15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған үлгілік оқу жоспарын меңгертуге жаратылыстану базалық мазмұны бойынша танымдық тәжірибе
Жаңартылған үлгілік оқу жоспарын меңгертуге жаратылыстану базалық мазмұны бойынша танымдық тәжірибе
Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса.
Үйреткеннен не пайда, қайырымды болмаса
(халық даналығы)
Айтқандай Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім берудің негізгі жүйесі үлкен жаңалықпен салмақты жауапкершілікке жүктеліп отыр. Мұның дәлелі ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттың артуы» Қазақстан халқына жолдауында біліммен ғылымды дамыту мәселелерін көтеруі. Білім берудің негізгі өзекті мәселесі жан-жақты заманауи тұлға тәрбиелеу.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «12» тамыз №499 бұйығымен бекітілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасынды «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастырумен қатар жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметі жүзеге асырылатын болады. Балалардың коммуникативтік - танымдық қабілеттерін, қоршаған ортаға қызығушылығын, табиғаттың тірі нысандарына эмпатия сезімін дамытуға бағытталған.
Мақсаты:
жаратылыстану
бойынша түсініктерін, тірі және өлі
табиғат жайлы білімдерін, танымдық
қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды
қалыптастыру; табиғатта
өзін ұстай білу ережелерімен және
қарапайым өзара байланыспен таныстыру;
тірі және өлі табиғат
объектілеріне деген ұқыпты қарым-
қатынасқа тәрбиелеу; эстетикалық
талғамды қалыптастыру, балалардың ой
- өрістерін
кеңейту.
Міндеттері:
Табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты,
тірі табиғат нысандарына жанашырлық
сезмді, қоршаған ортаға қарым – қатынасы
бойынша өз әрекетінің кейбір қарапайым
нәтижесін көре білуге жаттықтыру.
Экологиялық мәдениет негіздерін
қалыптастыру. Өлі табиғат құбылыстары
мен заттары. Табиғат құбылыстары туралы
білімді кеңейтеді. "Өлі табиғат"
ұғымымен таныстыру, өлі табиғат заттары
адам қолымен жасалған заттардан,
табиғаттағы маусымдық өзгерістерді
ажырата білуге үйрету. Табиғат туралы
қарапайым білімдерін меңгеру. Күздігүні
табиғаттағы маусымдық өзгерістерді
байқауға, айырмашылықтарын ажырата
білуге үйрету.
Өсімдіктер әлемі жайлы:
Балаларды өсімдіктердің жаңа түрлерімен (шырайгүл, барқытшөп, бальзамин) таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері;
көкөністер мен жемістер, ағаштар, бұталар туралы балалардың түсінігін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтары тануға үйрету. Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.
Жануарлар әлемі:
1) жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету;
2) жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту;
3) табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз, теңіз шошқасы) білімді жетілдіру;
4) балалармен бірге табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізуді жетілдіру.
2016 – 2017 оқу жылына біздің балабақшаға ересек топтарына 36сағат, ортаңғы топқа 36 сағат және Ікіші мен ІІкіші топтарға 36 сағаттан жүктеліп отыр
Жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларға өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары, өлі табиғат нысандары, табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға және бақылаудың нәтижелерін табиғат күн тізбегінде белгілеуге үйретеміз. Балабақшаның ауласындағы және маңайындағы өсімдіктерді, көкіністер мен жемістердің 4 – 5 түрін, ағаштар мен бұталарды атауға, айыра білулеріне жаттықтырамыз.Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге, оны айта білуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамытып отырымыз.
Жыл бойы жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде әр тақырыпқа байланысты ізденіс – эксперименттер жасалып отырды.
Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып, білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу қызметінде итермелейді. Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «Таным» білім беру саласын кезеңінен байқалады, яғни тәрбиешілер баланың оқу іс қызметіне танымдық іс-әрекетіне жуықтатуға талпыныс жасайды. Балаларды зерттеушілік әрекетке дайындау, ізденімпаздық дағдыларына үйрету; дара заңдылық пен құбылыстардың себебін, қоршаған ортадағы таным іс-әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі балалар нағыз зерттеушілер болады. Балалар эксперимент жасағанды өте жақсы көреді. Бұл оларға тән көрнекті - әрекеттік және көрнекі - бейнелік ойлауды, ал астам кішкентай эксперименттер, осы жас ерекшеліктеріне байланысты эксперименттер де, қандай да бір басқа әдістер, сәйкес келеді. Балаларға зерттеу қызметтері танымдық қызығушылықтарын оятып, баланың ойлау, шығармашылық дағдыларын, логикалық ойлау, жалпылау қызығушылықтарына көмектеседі
Топтағы зерттеу қызметінің мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі түйінді құзыреттілік, зерттеу, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Балалармен топта зерттеу қызметін ұйымдастыру кезінде біз жұмыстың келесі нысандары қолданамыз:
дидактикалық және дамытушы ойындар, жаттығулар;
эксперименттер және тәжірибелер
тірі объектілер мен құбылыстарды, табиғатты бақылау;
экскурсия және мақсаттық серуендеу;
табиғат бұрыштарында жұмыс;
еңбек тапсырмасы, әрекеттер;
2016жылдың 29 қараша күні жаратылыстанудан Мырзагалиева Ж.М. Омарова Қ.С. Ибраева Ж.Ж. Исмаилова А.Т. «Сиқыршы су» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Бұл атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізген себебінің мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2017 жылдың 24-25 қаңтар аралығындағы танымдық – тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру бойынша жаратылыстану кіші саласынан ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Осыған орай барлық топтар ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді. Ортаңғы «Жұлдыз» тобында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Тақырыбы «Ақ ұлпа қар». Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі жалпы
ізденіс –эксперименттік қызмет ретінде өтті.
Алдағы
уақытта біздің балабақша тәрбиешілері
алдарына көптеген мақсат – міндеттер
жүктеп отыр. Балалардан күтілетін
нәтижелер: таныс
материалдармен дербес эксперимент
жасай алады, себеп - салдар байланыстарын
орната біледі; жыл
құстары мен қыстайтын құстарды ажырата
біледі және атын атай алады, құстардың
пайдасы туралы біледі; Қазақстан
аумағында мекендейтін жануарлар мен
олардың төлдеріне тән белгілерді атайды
және ажыратады; "Қызыл
кітапқа" енгізілген және жойылып
кету қаупі төнген жануарларды атайды;
адамның табиғатпен
өзара әрекетінің тәуелділігі арасында
себеп - салдарлық байланысты анықтайды.
Қостанай қаласының әкімдігінің білім бөлімінің
Қостанай қаласының әкімдігінің №13 бөбекжай – бақшасы М.К.Қ.К .
Жаңартылған үлгілік оқу жоспарын меңгертуге жаратылыстану базалық мазмұны бойынша танымдық тәжірибе
Тәрбиеші: Омарова Қ.С.
Қостанай 2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген