жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңартылған білім-заман талабы
Шымкент қаласы, №52 мектеп-лицейінің химия және биология пәні мұғалімі Менликулова Парасат Турганбековна
Жаңартылған білім-заман талабы
( Эссе)
«Ұстаздың биігі: ойлана қарасаң – биіктей береді, үңіле қарасаң – тереңдей түседі, қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң –артыңда тұрады» –деген Сократтың даналығының мағынасына тереңірек үңіліп, үлкен мән жатқанын ұғынуға болады. Адам ағзасындағы жүрекке күш қандай керек болса, мектептің оқу үдерісіне, ойы мен қиялы ұшқыр жас жеткіншектерге ғылым мен техника дамыған уақытта сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімдердің іс-тәжірибесіне жаңалық енгізуі де сондай қажет.Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де, ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»(МАН-4бет) Осы негізде Қазақстан Республикасы педогог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында және Жаңартылған білім бағдарламасы мұғалімдерді оқыту курсы оқу мен oқытуда, білім беpудегі жүйесінде жетіcпейтін қaжеттілікті тaбуға мүмкіндік берді. Деңгей бaғдapлaмaсымен және Жаңартылған білім бағдарламасымен тaныcқaн мұғалімдер -oның мәні, мaқcaты, нәтижеcі-бapлығы бaлaларғa, балаларды сындарлы ойлана білуге, шешім шығарып қорытынды жасай білуге, өз деңгейін өздері бағалап анықтай білуге, алған білімін өмірде пайдалана білуге баулуға негізделген екендігін түсініп өз тәжірибелеріне жүйелі қолдана бастады. Сабақтарда сабақ мақсатына жету үшін, мүмкіндігінше дұрыс әдіс-тәсілдер таңдап, нақты нәтижеге жетіп отыр. Мәселен «Бір минуттық эссе» жаздырғанда балалардың сабақтан алған білімдерінің негізінде керемет ойларының ұшқырлықтары әрдайым таңдандырады. Меніңше, бала еркін ойын жеткізу үшін мұғалім дұрыс әдіс-тәсіл таңдай білуі қажет. Егер сабақтың мәнін ашатындай жан-жақты мәліметтер, бейне фильмдер көрсете білсең, ашық сұрақтар арқылы жетелеп отырса, балалардың ой-өрісі кеңейіп, өз ойларын ашық , толық жеткізе білетініне көз жетткіздік. «Рөлдік ойындарда» қолда бар мүмкіндіктерді ұқсата пайдаланып, ерекше шебер әртістік қабілет танытады. «Бес жолдық өлең» тәсілін қолданған сайын оқушылардың ақындық қабілеттерінің кереметтігінен, тіпті, бірнеше шумақ өлеңдер шығарып жатады.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға-мұғалім.(МАН-8бет) Негізінен, мұғалім нәтижеге жету үшін, ең бастысы, тақырыпқа сәйке табыс критерийін дұрыс анықтап, яғни сабаққа SMART мақсат қоя біліп, сол мақсатқа жету үшін дұрыс әдіс-тәсілдер таңдай білу керек. Мұны «Жаңартылған білім бағдарламасы», «Деңгейлік» және «TKT CLIL» бойынша курстардан өткен мұғалімдер жақсы түсінеді. Әр курстан дәріс алған сайын, жаңа әдіс-тәсілдер үйреніп, оларды өз сабағында қолдану мүмкіндіктері молаяды. «TKT CLIL» , яғни химия және биология пәндеріне ағылшын тілін ендіру әдістерінде де, «Жаңартылған бағдарлама» әдістерінде де ең бастысы саралап оқыту, белсенді оқыту, критериалды бағалауға және кері байланысқа басты назар аударып, күтілетін нәтижеге дұрыс әрі ұтымды жетуге болатындығы айқын. Меніңше, мақсат сараланып берілсе, мақсатқа жету үшін тапсырмалар да сараланып беріледі, ал тапсырмалар оқушыларға белсенді жұмыс жасайтындай болса, әрі олардың білім деңгейлері кері байланыс арқылы анықталып отырса, әрбір сабақ бір-бірімен сабақтасып, оқушыларымыздың білім алуы мәжбүрсіз, ойлау деңгейі Блум токсаномиясы бойынша талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне еркін көтерілетіндігін білдік. Осы ұстанымды басшылыққа алып жұмыс жасау керектігін үйрендік, әрі сабақтарда «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ-жауап», «Өз миыңды сал», «Стоп-кадр және сұрақ», «Текспен жұмыс», «Сәйкестендіру», «Біреуі артық», «Үштік одақ», «Он сұрақ» т.б. стратегияларын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артқандығын, білім сапасының едәуір жоғарылағанына көңіліміз толып отыр. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында Шиыршықталған оқыту жүйесі арқылы оқытылуы және бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиімді болып отыр .
Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш-жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген