400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық қорытынды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апталықтың жабылу салтанаты


Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар және аяулы бастауыш сынып оқушылары. Наурыз айының 4-7 аралығында бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен « Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» атты апталығы болып өтті, сол апталығымыздың соңғы іс-шарасын өткізгіміз келіп отыр. Іс-шарамыз 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі орай болғалы тұр, мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер дегім келеді.

1. Дүбірлі той бүгін сенде мектебім,

Жарқырап тұрар бүгінің мен өткенің.

Бастауыштың апта бойы өткізген.

Іс-шарасы мәресіне жеткен күн, - дей келе кезекті 1 «А» сынып оқушысы Рысбай Айараудың «Мереке» әнін қошеметтеп қарсы алайық.



2. Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе мерекелеріңізбен құттықтай отырып, 4 «Ә» сынып оқушысы Сапаралы Аиданың сіздерге арналған «Аяулы ана» әнін тамашалаңыздар.

3. Біздің « Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» атты апталығымызда белсенді, тәжірибелі ұстаздарымызбен, олардың ізін жалғастырып жүрген білікті де, білімді ұстаздарымыз өздерінің дайындаған ашық сабақтары мен спорттық жарыстарын өткізді. Бұл ұстаздарымызға алдағы уақытта биіктерден көріне берулеріне, білімді шәкірттер ұшырып шығара берулеріне тілейміз. Осы ұстаздарымыздың құрметіне 3 «А» сынып оқушыларының дайындаған вальс биін қошеметпен қарсы алайық.


4. Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 2 «Ә» сынып оқушысы Абдулла Кәусардың орындауындағы «Қыз бала гүл» әнін тамашалаңыздар.

5. Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда флешмоб 2 «Ә» сынып оқушыларының вальс биін қарсы алыңыздар.


6. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған 3 «А» сынып оқушысы Құрманбек Ақеркенің әнін қарсы алыңыздар.



  1. 3 «Ә» сынып оқушысы Пердебай Аянаттың биін тамашалаңыздар.


  1. 3 «А» сынып оқушысы Сарсенбай Айдананың әнін қарсы алыңыздар.


  1. 2 «Ә» сынып оқушысы Жүсіп Гүлсезімнің «Папа» әнін қошеметпен қарсы алайық.



  1. 3 «А» сыныбының сіздерге дайындаған Чарьлстон биін тамашалаңыздар.


  1. 3 «Ә» сынып оқушысы Пердебай Аянат сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап өзінің «Мерекем» әнін тарту етеді.


Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі біздің « Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» атты апталығымыздың жабылуына арналған іс-шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп көп рақмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Сөз кезегі_____________________________________________________













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі