400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңаша әдіс-тәсілдер бойынша шеберлік сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдер бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш

Семеева Лаура Дыбырқызы

Жұмыс өтілі: 20 жыл

Жұмыс орны: Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты: жоғары



еберлік сыныбы










Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер»

Шеберлік сыныптың мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер туралы ой бөлісу

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: презентация, флипчарт, маркер, стикер, бағалау парақшалары, смайликтер

Шеберлік сынып барысы:

  • Топқа бөлу

Білім - , ұстаз – білім -ы,

Құпия зат сыр сандықта болады.

- бала, -ін тауып аша алсаң,

Өміріне азық болар білім нәрі қонады.


Кітап, сандық, қалам, кілт суреттерін таңдатып, сол арқылы топтарға біріктіру.

  • Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру.Мұғалімдерге алған суреттеріне байланысты түсініктемелер беріп, көңіл-күйлерін көтеру.

  • Слайд арқылы және көрнекі құралдардың көмегімен тәжірибеммен бөлісу

  • Топтық жұмыс

  • Рефлексия

Шеберлік сынып мазмұны:

Жұмыс кезеңі:


Кезеңнің мазмұны

Қатысушылар-дың іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар


Кітап, сандық, қалам, кілт суреттерін таңдатып, сол арқылы топтарға біріктіру.


Білім - кітап, ұстаз – білім қаламы,

Құпия зат сыр сандықта болады.

Сандық - бала, кілтін тауып аша алсаң,

Өміріне азық болар білім нәрі қонады.



Мұғалімдер өздері қалаған суреттерді алады,сол арқылы топтарға бөлінеді

3 минут

Кітап, сандық, қалам, кілт суреттері

Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру


Мұғалімдерге алған суреттеріне байланысты түсініктемелер беріп, көңіл-күйлерін көтеру.

Бірлесіп слайдты көреді

5 минут

слайд

Слайд арқылы және көрнекі құралдардың көмегімен тәжірибемен бөлісу


Сабақтарымда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер және олардың тиімділігі туралы айту, көрсету

Слайдтан өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады

10 мин








Слайд, көрнекіліктер







Топтық жұмыс

«Маған айтшы - мен ұмытып қаламын;


Маған көрсетші- менің есімде қалады;


Өзіме істетші - мен сонда түсінемін»

 

Мәтін таратылады. Қатысушылар мәтінді оқып, әр түрлі тапсырмаларды орындайды.




1-топ. «Галерея» әдісі арқылы мәтін бойынша көрмеге ілінетін тірек сөздерді дайындайды.


2-топ. «ПОПС» формуласын толтырады.


3-топ. «РАФТ» стратегиясы бойынша кейіпкер атынан(шәкірт) хат жазады.


4-топ. «Қарлы кесек» әдісі бойынша сұрақтар дайындайды.

7 мин


«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы 2-топ жұмысына кері байланыс береді


«Басбармақ» әдісі арқылы 3-топ жұмысына кері байланыс береді


«Блоб ағашы»

арқылы 4-топ жұмысына кері байланыс береді




«Көршіңе 1 пікір таңдаңыз» әдісі арқылы 1-топ жұмысына кері байланыс береді


Әр топқа қорғауға 2 минут, өзара кері байланыс беруге 2мин

Мәтін


Ақ қағаздар


Маркер, стикер,


«ПОПС» формуласы


Қайшы


Суретті көрнекіліктер



РЕФЛЕКСИЯ: «Шеңбердегі доп» әдісі (4 мин)

Қорытынды: «Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес,пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етіпті» Я.А.Каменский.

Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық!





















Мұғалімдерге берілетін мәтін

«Жыртық аяқ киім»

Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:

– Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай абдырап, сасқалақтағанын қызықтайық, – дейді. Сонда ұстазы:

– Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, – дейді.
Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Содан соң екеуі жақын тұрған ағаштың артына жасырынып, бақылауды бастайды.

Сәлден соң жүзі әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмайды. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті.

Жасаураған жүзін аспанға көтеріп дауыстап сөйлей бастады: «Я, Раббым! Сен менің хәлімді өзімнен артық Білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш екенінінен хабардарсың. Бәрімізді басқа түскен нәубеттен құтқардың. Шүкір, шүкір…». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіреді.

Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленеді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:

– Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді. Шәкірті:

– Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! «Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім, – деп жауап қатты.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1037
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі