400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Жаңартылған оқу мазмұны бойынша: Танымдық оқиға.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тыңдалушының портфолиосы Жусупова Гаухар Турдыгуловна Ақтау қ. «ПШО» ЖМ филиалы

В бөлімі

Танымдық оқиға

Баланың аты-жөні: Жұмажан Алихан

Күні, айы,жылы: 04.05.2015 жыл

Баланың жасы: 4 жас

Тәрбиеші: Жусупова Гаухар Турдыгуловна


«Сиқырлы құрастырғыш»

«... Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға...»

Баланы ол ойын баласы деп емес өзіммен тең тұлға деп қарау керек. Онымен бірге ойнау, онымен ой бөлісу ата-ана үшін де ұстаз үшінде аса қажет. Баланың болмысы, ішкі ой-түйсігі, неге бейімдігі оның ойын кезіндегі іс-әрекетінен көрніс береді. Сондықтан әр баланы сырттай бақылай отырып, оның неге бейімділігін, нені жақсы көріп, құмарта, беріле айналысатындығын анықтау аса қажет. Сол жолда мен бүгін өзім бақылауға алған Алиханның ойын үстіндегі іс-әрекеті арқылы оның ішкі болмысын, неге икемділігін , өз ойын жеткізе білу деңгейін нақты білгендей болдым.

Балалар, бүгін бізге «Сиқырлы құрастырғыштар» қонаққа келді. Ал, кәнекей қонағымызбен танысайық - деп балаларды ортаға жинап, топтастырдым. Балаларға құрастырғыштардан түрлі ойыншықтар, үйлер құрастыруға болатындығын айтып түсіндірдім. Осы арада құрылысшы мамандығының қыр – сырымен таныстырып, олардың жұмыстары туралы айта отырып; мысалы; құрылысшы үй салады, түрлі ғимараттар тұрғызады, мына біздің балабақшамызды осы құрылысшылар сендер үшін арнайы, әдемі, биік, жарық, жылы етіп салып берді. Олардың жұмыстары қиын да қызық.

  • Балалар, өздеріңді құрылысшымен деп елестетіп көріңіздерші.

  • Егерде сіздер құрылысшы болсаңыздар, алдарыңыздағы құрастырғыш материалдардан не құрастырып алар едіңіздер , - деп сұрақ қойғанымда,

Қойылған сұраққа Алихан ойланбастан бірден жауап берді.

  • Апай, мен Елбасының үйін құрастырамын, ол биік, әдемі, үлкен балады.

  • Жарайсың, Алихан өзің қалаған үйіңді құрастыра ғой.

  • Ол үйде сіз, анашым, әкем, апаларым, достарым тұрады.

Алихан құрастырғыштардан өз ойындағы үйді құрастырып бастап кетті. Мен үнсіз Алиханның жұмыс үстіндегі әрекетін бақылап, нәтижесін күттім. Міне, Алихан да жұмысын аяқтады.

  • Апай бұл құрастырған үйім Астана қаласында, оған біз бару үшін ұшақ керек. Оны да өзім құрастырамын.

  • Өте керемет, Алихан қанекей құрастыра ғой ұшақты.

Алихан ерекше шабыттанып ұшақ құрастыруға кірісті.

  • Ұшақтың екі қанаты болады, ол ұшу керек. Менің ұшағым үлкен, онымен бәріміз Астана қаласына ұшып барамыз.

  • Ендеше, бәріміз Астана қаласына саяхаттайтын боламыз

Алиханның құрастыруға және құрылысқа деген қызығушылығына таңданып, әрі қуанып, ата – анасымен сөйлестім. Алихан үйде қандай ойын түрлерімен және қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнататынын, қандай мамандық иелерін жақсы көретінін сұрадым.

Анасы: «Алихан көбіне құрастырғыштармен ойнағанды ұнататынын және үй салып, онда сендер тұрасыңдар деп жиі айтады» - деді.

Ата – анасымен сөйлесу, ақылдасу барысында, Алиханның күнделікті үйде ойын кезіндегі іс-әрекетін бақылап, оның жасаған нәрселері бойынша сұрақтар қойып, оған шабыт беріп отыруды өтіндім. Сонымен қатар мүмкін болса көп құрамды «Лего» топтамасын алып берулерін сұрадым. Оның құрастырған нәрселерін балабақшаға ала келулерін өтіндім.

Менің бұл тілегімді олар қуана құптады. Екі күннен кейін Алихан балабақшаға қуанышты, көтеріңкі көңіл – күйде келді. Келе сала сумкасын ашып;

  • Апай, маған анашым жаңадан «Лего» құрастырғыштарын алып берді. Мен содан машина құрастырып әкелдім.

  • Жарайсың Алихан, қазір оны достарыңа көрсетеміз, сен қалай, не құрастырғаныңды айтып бересің, келістік па?

Алихан достарына анасы алып берген «Лего» құрастырғышынан машинаны қалай құрастырғаны туралы қызыға айтып берді.





Бұл нені білдіреді?

Алиханның танымдық ойы ұшқыр екенін, өз деңгейінде ойға алған нәрсесін жасауға ынталы екендігін, ойын нақты және еркін жеткізе алатынын, сөздік қорының жақсы қалыптасып келе жатқанын білдіреді.

Мүмкіндіктері:

Озық та ұшқыр ойлы, креативті ойлуымен Алихан болашақта робото – техника, нано – технология немесе құрылыс саласында үздік маман болатынына сенім мол, үмітім айқын.

Ата-анаға арналған сұрақтар:

- Балаңыздың неге икемі бар екенін байқадыңыз ба, білесіз ба?

- Қандай ойыншықтармен ойнайды?

- Ойын барысында балаңызды бақылайсыз ба?

- Балаңызбен ой бөлісіп, жасаған ойыншықтары үшін марапат айтасыз ба?

- Балаңыздың сұрақтарына толық жауап бересіз бе?























Танымдық оқиғаға түсіндірме

Танымдық оқиғамды «Сиқырлы құрастырғыш» деген тақырыпта алдым. Бұл танымдық оқиғаны жазудағы себебім; тобымдағы Алихан атты алғыр да, зерек баланың құрастыруға деген қызығушылығы. Құрастыру - оқу қызметінде ерекше көзге түсіп, ерекше нәрселер құрастыратынын үнемі байқап жүретінмін. Еркін ойындарда үнемі құрастырғышпен ойнайтыны мені қызықтырды. Сонымен қатар Алихан өз ойын еркін жеткізе алады. Алиханның осы қасиеттерін ары қарай дамыту мақсатында ата – анасымен үнемі байланыста болып, Алиханның зеректігі, топтағы лидерлік қабілеті туралы ата-анасымен өз ойымды айта отырып, заманауи құрастырмалы ойыншықтар алып берулерін өтіндім. Ата – анасы ондай ойыншықтары бар, керек болса әлі де аламыз деп келісті. Ата – анасы баласын жаңа қырынан көргендеріне қуанды.

Менің түсінгенім түрлі тәсілдер арқылы бақылау – баланы жаңа қырынан тануға жол ашады. Осы танымдық бақылау нәтижесінде баланың көрінбей жатқан қырын ашамыз. Бақылаулар барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беру арқылы немесе ойын әрекетінде баланың танымдық – шығармашылық, жаңашыл, креативті қабілеті көрінеді, өз ойын жеткізе білу қабілеті ашылады. Осы бақылау мерзімінде мен топ тынысында , яғни серуен кезінде, іштегі түрлі ойын барысында өз ойымен бөлісіп, түрлі ойындар ұйымдастырып, лидерлік қырынан көріне білген Алиханды жаңа қырынан танығандай болдым.

Шынында мен Алиханның күн санап білсем үйренсем деген ынтасының артқанын байқадым. Ал, бала жақсыны білуге, үйренуге ұмтылса ол ата-ана мен ұстаз еңбегінің жемісі.

Алиханның үй салып, неше түрлі ғимараттар құрастыруға деген қызығушылығын әрі қарай дамыту мақсатында үнемі ата – анасымен байланыста болдым. Жеке жұмыс, көптің ішінде өзін – өзі еркін ұстау, өз ойын нақты жеткізе білуге мүмкіндік беруді мақсатыма алып, жоспарладым. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін есте ұстай отырып, Жаңартылған бағдарламаның тиімді идеяаларын енгізу арқылы креативті ойлайтын, бала үнін естей алдым. Кері байланыс арқылы баланың жан – жақты дамуына үлкен мүмкіндік туындайтынын көрдім, әрі түсіндім.

Ол үшін ең қажетті шарттар:

- Бала үнін тыңдау; - Үнемі кері байланыста болу ; - Ата – ананың баласын үнемі қолдап, оның ойын тыңдап, қолпаштап отыруы; - Балаға жан-жақты көңіл бөліп, бағыт – бағдар беріп отыру;

- Жаза емес марапат;







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2840
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі