400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұнында қолданылатын интербелсенді әдістердің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша курс оқып жатқан әріптестеріме көмегі болар деген ниетпен жіберіп отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төлахметова Айнаш Үстемірқызы

«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» кмм

Информатика пән мұғалімі




Жаңартылған білім мазмұнында қолданылатын

интербелсенді әдістердің маңыздылығы





Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және Қазақстандық білім берудің үздіксіз тактикасын кіріктіруге бағытталған. Белсенді әдіс – тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұтымды иедеялармен алмасады. Өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі көрнекті жабдықтарды кең көлемде пайдаланады. АКТ-да оқушы білімінің, оларды оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген және күтілетін нәтижелер тұжырымдалған.

Белсенді әдіс үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және қандай жағдайда қатынас жасайтын әдістер.

Біз оқытуды және білім беруді, егер сабақ барысында мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізсе интерактивті деп айтамыз. Ең бастысы, мұндай мәселені шешу процесі өте маңызды екенін түсіну қажет. Бұл белсенді әдістің мақсаты тек ақпаратты беру ғана емес оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты.

Интерактивті негізде оқу мақсаты білу емес, үйрене білу. Өзіне деген сенімге тәрбиелейді, шешендік өнерін жетілдіреді, сыни ойлау өз ойы мен дағдыларын дамытады. Өз пікіріне деген құқығын түйсінуі.

Белсенді оқыту – әрекет пен әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасалған істер қалады. Кезінде қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту ощқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары тиімді тәсілдері ретінде танылады.

Белсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік дағды машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, жан – жақты талдап, таңдай алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- пікірталастарға қатысып, өз ойымен тікелей дәлелдеу;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.03.2019
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12