400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жазу мен оқуға бейімділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жазу мен оқуға бейімділігін арттырудың тиімділігі бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе

Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жазу мен оқуға бейімділігін арттыру


Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш сатысы – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.

Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
  Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Бастауыш сынып оқушыларын жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы, т. б.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.)
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Үйрену процесі - бұрынғы мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпарат пен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Ой шақыру», «Ой қозғау», «Топтастыру», т.б. әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсендігін арттыру. Өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

  Ой толғаныс әдісі - дегеніміз өздігінен жұмыс жасау, өз ойларын, алған білімдерін өз сөздерімен айта алу, бір-бірімен ой алмастыру, ой қорыту. Жұмыс түрлері: эссе, шағын шығарма, ашық хат, монолог, диалог, кластер құрастыру. Ой қозғау — қызығушылықты ояту, белсенділікке баулу, бір мәселеге сын тұрғысынан қарау шеңберін кеңейту, өз ойын тұжырымдауға, басқаның көзқарасын сыйлауға үйрету.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі «INSERT» (түртіп алу жүйесі). Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

білгінін, үйренгенін және таңқалғанын қысқаша жазып толтырады.


INSERT кестесі

Білдім

Үйрендім

Таңқалдым







Кубизм әдісі - тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Мұнда ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы:

1. Суреттеңіз

2. Салыстырыңыз.

3. Қолданыңыз

4. Зерттеңіз

5. Не елестейді?

6. Талқылаңыз

Берілген тақырып бойынша осы процестің бәрінен өткізіп, 2-4 минут жазады. Кубиктің алты қырына жете түсінік беріледі. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған бірде-бір ереже жоқ. Бір ғана мақсат ол аса ұтымды талдап, ой алмасып, ретімен жүргізіп отыру керек.

Бес жолды өлең:

Бірінші тармақ – негізгі ойға байланысты зат есім; 
Екінші тармақ – негізгі ойға байланысты сын есім; 
Үшінші тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік; 
Төртінші тармақ – тақырыпқа байланысты етістік; 
Бесінші тармақ – сөйлем құрау. 

Сондай - ақ тіл дамыту сабақтарында ойнатылатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра!», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал!» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты «Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.
- Бір жылда неше ай бар?
- Қандай жыл мезгілдерін білесің?
- Жайлау табиғаты қандай? т. б.
Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күздің ерекшеліктерін табу. Оқушылар топ бойынша: 1 - топ – күз ерекшеліктерін, 2 - топ – күздегі еңбек, 3 - топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.
Оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінде танымдық қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапхана ұйымдастыру және оқушылардың кітапты оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады. Осылай оқушылардың әдебиеттік оқу пәніне ықыласы артып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
- тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу;
- суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту;
- жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу;
- топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. Мысалы: «Арыстан мен түлкі» ертегісінде арыстан мен түлкінің және тағы да басқа аңдардың іс - әрекеттерін талдап, соған байланысты мақал - мәтелдер айтқызу және оларды оқушыларға мән мағынасын ашып талдату. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатыны сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
- Жылдың бесінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Көз адамға не үшін керек?
- 685 пен 687 арасында қандай сан бар?
- «Есік» қандай геометриялық фигураға жатады?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырып, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:
- Балаларға ойдан математикалық ертегі құрастыруға тапсырмалар беру.
- Қиялдау арқылы сурет салғызу.
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделіленіп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:
1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12 км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12 км)
2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық).
3. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Дүниетану сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз.

Мысалы: Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей топтастырып құрастырады:
Shape1

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім:
І топ – эссе жазады «Су – тіршілік көзі»
ІІ топ – сурет салады
ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең»
Эссе «Су – тіршілік көзі»
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
- «Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпты өткенде ертегі құрастыртуға болады.
Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді. Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өтілген сабақтарымыздан үзінді келтіріп, кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.























Пәні: қазақ тілі

Ы.Алтынсарин атындағы негізгі

орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: С.Торғай

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Сан есім

Сабақтың негізделген оқу мақсаты:

1) Сан есім туралы толық түсінік беру,жаттығулар орындау арқылы сан есімдерді табу.

2) Шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын,тіл байлықтарын дамыту.

3)Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы








Психологиялық дайындық.

Күн нұрымен ерте тұрамыз,

Мектепке күнде барамыз.

Жақсы оқып сабақты,

Білімге білім қосамыз.

Қазақ тілі сабағына

Белсене қатысамыз.

Бәрін дұрыс орындап,

5 пен 4-ті аламыз!

Оқушыларды топқа бөлу. Тақ сандар мен жұп сандарды атау арқылы екі топқа бөлінеді.

АКТ










сандар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыпты қорытынды-лау.

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.

Өтілген сабақты пысықтау. «Бәйге» ойынын ойнату арқылы сұрақтар қою. Слайдпен жұмыс.

АКТ

Ортасы

Жаңа сабақ:


































Екі топқа тапсырмалар беру.

Бірінші топ: сөзжұмбақ шешеді.

  1. Апта күні

  2. Балалар ойнайтын зат.

  3. Қасиетті тағам.

  4. Үй жануары.

  5. Уақытты көрсететін зат.

  6. Сүттен жасалған тағам.

  7. Білім беретін орын.

Екінші топ: Жұмбақтың шешімін табады.

1.Сөз табының ортасында тұрамын,

Білесіңдер қанша? неше? нешінші? деген сұрағым.

Сөйлемде сан иесі боламын,

Зат есіммен көркейемін, толамын.(сан есім)

2.Сын есіммен көршілес,

Санаудан бір сәт ерінбес.

Бұл қай сөз табы?(сан есім)

Міне балалар,біз сөзжұмбақтарды шешу арқылы қандай сөз шығардық?

Сан есім.

Олай болса,бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім»

Оқулықпен жұмыс

9-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.Сан есімдерді байланысты сөзімен қоса теріп жаз.

10-жаттығу. Топтық жұмыс.Екі топтың мүшелері жұмбақтарды оқып,шешуін табады.

-Сан есімдерді тауып,оларға сұрақ қою.

-Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

-Жұмбақтағы бес,бесеуі сөздерін салыстырып,мағыналарындағы өзгешелікті түсіндір.

11- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.Олардың қай сөз табы екенін айт.

Сергіту сәті.

12-жаттығу.Топтық жұмыс. Ребусты шешіп,мақалдың мәнін түсіндір.

13-жаттығу.Жұптық жұмыс. Көп нүктенің орнына сан есім қойып, жаз.

Сан есім сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?

14-жаттығу. Жұптық жұмыс. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.

15-жаттығу.Топтық жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып, жаз.

Видеоролик көрсету санға қатысты.

Қазақ тілі сандармен байланысты. Саны бар атаулар өте көп. Қазақтарда қандай сандар қасиетті болып саналады екен? /3,4,5,7,9, 13 сандарына байланысты ұғымдарға тоқталып өтейікші.           

  • 3 саны туралы
    Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай.
    Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
    Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
    Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
    Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
    4 саны туралы
    Төрт тұлға: от, су, жер, жел.
    Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз.
    5 саны туралы
    Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық.
    Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
    Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан.
    Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.
    Бес жаман мен бес асыл:
    Бес нәрседен қашық бол,
    Бес нәрсеге асық бол.
    Адам болам десеңіз,
    Өсек, өтірік, мақтаншақ.
    Еріншек, бекер мал шашпақ,
    Бес дұшпаның білсеңіз.
    Талап, еңбек, терең ой,
    Қанағат, рақым ойлап қой.
    Бес асыл іс көнсеңіз.
    7 саны туралы

Жеті санына байланысты асыл сөздер:
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына:
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада тамақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
1. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан пісіріп, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.
3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.
Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз дейді.
4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.
5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетілік садақасын береді.

13 саны туралы

Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
Сандарға қатысты мақал- мәтелдер айту.

Постер







АКТ












Дәптермен жұмыс


АКТ

Оқулық

Кеспе қағаздар


АКТ

Кеспе қағаздар


АКТ




АКТ

























Соңы











Сабақты бекіту:Семантикалық картамен жұмыс.

Сабақтың қорытындылау:

Рефлекcия:

-Сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? Не білдіңдер?

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.

Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

Үйге тапсырма беру: 16- жаттығу. Ол қай сан?

-«Біздің сынып » тақырыбында сан есімдерді қатыстырып, эссе жазу.

Оқушыларды бағалау:






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі