Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне дидактикалық көмек ретінде қабілетті оқушылармен саралау тапсырмаларын орындау барысында оқушы шығармашылығын дамыту бағытында қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді

әдіс-тәсілдер,формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары

Мақсаты:

- Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып,оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу,формативті бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу;

- Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету.

1.Оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер:

«Ассоцияция» әдісі

1-қадам

Шеңбер сызып ортасына тақырыптың атын жазу

2-қадам

Дәптерлеріне сол тақырыпта өздері білетін ақпаратты жаздыру

3-қадам

Сол тақырып бойынша жазғандарына тұсаукесер жасау

4-қадам

Тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау


«Ротация» әдісі

1-қадам

Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу

2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу

Әр топ оз сұрақтарына жауап беру

3-қадам

Сағат тілімен орындарын алмастыру

4-қадам

Барлық топтардың жауаптары талқылану


«Автор орындығы» әдісі


1-қадам Кез келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қою

2-қадам: Үстелге отырып өз жазғаның аудиторияға оқу

3-қадам: аудиторияны тыңдау. Сұрақтарына жауап беру


«Алты телпек» әдісі

Сыныпты алты топқа бөлу

«Ақ телпек» – статистикалық (мәселеге қатысты деректерді таласссыз келтіреді)

«Сары телпек» - сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)

«Қара телпек» - сәтсіздік (оқып жатқан мәселенің сәтсіз тұсын айтады)

«Көк телпек» - аналитикалық (талдау жасайды, топтар не үшін? неге? неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» - шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамсдар айтады)

«Қызыл телпек» - сезімтал (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін айтады)



«Жүк журналы» әдісі

1-қадам: Сабақ

2-қадамТақырып бойынша болжамды «Жүк журналының сол жағына жазу»

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?

3-қадам Жұмыс жұбын құру

4-қадам Ақпаратты тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлімімен жұмыс жасап «+» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, ал екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

5-қадам:

«Жүк журналының» екі жағын салыстыру, ақпартты қосу, жазғандарын сыныппен талдауға дайындық

«Қара жәшік» әдісі

1-қадам: Қара жәшік дайындалады.

2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады.

3-қадам: Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды.

4-қадам: жасырын зат табылады.

«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі

1-қадам

Сабақтың тақыпыбы мен мақсатын ашу

2-қадам Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр оп 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады

3-қадам Әрқайсына тапсырма үлестіріледі

4-қадам топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4)

5-қадам Үй тобында мәселе талқыланады

6-қадам Белгілі бір уақыттан кейін топтағы оқушылар орнынан тұрады 1 нөмірлер көрші топқа, 2-нөмірлер 3-топқа, 3-нөмірлер 4-топқа, 4-нөмірлер 1-топқа жиналады.

7-қадам «қонақтар сұрақ қояды» сосын өз топтарына қайтады.

8-қадам 1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп , кезек—кезек қонақта не үйреніп келгендерін айтады.

9-қадам: Топ жұмыстарын өзара салыстырады

«Қатесін тап»

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

«Тыңдайтын үшбұрыштар»

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).





3 таяқша” әдісі

Берілген тақырыпқа байланысты:

  • 1 сұрақ

  • 1 жауап

  • 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

«Сұрақтар жаңбыры»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

«Коллаж әңгіме»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.





«Неге? Неге? Неге?» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да  осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың  түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.




Формативті бағалау түрлері

Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.

«Қолмен белгі беру» әдісі

Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.

  • Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

  • Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

«Өзін-өзі бағалау»

Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды.

Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.

Рисунок 1

«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.


2 жұлдыз, 1 тілек

Оқушыларды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Смайликтер

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

Шаршылар

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.


Shape3 Shape2 Shape1






«Ойды аяқта»

Бұл әдісті мен интерактивті тақтаға суретін слайд түрінде қою арқылы өткіземін. Оқушыларым сол бойынша бүгінгі сабақта не бігені туралы, өзіне қиын болған жай туралы, үйренгені туралы және сабақ барысында қолынан келген, өзі орындай алған тапсырма туралы ойын жүйелейді.

  1. Нені жақсы түсіндім?

  2. Маған не қиын болды?

  3. Келесі сабақта толығырақ түсінгім келеді..

  4. 3.Кері байланыс

Кері байланыс бутерброды

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

І) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

ІІ) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ....








Рисунок 13





Рисунок 11



«Мұғалімге хат жазу»

Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12