400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жаңартылған жүйе- тың бастама

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал ету керек.Оқушының ой өрісін кеңейтіп,дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда ,зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруды оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады,оң нәтиже береді Баяндамада мектепалды даярлық тобына арналған ашық сабақты қамтыдым..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған жүйе- тың бастама

Мемлекет болашағының кепілі жастарға білім мен тәрбие беру.Бұл мәселеден өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел,талантты ұлы Ахмет Байтұрсын ұлы«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» -деген. Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ .Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп,бәйгеден озып келетін заманы енді туды.Осы тұрғыда негізделген білім алушылар тың серпіліске қалыптасып жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізі мақсатының өзі білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыды ел президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім.Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ал дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі.Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең ,іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей,алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Мұндай талапқа сай қызымет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал ету керек.Оқушының ой өрісін кеңейтіп,дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда ,зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруды оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады,оң нәтиже береді .

Ұстаз үшін ең маңызды мақсат – әр сабағын түсінікті,тартымды,тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – қолдана білу. Мен жаңа сабақты өтпес бұрын тақырыбын проблемалық ой тудыра отырып хабарлаймын, оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы тақтадағы бейне сюжетті артады.Үнемі сұрақ  қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Бұл - сабағыма жан бітіріп, шығармашылық серпіліс тудырды.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді , ертегілер мен жұмбақтарды, жаңылтпашларды, мақал-мәтелдерді де бала шығармашылығы дамитындай етіп пайдаланып отырдым. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.
Мектептегі тәжірибе кезінде мектепалды даярлық тобында жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ өткізем.  Педагогикалық тәжірибемді саралай келе сыныбымда ынтымақтастықты  орнату үшін педагогикалық стратегияларды тиімді таңдап оқу және оқыту барысында пайдалану қажет деген ойды түйдім.
Сабағымның әр қадамын, әр тапсырмасын, жақсы, яғни оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында дайындадым. Мен оқушыларды сурет құрастыру, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, тәттілер арқылы топтарға бөлем. Осылайша мен сыныбымды топқа бөліп аламын . Ең алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мен психологиялық ахуал өткіздім. Жаңа сабақты түсіндірместен, сын тұрғыда ойлауға үйрету модулінің «Ой шақыру» стратегиясы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында «миға шабуыл» жасадым. Тақырып туралы бұрыңғы білетіндерін анықтап, соған сүйену жолдарын таптым осы сабақтарды  даярлау барысында   технологияның және АКТ- ның үлесі зорболды. Интербелсенді тақтадан көреді.Жеке жұмыс. жұптық жұмыс. топтық жұмыстар оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын артыра түсті. Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі - нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалдырмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды, шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады дегім келеді. Топпен бірге жұмыс істеуге тапсырмалар берген кезде, топтық жұмысқа барлығы бірдей кірісіп кеткен жоқ. Топтық жұмыстың алғашқы кезінде білім деңгейі орташа оқушыны білімі жоғары оқушы қатыстырмаған. Олардың ойын тыңдамаған. Содан кейін мен оларға топпен жұмыс ережесімен , бір бірінің ойларын тыңдау керектігін айттым. Содан кейін олар топта бір-бірін тыңдап, сыйлап, бірге жұмыс жасай бастады. Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйді байқадым. Сырттай бақылап тұрған адамға сыныпта орнаған жақсы психологиялық ахуал сезіліп тұрды. Әр сабаққа тиянақты дайындық, шеберлік қажет болды.Тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырамын. Сауат ашупәнінен Ө ө дыбысы және әріпі.
Ө-дыбысын меңгерту, Ө дыбысын ажырата білу Ө дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білу.
Күтілетін нәтиже-
Ө дыбысын ажырата білу,әріпті тану, өзіндік пікір айтуға үйренеді.Өз ойын тиянақтай біледі, нақты толық жауап береді. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, жұмыс кезеңдерінің дәйекті түрде, тізбектеле ұйымдасуы, оқыту мен оқу нәтижелерін өлшей отырып, барлық оқушыларды қамту үшін асқан шеберлікпен сынып оқушыларының жасы 5-6 аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым. 
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу мақсатында оқушыларды екі топқа бөлдім.

1-топ Дауысты дыбыстар

2-топ Дауыссыз дыбыстар

Ең алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мен психологиялық ахуалмен бастадым.Сабағымды өткен сабақтарды еске түсіру, жаңа сабақты түсіндірместен, сын тұрғыда ойлауға үйрету модулінің «Ой шақыру» стратегиясы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында «миға шабуыл» сабаққа байланысты сұрақтарын пайдаландым.Сабағымды ары қарай қызықты өткізу үшін мағынаны тану жаңа сабақтың тақырыбын ашу кезеңінде «жұмбақ»шешу арқылы сабағымның тақырыбын оқушылар өздері ашты

Мен де сабақтарымда АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыларды көзбен көретін айғақтар негізінде сыни оқытуға бағыттадым, яғни өзімнің тәжірибе барысында түрлі бейне көрсетілімдер, таныстырылымдарды қолдандым. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану - заман талабы. Жаһандану заманында АКТ-ның бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы сабақ өткізу - әрбір педагогтың міндеті. Сонымен қатар, оқушылар тақырып бойынша интернет желісінен алынған материалды пайдаланып, білімдерін толықтырып отырды. Негізінен АКТ құралдары мұғалімге сабақты қызықты өткізуге, уақытты үнемді пайдалануға және балалардың ақпарат алмасуына зор үлес қосады. 
Топтық жұмыста таныстырылым дайындау барысында сурет салуға қабілетті оқушыларды байқадым.

Сондай-ақ әр топ өздеріне берілген топтық тапсырмаларды постер арқылы қорғады.
Топпен жұмыс.
1-топ:
Ө-дыбысынан келетін сөз ойлау
2-топ: Ө-дыбысына байланысты сурет салды
Сабақтың әр кезеңі мен үшін, оқушылардың өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал ететіндей, одан әрі өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін арттыратындай етіп таңдау маңызды болды

Кері байланыс ретінде шынжырлы тізбекті пайдаландым
Топтағы әр оқушы өзінің құнды идеяларын айтып, оларды талқылап, бір шешім қабылдауына белсене қатысады, себебі топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды. , сабақтарымызда оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талант пен дарынды анықтау, оларды көшбасшы етіп тәрбиелеу заман талабы. Өз бетімен білім ала алатын, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман қалыптастыру үшін қажетті білім аламын және тәжірибе жүзінде дәлелдеймін деп сеніммен айта аламын.
Ойымды қорытындылай келе, Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып,әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі биік ел боламыз.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Ұстаз әдістемесі» газеті
2. Интернет ресурстары

3Деңгейлік бағдарлама бойынша нұсқаулық







 












































Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Жаңартылған жүйе- тың бастама



Баяндамашы : Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ташенова Т.Д























2017-2018 оқу жылы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі