400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жаңаша әдіс-тәсілдің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге пайдасы болады. Жаңа әдіс -тәсілдерді сабақта қолдануға болатындығы жөнінде шебер сынып жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты әдебиеттік оқу

Уақыты:


Шебер сыныптың тақырыбы

«Жаңаша әдіс-тәсілдердің тиімділігі»

Пән мұғалімі

Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Онор Айжан, ІІІ деңгей

Сілтемелер

Мұғалімге арналған нұсқаулық. Жоспар.

Шебер сыныптың мақсаты

Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыруға бағыттау

Оқытудың нәтижесі:

Шебер сынып соңында әр мұғалім қолдану жолдарын түсінеді, бағыт алады.

Күтілетін нәтиже Білу.


Әр мұғалім жаңа әдіс-тәсілдер туралы білімдерін толықтырады.
• Қолдану, түсіну және талдау:
жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, өз ойын ашық айта отырып өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.

Шебер сыныптың әдіс - тәсілдері

АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Ресурстар н/е құрал - жабдықтар

Маркерлер, қалпақтар, қаламдар, стикерлер т.б.

Тренинг

Пойыз жүрісі. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. 1санын алған топ- алақанды екі, аяқты бір соғады.

2 санын алған топ- алақанды бір соғып, аяқты екі соғады.

Топқа бөліну

Топқа түс арқылы бөлінеді.



Мағынаны тану

Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: 
1. Топпен жұмыс 
2. Оқу пікір сайысы 
3. Сократтық диалогтар 
4. Ойындық жобалау 
5. Ми шабуылы 
6. Пікірталас 
7. Дөңгелек үстел 

Сергіту сәті

«Тыйым салынған сөз» жаттығуы

Сұрақ қойылады, ал балалар жауап береді. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ алдын ала айтылған сөзді айтуға тыйым салынады, мысалы, «жоқ» сөзі.

Сен ас үйде ұйықтайсың ба?

Қар жасыл ма?

Сен ұша аласың ба?

Сен Марс планетасында болдың ба?

Сен тәттілерді жақсы көресің бе?

Сен компьютерлерді жөндей аласың ба?

Қыста жиі жаңбыр жауа ма?

Сен жазда коньки тебесің бе?

Ой толғаныс

Мына видеороликтен бүгінгі семинарымыздың тақырыбымен тікелей байланысты екенін байқаған шығарсыздар.

Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін кез келген мұғалім өз сабақтарында тиімді қолдана біледі. Оның жарқын дәлелі ретінде алдарыңызда тұрмын.Өзім жиі қолданатын стратегияларым «Әдеби үйірме», «Сұқ саусақ», «Ыстық орындық» стратегиясы т.б. Мен сіздермен осындай жаңа әдіс-тәсілдердің бірнеше түрімен бөлісейін.

Әдеби үйірмеде: Оқушыларды мынандай топтарға бөлеміз.

1. Баяндаушы топ- оқыған әңгіменің мазмұнын баяндап айтып береді.

2. Сұрақ құрастырушы топ. Әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақтар құрастырады.

3. Бейнелеуші топ- әңгіменің мазмұнан сипаттап, суреттеп береді (ауызша да , суретпен бірін таңдауға болады)

4. Зерттеуші топ- әңгіменің негізгі түйінін, негізгі ойды табады.

5. Дәнекер топ- әңгіменің мазмұнын өмірмен байланыстырады.

«Сұқ саусақ» стратегиясы оқушыларға ізденуге тапсырмалар бергенде, сұрақтар дайындатамыз. Сол сәтте қарсылас дайындап алу үшін қолданылады. Сұқ саусақ қай топқа бағытталса сол топ жауап береді.

Осы екі әдісті бірге қолданып көрейік.

Ең жақын адамың кім? Ол ана. Ендеше анамен хабарласатын уақыт жоқ қазір өз аналарыңызға хат жазыңыздар. Хат жазады. Қабырғаға қарап оқиды.

Сонымен «Ана» тақырыбына әр топ өздеріне тиесілі міндеттерін басшылыққа ала отырып жан-жақты талықлап береді.

Кері байланыс




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі