Материалдар / Жаңартылған білім заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жаңартылған білімнің көркейіп,кемелденген шағы.Білім саламызда балалардың алған үлестері жетістерге толы.Ылайым солай болғай.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Осы орайда ойымды өрнектеп, сөзімді өлеңмен жалғастырсам деп едім:

Білім жайлы бағдарлама жаңадан,

Өзгертіліп енгізілді қайтадан.

Алға қарай самғау керек қашанда,

Заман соны талап етер байқасам.

Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1. Пәннің маңыздылығы;

2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;

3. шетілділік саясатты іске асыру;

4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;

6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;

7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;

8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;

10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;

- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;

- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсер өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.















































құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. [1] Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады».

Генри Форт

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кетудің сәті шілденің 4-22 аралығында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында ШҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» атты үш апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.

Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл мен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады.Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқадым.

Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады.

Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді.

Мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді.

Оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады.

Ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп , сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр.

Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізетіндігі.

Шығармашылық –бұл адам іс-әрекетінің түрі,бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып табылатын бастауыш мектептің алатын орны ерекше, өйткені бастауыш мектеп:

1.Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды.

2.Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

3.Ұжымдық және жеке іс-әрекеттертәсілдеріне үййретеді.

Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасайды.кіші жастағы баланың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар.

Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу.Сондықтан диктант неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты неғұрлым табысты болады.Диктанттардың мынандай түрлерін өткізіп отырдым : әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік терме, графикалық, есту, бақылау диктанттары.Осы диктанттардың ішіндегі ең күрделісі –шығармашылық диктант.Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін осы шығармашылық диктантты көп қолданып жүрмін.

Мен жаңа сабақты өтпес бұрын тақырыбын проблемалық ой тудыра отырып хабарлаймын, оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады.Үнемі сұрақ қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Бұл - сабағыма жан бітіріп, шығармашылық серпіліс тудырды.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді , ертегілер мен жұмбақтарды, жаңылтпашларды, мақал-мәтелдерді де бала шығармашылығы дамитындай етіп пайдаланып отырдым.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткіздім:

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану;

4.Интерактивті тақтамен слайдтарды тиімді қолдану;

5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:

1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.

2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.

3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.

4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.

5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.

6. Шығармашылдық белсенділік артады.

Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе , жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай . Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде « ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы , сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.

Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл ата-анаға да ,оқушыға да,мұғалімге де аз қиындық болмай тұр.Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып ,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.

Жеке өз басым қаймақ қосылан бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екені белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын. Дейл Карнеги

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы аясында әзірленген осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» атты әдістемелік құрал мұғалімдер біліктілікті арттыру курсы барысында және одан кейін қолданатын негізгі оқу құралдарының бірі болып табылады. Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының мектептеріне арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген. Біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім



беру жүйесіне арналған жаңа білім беру бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені бастауыш сынып мұғалімдерінің өз сабақтарын жоспарлау мен өткізуі барысында көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге сабақты модельдеу арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік беріледі. «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасында» Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын жаңартудың өзектілігі туралы ақпаратпен таныса аласыз. Ал Нұсқаулықта бастауыш сыныптарда қолданылатын педагогикалық тәсілдер мен бағалау моделі, сондай-ақ осы теориялық материалдарды мұғалім өз тәжірибесінде қалай қолдана алатындығы туралы тәжірибелік кеңестер ұсынылған.

Бағдарламаның мақсаты:

Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер

мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;

мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-ақ, «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері анағұрлым толық қарастырылатын болады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас жасау

дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!