400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балаларға арналған таңдау курс бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы .Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты






Shape2

Қарастырылды:

Әдістемелік бірлестік отырысында

_________ Б.Ханапия

« » ___ ___ ж.

Shape1

Тексерілді:

оқу ісінің меңгерушісі

_________ К.К. Оразбаева

« » ___ ___ ж.


Shape3

Бекітемін:

мектеп директорының м.а.:

______ К.К. Оразбаева

« » ___ ___ ж.











И Н Ф О Р М А Т И К А

пәнінен 5-6 сыныпқа арналған

«Компьютерлік әліппе»

таңдау курс бағдарламасы




Бағдарлама құрастырушы: информатика пәнінің мұғалімі Кенжебаева Д.Қ.
















Павлодар қ.

2019-2020 оқу жылы

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының Д.К.Кенжебаева информатика пәнінің мұғалімі құрастырған «Компьютерлік әліппе» таңдау курс бағдарламасына


ПІКІР


Ақпараттық-коммуникациялық технология компьютермен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әлі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарындайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ.

Дербес компьютерді пайдаланудың ең танымал бағыттарының бірі – компьютерлік графикамен жұмыс істеу екендігі белгілі.

Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең – қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды.

«Компьютерлік әліппе» білім беру курсы оқышылардың текстік және графикалық редакторлар, жарнамалар мен қарапайым презентациялар құру бағдарламаның көмегімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық мазмұнды мәліметтерді қамтиды.

Барлығы жоспар бойынша аптасына 1 сағат жылына 34 сағат өткізіледі.





Түсініктеме


Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.   Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ .

Дербес компьютерді пайдаланудың ең танымал бағыттарының бірі – компьютерлік графикамен жұмыс істеу  екендігі белгілі.

Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең – қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды.

«Компьютерлік әліппе» білім беру курсы оқушылардың текстік және графикалық редакторлар, жарнамалар мен қарапайым презентациялар құру бағдарламаларының көмегімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық мазмұнды мәліметтерді қамтиды.

 

Курстың негізгі мақсаттары:

  1.  Қазіргі компьютерлік технологияларды оқып үйренуге және меңгеруге деген қызығушылығын ояту;

  2. Дербес компьютердің программалық жабдықтары туралы білімдерін толықтыру, тереңдету және жүйелеу;

  3. Оқушылардың текстік, графиктік редакторлармен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

  4. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, теориялық және шығармашылықпен шабытты ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен бірге ең тиімді шешім алуға көмектесетін алгоритмдік ойлау жүйесін жетілдіру;

  5. Есте сақт ау, логикалық ойлауын дамыту, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

  6. Оқытудың электрондық бағдарламаларымен жұмыс істеуге, қосымша материалдар іздеуге және оны тиімді пайдалана білуге үйрету;


 Курсты оқып үйрену төмендегілермен қамтамасыз етілуі тиіс:

 Курстың бағдарламалық қамсыздандырылуы

  •   Windows (XP,7) операциялық жүйесі

  •      графикалық редактор Paint;

  •      текстік процессор Microsoft Office Word;

  •      баспа редакторы Microsoft Office Publisher,

  •      презентациялар редакторы Microsoft Office Power Point.

Көмекші материалдармен:

  • Методикалық және электрондық әдебиеттер.

  • Арнайы оқулықтар, журналдар, газет материалдары.

  • Интернет желісінің көздері.

Техникалық құрылғылармен:

  • Дербес компьютерлер -10.

  • Принтер – 1.

  • Сканер -1.

  • Интерактивті тақта және проектор  -1.

 

Оқушылардың іс әрекеттерінің негізгі  түрлері:

  • Компьютерде Paint, Word, PowerPoint, Publisher бағдарламаларын пайдаланып мұғалім басшылығымен практикалық жұмыстарды орындау.

  • Электрондық оқулықтармен жұмыс істеуге дағдылану.

  • Практикалық жұмыстарды  өз бетімен орындау.

  • Компьютерлік графика қолданылатын шығармашылық жобалар құру және қорғау.

 Курс бағдарламасы

Тыңдаушылар: 5 сынып оқушылары.

Курс бағдарламасы аптасына 1 сағаттан барлығы 34 сағатқа есептелген.

Сабақтың негізгі бөлігі жеке тапсырмаларды орындауға бағытталған компьютердегі жұмыс болып есептеледі.

Сонымен бірге оқушылардың физиологиялық және жас ерекшеліктері, компьютермен жұмыс істеудің гигиеналық нормалары сақталуы тиіс.

Курс  компьютерді  оқу  құралы   ретінде  оқушылардың  оқу – танымдық  қызметіне тұрақты  пайдалануын  көздейді.

Бұл  бағдарламаның  мазмұны  оқушылардың оқу  танымдық   қызметін – де  компьютерлік техниканы  еркін  пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет  материалдарды қамтиды  және  ақпараттық  технологияны  кеңінен пайдалану  жағдайындағы  оқуға  даярлайды.


 Бағдарламаның мазмұны


р/с

Негізгі материалдар мазмұны

Бөлінген сағат саны

1

Кіріспе

2 сағ.

2

Растрлық графикалық редактор Paint – пен жұмыс істеу негіздері

11 сағ.

3

Word текстік редакторіндегі графика

10 сағ.

4

Publisher бағдарламасында жарнамалар дайындау

5 сағ.

5

Мультимедиялық презентациялар құру

5 сағ.

6

Қорытынды сабақ

1 сағ.


Оқушыларының білімі мен білігіне және дағдысына қойылатын талаптар.

1.      Кіріспе (2 сағ.)

Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Компьютерлік  графиканың негізгі ұғымдары. ДК – де жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

Оқушылар нені білуі керек:

  •  информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  •  векторлық және растрлық графика айырмашылықтарын;

  •  графикалық  редакторлар мүмкіндіктерін;

  •  презентация мен жарнама құру бағдарламаларының мүмкіндіктерін;

  •  олардың қолданылу аймақтарын.

Оқушылар меңгеруі  керек:

  •  күнделікті өмірден графиканы қолданудың мысалдарын келтіре білуді.

 


2.Растрлық графикалық редактор Paint – пен жұмыс істеу негіздері (11 сағ.)

Графикалық  редактор терезесі. Инструменттер панелі, меню қатары, палитра. Суреттерді құру, сақтау және жүктеу. Үзінділерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою, өлшемін өзгерту. Жазба енгізу, суреттер енгізу және оны редакторлау. Түстік безендіру мүмкіндіктері. Симметрия, объектілерді қисайту және бұру. Мозаика көмегімен сурет салу. Тор көмегімен сурет салу,  масштабты өзгерту.

Оқушылар нені білуі керек:

  • Paint терезесінің элементтерін;

  • құралдар тақтасындағы батырмалар қызметін;

  • «Правка» менюнің мүмкіндіктерін;

  • көшіру мен киюды қай жағдайда қолдану керектігін;

  • объекті қисайту мен  симметрияны қолдану алгоритмін;

  • мозаиканы, суретті  пиксельдер көмегімен құру тәсілдерін.

Оқушылар меңгеруі  керек:

  • құралдар тақтасының батырмаларын пайдалана білуді;

  • суреттер салуды, суреттік файлды сақтауды және ашуды;

  • объектіні ерекшелеу, орын ауыстыру, көшіру, өлшемін өзгертуді;

  • қайталанатын  объектілерден сурет құрастыруды;

  • объектіні берілген бұрышқа бұруды;

  • мозаика құру және олардан суреттер құрастыруды;

  • тор көмегімен сурет салуды.

3.      Word текстік редакторіндегі графика  Word (10 сағ.)

Word текстік процессорының терезесі, текстік процессордың графикалық мұмкіндіктері, сурет салу құралдар тақтасы. Құжатқа файлдан сурет кірістіру, диаграммалар енгізу. Сызық және штрих типтерін өзгерту, құю, көлем, көлеңке. Автофигуралар панелі, автофигуралармен орындалатын операциялар. WordArt текстік  объектісі, объектіні өзгерту.

Оқушылар нені білуі керек:

 

  • кескін құруға  қажетті Word терезесінің элементтерін қолдана білуді;

  • Сурет салу панелінің батырмаларының қызметін;

  • Кескінді өзгерту мүмкіндіктерін (қисайту, бұру, құю, кескінге көлем және көлеңке қосу).

Оқушылар меңгеруі  керек:

  • Сурет салу панелінің батырмаларының көмегімен қарапайым векторлық кескіндер құруды;

  • әртүрлі сызықтар және автофигуралармен жұмыс жасуды: ерекшелеуді, орын ауыстыру, тексте орналасуын өзгертуді, топқа біріктіруді;

  • әдемі жазбалар құрастыруды.

4.      Publisher бағдарламасында жарнамалар дайындау (5 сағ.)

Microsoft Office Publisher қолданбасының терезесі, бағдарламамен жұмыс жасаудың ерекшелігі.. Жариялымдарға текст және графикалық объектілер қосу.


Оқушылар нені білуі керек:

  • бағдарлама терезесінің құрамын ;

  • баспа жариялымдарының әртүрімен жұмыс істеу ерекшеліктерін;

  • бағдарлама менюнің элементтерін.

 Оқушылар меңгеруі  керек:

  • жариялымдардың параметрлерін (түстік және шрифтік схемаларды)  өзгертуді;

  • қосымша әртүрлі графикалық объектілер енгізуді;

  • әртүрлі жариялымдар құруды (визиттік карточка, ашық хат, мақтау қағазы, жарнама, меню, т.б)

5.      Мультимедиялық презентациялар құру (5 сағ.)

Microsoft Office PowerPoint қолданбасының терезесі, панельдердің орналасу ерекшеліктері мен қызметтері, презентация дизайны, слайд макеті, анимация, слайдтар ауысуы.

Оқушылар нені білуі керек:

 PowerPoint бағдарлама терезесінің құрамын;

  • бағдарлама мүмкіндіктерін және қолданылу аймақтарын;

  • презентация құру әдістерін;

  • мультимедиялық эффектілер қосу мүмкіндіктерін.

Оқушылар меңгеруі  керек:

  • PowerPoint-ты іске қосуды және жұмысқа керекті панелдерді орнатуды;

  • өз бетімен типтік презентацияларды құруды;

  •  өз көрмелерін  жобалауды және қорғауды.

6.      Қорытынды сабақ (1 сағ.)

  • Шығармашылық жұмыстарын құру және қорғау.

Курстың тақырыптық жоспарлануы

р/с

Сабақ тақырыбы

Мерзімі

1

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасының ережелері.


2

Компьютерлік графика (векторлық және  растрлық).


3

Графикалық редактор Paint. Құралдар панелі.


4

Қалыңдықтары мен түстері әртүрлі түзу және қисық сызықтар салу.


5

Формасы, ені, түсі  әртүрлі қылқалам пайдалау.


6

Боялған және боялмаған әртүрлі фигуралар – тіктөртбұрыш, көпбұрыш, дөңгелек, элипстер тұрғызу.


7

Құю және Бүріккіш құралдарын пайдаланып суреттер салу.


8

Ерекшелеу элементтерін қолданып суреттерді жылжыту, көшіру.


9

Суреттке текст енгізу.


10

Үзіндіні бейнелеу, бұру, созу және еңкейту.


11

Дайын фотографиялармен жұмыс.


12

Жобалау жұмысын орындау.


13

Қортынды сынақ


14

Word редакторының графикалық мүмкіндіктері.


15

Сурет салу тақтасы.


16

Суреттерді файлдан енгізу.


17

Диаграмма тұрғызу.


18

Сызық типтері. Штрих типтері.


19

Құю. Көлем. Көлеңке.


20

Автофигуралар.


21

Автофигураларды қисайту , бұру, өлшемін өзгерту.


22

WordArt текстік объектісі.


23

Жобалау жұмысын орындау.


24

Publisher – мен танысу. Бағдарлама ерекшеліктері.


25

Бағдарлама терезесі.


26

Баспа жарияланымдары.


27

Жобалау жұмысын орындау.


28

Бос жарнама.


29

PowerPoint бағдарламасы-мен танысу.


30

Презентациялар  дизайны мен слайдтар макеті.


31

Слайдқа  объектілер енгізу.


32

Анимациялық эффектілер. Презентацияны көрсету.


33

Жобалау жұмысын орындау.


34

Қорытынды сабақ


Курсты оқытудың күтілетін нәтижесі:

«Компьютерлік әліппе» курсын оқу барысында оқушы алған білігі мен дағдысын болашақта графикалық кескіндерді құрастыруда, жарнамалық өнімдерді дайындауда, әртүрлі білім саласында  альбом, реферат, ғылыми жоба дайындауда қолдана алады.

Оқушы Интернет ресурстарынан тиісті сурет, картиналарды алып, оны өз қажеттеріне пайдалана және өз өнімдерін Web – құжаттарда орналастыра алады.

«Компьютерлік әліппе» курсын оқу барысында алған білігі мен дағдысы оқушының болашақта Adobe Photoshop және 3D Studio Max  тәрізді күрделі кәсіптік бағдарламалармен жұмыс жасау  шеберлігінің негізін қалайды.


 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


 1.      ҚР  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға   міндетті  стандарттары  Алматы – 2008
2.      Информатикадан  30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,  А.Б. Дәулетқұлов       Алматы  – 2004
3.      Информатика 7 оқулығы. Ермеков Н.Т. Стифутина Н.Ф. Атамұра 2012.
4.      Шелепаева А.Х., Поурочные разработки по информатике. Универсальное пособие. – М.: «Вако» 2005 год
5.      Программно-методические материалы по информатике, 1 – 11 класс,  – М.: «Дрофа», 1999 год
6.      Информатика  негіздері    № 1 – 6     2005-2012 жыл
7.      Компьютерлік  дизайн (әдістемелік құрал)  С.Т.Мұхамбетжанова, Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев
8.      Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Учебное пособие. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.
9.      Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Практикум. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.

Интернет Ресурстары:

  • http://www.rusedu.info – Білім берудегі  ИКТ

  • http://www.orakul.spb.ru – “Азбука PC” – үйренушілерге арналған.

  • http://www.syrtsovasv.narod.ru – “Информатика” бөлімі – мұғалімге арналған материалдар

  • http://metodist.lbz.ru/avt_masterskaya_BosovaLL.html – мұғалімге арналған материалдар









Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

р/с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

5ә

5б

6ә

1

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасының ережелері.

1




2

Компьютерлік графика (векторлық және  растрлық).

1




3

Графикалық редактор Paint. Құралдар панелі.

1




4

Қалыңдықтары мен түстері әртүрлі түзу және қисық сызықтар салу.

1




5

Формасы, ені, түсі  әртүрлі қылқалам пайдалау.

1




6

Боялған және боялмаған әртүрлі фигуралар – тіктөртбұрыш, көпбұрыш, дөңгелек, элипстер тұрғызу.

1

1




7

Құю және Бүріккіш құралдарын пайдаланып суреттер салу.

1




8

Ерекшелеу элементтерін қолданып суреттерді жылжыту, көшіру.

1




9

Суреттке текст енгізу.

1




10

Үзіндіні бейнелеу, бұру, созу және еңкейту.

1




11

Дайын фотографиялармен жұмыс.

1




12

Жобалау жұмысын орындау.

1




13

Қортынды сынақ

1




14

Word редакторының графикалық мүмкіндіктері.

1




15

Сурет салу тақтасы.

1




16

Суреттерді файлдан енгізу.

1




17

Диаграмма тұрғызу.

1




18

Сызық типтері. Штрих типтері.

1




19

Құю. Көлем. Көлеңке.

1




20

Автофигуралар.

1




21

Автофигураларды қисайту , бұру, өлшемін өзгерту.

1




22

WordArt текстік объектісі.

1




23

Жобалау жұмысын орындау.

1




24

Publisher – мен танысу. Бағдарлама ерекшеліктері.

1




25

Бағдарлама терезесі.

1




26

Баспа жарияланымдары.

1




27

Жобалау жұмысын орындау.

1




28

Бос жарнама.

1




29

PowerPoint бағдарламасы-мен танысу.

1




30

Презентациялар  дизайны мен слайдтар макеті.

1




31

Слайдқа  объектілер енгізу.

1




32

Анимациялық эффектілер. Презентацияны көрсету.

1




33

Жобалау жұмысын орындау.

1




34

Қорытынды сабақ

1













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 сәуір
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі