелген тоғысынан бастайды. Онда ел алдымен сол түнгі төрт түлік малдың қимыл-қылығын ерекше қадағалайды. Ұлыстың ұлы күніне басқа да жаңа тоғыс айлары болады. Жаңа тоғыс айларының қарсаңындағы немесе күн мен түн теңелер сәтіндегі төрт түліктің мінез-құлқы мен әрекетіне қарап есепшілер сол жылдың қандай болмағын бақылап отырған. Мысалы, егер сол күні кеште өрістен қайтқан қой қораға алшаңдай басып кірсе, көктем ерте келеді деп жорамалдайды. Ал сол түні түйе түлігі ернін жиі жыбырлатып, жылқы оқыранып жұтынса да көктем ерте келеді екен деп есептеген. Сондай-ақ ол күні қойдың өз қорасына алшаңдай басып кіруі де көктемнің ерте туатынының белгісі. Қойдың құмалағы қар ішінде бармақ бойы батып кетсе, көктем ерте туып, жер тез қызады. Қарға тасталған құмалақ қар үстінде тұрып қалса, көктем 40 күн кеш туады. Яғни, көктемнің «алтын күрегіне» дейін суықтар болады деп күтіледі. Осыған байланысты қазақта айтылатын мынындай сөз бар: «Ұлыс күні құмалақ қарға бармақ бойы батса, қырық күндік жерге арбамен шық. Құмалақ қар бетінде қыдырып жатса, қырық күндік жерге шанамен шық».
Рухани Жаңғыру
ЖОБА ТУРАЛЫ
«Рухани Жаңғыру» - барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет.
«Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киелі мекен жағырапиясының құрылуы - адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық және республикалық киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Заманауи Қазақстан мәдениеті. Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері болды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар, кез-келген бәсекеге қабілетті қызмет түрі сияқты мәдениет те жіті ойланып барып өмірге бейімделгіш болуы қажет. Бұл бөлім суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармаларды қамтиды. Бөлімнің мультимедиалық бөлігінде фото,- видео материалдар, отандық әртістердің орындауындағы бейнелерді көруге, сонымен қатар отандық әртістердің Қазақстандағы және шетелде өтетін мәдени іс-шаралары туралы ақпараттар ала алады.
Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100 жетекші оқулық аудармасы – прагматизм мен бәсекеге қабілетті рухани жетілдіруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастыруда нақты қадам болып табылады. Бұл бөлім өз кезегінде тәржімаланған кітаптар мен авторлары, оқулықтарға сілтеме, сонымен қатар рецензиялар туралы ақпарат береді.
100 жаңа тұлға. «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» құруды ұсынған болатын. Бұл жобада Тәуелсіздік кезеңін бағындырған адамдардың тарихы жинақталады. Бұл тарихта түрлі аймақтардағы жастардың, ұлттардың, жеке және қоғамдық өмірдегі әрі жұмыстағы азаматтардың жетістіктері баяндалады.
Латын әліпбиіне көшу. Бұл бөлім халықты қазақ әліпбиінің латыншаға ауысуын хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, бөлімде жаңа әліпбиді үйрену жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілетін болады.
Уақыт бір орында тұрмайды. Жоғары технологиялардың дамуына ілесу үшін "Цифрлы Қазақстан" сынды бағдарламаның орны ерекше.
Қазір қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала ІТ саласы екенін бүкіл әлем мойындағалы қашан. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен соң көптеген дамушы елдер де кеткен үлестерін түгендеу үшін қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ.
Иә, жоғарыда атаған дамушы елдердің арасында Қазақстан да бар. Тәуелсіздік алып кенже қалған салаларды дамытуды қолға алған кезде жоғары технологиялар да назардан тыс қалмаған болатын. Рас, сол кезде даму үдерісі белгілі сүрлеумен, арнайы бағдарламамен жүзеге аспағанымен өзіндік жетістіктері де болды. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары қандай екенін білу үшін, бұл саланы дамыту бізге береді деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Біріншіден, сандық технологияларды үкімет органдарының қызметіне енгізсек өздеріне де тиімді және олардың қызмет көрсету деңгейі кәдімгідей жоғарылайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындардың сандық технологияларды меңгеруі жоғарылаған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен байланыс орнату жағында елеулі ілгерілеушілікке жетпей қоймасы анық. Үшіншіден, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға күмән жоқ. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік телеарна жасалған осындай іс-әрекеттердің жемісі. Ал енді қол жеткізген ауқымды іс-әрекетті тілге тиек етсек. 2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» теле-радио хабар тарату желісі іске қосылған болатын. Бүгінде ұлттық оператор қызметін пайдаланатын қолданушылардың саны миллионнан асып жығылады. Цифрлы стандартқа көшкен сәтте, еліміз бойынша жерсеріктік абоненттер жүйесін пайдаланушылардың саны небәрі 6300 ғана болған. Демек, алдымен ақпарат тарату саласында цифрлы стандарттарқа көшу қолға алған бастаманың қаншалықты халыққа тиімді әрі қажет екенінінің айнымас көрсеткіші деуге болады. Бір қуантарлығы ұлттық жерсеріктік жүйені қолданушылардың 70% ауыл тұрғындары.
Ал ІТ саласы мен цифрлы технологияларды дамытуға Қазақ елі зор күш салатынын Елбасы өзінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жолдауында баяндаған болатын.
Жолдауда мемлекет басшысы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,- деп нақты болашаққа айқын бағдар берді. Бұл үшін арнайы «Цифрлы Қазақстан» бағарламасы дайындалғанын мәлімдеді.
«Топта жұмыс істеу не үшін қажет?»
-
Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған
тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе өнім жасау үшін оқушылар
тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи
әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен
әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Топта жұмыс істеудің
нәтижесі:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген
мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс
болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін маханикалық есте сақтау
мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және
қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда
алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметттік ортасы
жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының
негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және
эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап,өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдаалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеялардыұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Бұл арқылытоптарда жұмыс істеуде, оқушыларға тапсырма жасату барысында да қолдау көрсетіп,нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсету еді.
«Топтрды қалайұйымдастыруға болады?»
Топтарды ұйымдастыру ережелері мынадай:
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Оқушылар
достарымен бірге жұмыс істеуін өтінеді. Басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп
алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір
мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан
құрылған кез-келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатында дағдылары мен
стиліне икемделіп бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы
айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға
және тиісінше топтық қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді.
Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны
біртіндеп өзгереді және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет
ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес,
анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін
жалпы межелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не
күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін,
сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген