жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңаша ойлау, ізденіспен әрекет ету- бүгінгі күн талабы
Жаңаша ойлау, ізденіспен әрекет ету- бүгінгі күн талабы
Жас ұрпаққа білімді өз дәрежесінде , заманның талабы бойынша үйрету ұстаздың міндеті.Ал ұстаз білімді шәкіртке қалай жеткізу керектігін өз шеберлігі арқылы жасайды.Дегенмен қазіргі жастардың ой кеңістігі төмен деп айта алмаймыз.Себебі, оларда күнделікті өмірде ойлау, көру мен есту, тыңдау қабілеттеріне ақпараттың шабуылы көп.Мысалы, телевизор, радио, газет, журнал, интернет т.б.
Осы арада жас ұрпақтың ой кеңістігіне жасалып жатқан шабуылдан қорғануды үйретуші ол ұстаз.Сондықтан ұстаз ақпараттың тек керегін алып, оны қалай қолдану керек екендігіне бағыт-бағдар ұсынуы қажет.Осы тұста ұстаз инновациялық әдістерді қолданғаны жөн. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің де жасап жатқан әрекеттері жетерлік.Еліміздегі әлеуметтік –экономикалық даму білім саласына да үлкен әсерін тигізіп отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында еліміздің кемел келешекке жету жолындағы ізгі қадамы рухани жаңғыру екендігі терең әрә жан-жақты талданып көрсетілді.Бұл бағытта педогогикалықбілім ордаларының атқарар рөлі ұшан-теңіз.Өйткені, ұстаз- бірінші кезекте саналы азамат қалыптастыратын бірден-бір маман иесі.Демек, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ең қажетті әлеует –білікті маман.
Жастары жалын жүректі, өршіл намысты , биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады, бүгінде егемен еліміздің басты мақсаты-рухы биік, намысы жоғары ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу екендігі белгілі.
Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр.Сапаны көтеруге , өз бетінше шығармашылық құзыреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: үздіксіз білім беруге көшу, құзырлылыққа негізделген білім, жаңа ақпараттық озық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы, актуальандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру, білім берудегі инновациялық әдістер.
Педогогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді.Білім беру мазмұны дегеніміз- жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы,іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру.Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады.
Қазіргі кезде оқыту процесін ұйымдастыруда жаңа үлгілер ұсынылуда, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта қолдану тың қадамдар жасалынуда. Мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндет – ол оқушыға тиянақты білім беру, білікті ұрпақ тәрбиелеу.Ол үшін мұғалімдер , әрине оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдануы керек. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны құмар етіп шығару үшін мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ізденісін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Білім ошағында қазіргі таңда теориялық және практкалық сабақтарда әртүрлі технология қолданып келеді.А.Я.Савельев, В.М.Максимов, Г.К.Селевко және т.б. ғалымдаринновациялық технологиялардың нақтылы жүйелері мен жіктелуі жайлы өз пікірлерін білдірді.Деңгейлеп оқыту технологиясын Ж.А.Қараев, жүйелік негізде оқыту технологиясын Т.Т.Ғалиев, шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясын Қ.А.Әбдіғалиев пен Н.Н.Нұрахметов, блоктық-модульдік технологияны М.Жанпейісова өз еңбектерінде баяндаған.Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
- Оқу үрдісін қарқынды етуді жаппай қолға -оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.Оның ғылыми-әдістемелік , оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау
-жаңа буын оқулықтарын мазмұнын зерттей білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеруарқылы оушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу.
-оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу
Қазіргі техниканың қарқында дамуы кезінде оқу-тәрбие үрдістерін ізгілендіру-өзін-өзі дамытып отыратын бәсекеге қабілетті, жоғары сауатты шығармашыл тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.Мектепте мұғалім оқушының арасындағы қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқыл оқушының ойлау белсенділігін арттыруға олардың жаңалық ашуға ұмтылып, іздену арқылы жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдей алатындай интегративтік әдісті пайдалануға болады.Мұнда оқушының оқу біліктілігімен қатар ойлауы, өзара қарым-қатынасы және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Келесі бір проблема ол бүгінгі шәкірттері бұйыру , мәжбүрлеу және істеткізу әдістері мен сабақ жүргізу нәтижесінің төмендігінде, яғни жас ұрпақ ұстаздың айтуымен жұмыс істегісі келмейді. Бұл жерде оқушылардың білім деңгейіне аса үлкен мән беру қажет. Бұл дегеніміз бұрынғы әдіс бойынша топты үш деңгейге бөлетінбіз: біріншісі «алғырлар», екіншісі «белсенділер»- ынталылар, үшіншісі «қанағаттанарлықтар»- кеш қабылдаушылар.
Ал, қазір бұл әдіс өзінің ескіргенін күннен күнге дәлелдеп отыр.Енді қандай әдс ыңғайлы? Бүгінгі таңда жаңа инновацияның ролі ол оқушының өзі ізденіп оқуы тиіс.Ал оны ұстаз үйрету керек.
Осы тұста менің айтар ұсынысым, біріншіден, білімгерге сабақты ойын түрінде беріпқызықтыру әдісін қолдану, яғни тақырыпты оңай етіп көрсету. Екіншіден, білімгерге міндет жүктеу,яғни оның қатысуынсыз мәселе шешілмейтіндей етіп көрсету.Үшіншіден, әр тақырыпта патриоттық сезімді ояту, яғни сол тақырыпқа байланысты білімгердің еліне , халқына , жанұясына немесе өз басына қажетті екенін , қоғам одан оысыны күтіп отырғанын ұғындыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 12-сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.Жаңа тұрпатты жаңғырудыңең басты шарты- сол ұлттық кодыңды сақтай білу.Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Рухани жаңғыру- тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Елбасы қазақстандықтың санасын жаңғырудың бірнеше бағытын атап көрсеткен олар: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның рефолюциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
Өскелең ұрпақты білімді , тәртіпті, отансүйгіш азамат етіп өсірудің тағы бір міндеті ол ұлтжандылық.Біз көп жағдайда басқа ел мен басқа ұлт тәрбиесін мадақ тұтамыз,қазақи ұлттық байлықтарымызды, тәлім-тәрбиемізді насихаттауды білмейміз.
Ал ұстаз оны үнемі бақылауда ұстап тек бағыт беріп, соңғы нәтжесіне жетуге көмектесу керек.Сонда білімгер өзі еңбектенеді., өзі ізденеді, өзінің көзі жетеді және өзін –өзі бағалау дәрежесіне дейін жетеді. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгіз» «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Олай болса сабақты өткізу кезінде қандай инновациялық әдістер қолдануға болады.
Бұрынғы тәсіл бойынша лекция сабағында оқытушы баяндау, ал оқушы жазу, тыңдау тәртібімен өтілетін. Бүгінгі таңда ол білімгерлерді қызықтырмайтыны көрініп жүр.
Сол себептен тақырыпты алдын ала электронды дәптерге жасап, оны кітапхананың электронды порталына қосып кою қажет. Тақырыпты өтпес бұрыс білімгерлерге тақырыптың кітапхана порталында бар екенін және сол тақырып бойынша бүгінгі таңда өмірде болып жатқан қызықты бір- екі сұрақтар қою керек.Оларға сол проблемаларды шешу жолдарын жүктеп қойсаңыз олар өз ойларын айтқысы келеді.Әлбетте олар тақырыпты оқып , сұрақтарын дайындап келеді.Міне бұл екіжақты сұрақ алмасумен тақырып ұғымды және бірден талданады.
Енді тәжірибе сабақтарын жүргізу , біз топқа бір есепті неесе бір саладағы кәсіпорынды алатынбыз.Олар барлығы бір есепті шығарады, бір құжатты рәсімдейді.Бұл жерде алғырлар тапсырманы бірден орын дайды, қанағаттанарлықтар кеш бітеді немесе аяқтай алмай қалады..Сондықтап топты ұжымдастыру қажет.Бұл біріншіден, топтық жауапкершілікке, екіншіден бір-бірімен тәжірибе алмасуға, үшіншіден, әр білімгерді болашақ маман ретінде қалыптасуына тәрбиелейді және үйретеді.
Білімгерлер еліміздің әрбір саласының мамандары болғандықтан жарғылық қор, меншік, жауапты қызметкер, құнды қағаз, банк, қаржы, несие, инвестор, бюджет деген ұғымдардан хабардар болады да әрқайсысы өз рөлін жақсы орындауға тырысады.
Яғни лекция сабағанда естіді, жазды, көрді. Ал тәжірибе сабағанда есептейді , рәсімдейді , талдайды.
Міне білімерлер білімді үйретудегі есту , көру , істеу кезеңдерінің үшеуі орындалып отыр.Білімгер өз құлағымен естіді,өз көзімен көрді, өз қолымен істеді.
Ал талдау екі рет қайталанып отыр. Бұл дегеніміз тексер –қайта тексер деген оқытушының қағидасының орындалғанын көрсетеді.Бұл әдістен нені байаймыз? Яғни білімгерге ой тастау, кітапханада жұмыс істету, оны тәжірибеде пысықтату, ал оқытушының мақсаты осыны бақылау.
Білімгер алған білімінің 50 пайызын жасау керек, сонда ол болашақ мамандығына дағдыланады және маман ретінде қалыптасады.Енді ол әдістердің тиімділігінтексеретін тағы бір тәсіл ол- білімгерлерді үнемі әрбір бөлімдер біткен сайын үздіксіз тестілеп отыру.
Алғашқы тестілек басталғанда шынымен үрке қарағанбыз.Бұл тестілеу жатттандылықты ұлғайтады, әр пән бойынша100-200 сұрақты жаттау білімгерлерге ауыр тиеді дегеніміз де рас. Бірақ соңғы жылдардағы тәжірибелер өз нәтижесін бере бастады.Тестілеуді модуль түрінде жүргізу білімгердің білімін бағалауға да, сабақты жүргізуге де ыңғайлы.Алғашқы модуль сұрағы 40-тан басталса, 5-6- шы модульда 200-дің үстінде сұрақтар қарастырылады.Бұл модульдерден өткен соң білімгерлер емтиханға психологиялық тұрғыдан және пәнді меңгеру тұрғысынан да дайындалып барады. Бүгінгі жаһандану заманында қай ұлт болса да биіктерге көтерілгісі келеді.Олай болса елінің дамуы, өркендеуі, өсуі оқытушылардың ықпалында.Себебі біз неғұрлым бәсекеге қабілетті білімгер дайындасақ, соғұрлым бәсекеге қабілетті мамандар шығады.
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар- ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды XXI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
Шығыс ғұламасы Аль-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген. Олай болса жас мамандарымызды отансүйгіштік, ұлтжандылық, елдің , жердің егесі солар екендігін, елдің, жердің қорғанышы солар екендігі туралы түсінік ұғым қалыптастыру керек.Әрбір істерінде қазақи дәстүр, қазақи иіс аңқып тұруы керек деп ойлаймын.
Жамбыл политехникалық колледжінің
бөлім меңгерушісі Г.Ж.Унетаева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген