15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңаша оқыту - заман талабы
Төлешова Гүлмира Болатқызы
Еңбешіқазақ ауданы, «Рахат ауылдық округі
№ 1 орта мектебі»КММ
Toley_1967kz@mail.ru 8 707 141 46 67
Жаңаша оқыту – заман талабы
Бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесі жаңа бағытқа бет бұрып, жаңаша мазмұнға ие болды. Жаңартылған білім мазмұнының мақсаты – баланың алған ақпаратын жүйелей алуы үшін функционалдық сауаттылықты дамыту. Педагог Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірінің қанша уақыт өтсе де өзектілігі жойылған жоқ. Әрбір пәннің өзіндік қажеттілігі, ерекшелігі барын ескерсек, пән мұғалімдерінің де тәжірибесінде өзгеріс болуы керек. «Өзгеріс боларына сену керек, қиынды тек жігермен жеңу керек» деп Абай ақын айтқандай, болып жатқан өзгерісті қабылдап, дәстүрден шығып, жаңаша оқытуды игеру керек, себебі бұл - заман талабы. Заман көшіне ілесіп,біз, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері де, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша Талдықорған қаласында 4 апталық курстан өтіп, жаңартылған бағдарламаның қыр-сырына қанығып, өз білімімізді жетілдіріп қайттық. Аталмыш бағдарлама спиральдік қағидатқа негізделген. Оған оқу мақсаттарын талқылау барысында көз жеткіздік. Енді осы курс барысында не үйрендік, не білдік, не өзгерді, нені өзгерттік,мектебімізге келіп үйренгенімізді қалай қолдандық, қарастырып көрейік.
Біріншіден, сабақты жоспарлау, оқу мақсатынан сараланған сабақ мақсатын шығару, яғни, үлгілі сабақ жоспарын жасап үйрендік.
Екіншіден, критериалды бағалау, оны жүзеге асыру жолдарын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндік.
Үшіншіден, оқу мақсатына жету үшін белсенді оқу әдістерін сұрыптауды, графикалық органайзерлерді тиімді пайдалануды білдік.
Оған себеп болған -курста жүргізілген жұмыстар. Біз курс барысында жеке, жұптық, топтық жұмыс жасап, тренеріміз Гүлшат Бейсенбекқызы ұсынған тапсырманы бір-бірімізбен талдап, талқылап, зерделедік. Теориялық білім алып, оны қолдану жолдарын меңгеріп, рефлексия жасадық. Оқушы бейнесіне еніп, оқу мақсатына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып,бірлесе жұмыс жасадық. Оқыту барысында кездесетін кедергілерді жою жолдарын қарастырдық. Үлгілі қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап, ықшам сабақ өтіп, тренеріміз бен әріптестерден кері байланыс алып, тәжірибе алмастық. Осы курста алған білімімізді келесі оқу жылында тәжірибеде қолданып, жаңа бағдарлама аясында жұмыс жүргізбекші боп,тәжірибемізге өзгеріс енгізіп, жаңартылған бағдарлама негіздерін жалықпай түсіндіріп, топтық жұмыс барысында жұмыс жасатып,біліктілігімізді жетілдіруде көп еңбек сіңіріп жатқан тренеріміз Гүлшат Бейсенбекқызына алғысымызды айтып, өз үйімізге тарастық. Міне, содан бері үш тоқсанды да бітірдік. Үйренгенімізді тәжірибемізге қолданып, әлі де іздену үстіндеміз. Шыны керек, әр сабақ мақсатқа бағытталғандықтан, нәтиже бар. Әр бөлімде алған білімдерінің нәтижесін бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарынан көреміз. Енді қандай қиындық болып жатыр, осыған тоқталайын. Мұғалімдер үшін ең басты қиындық - бөлім бойынша және тоқсан бойынша мақсатқа бағытталған жиынтық бағалаудың сараланған жұмыстары. Оқушының қабылдау деңгейіне сай келетін, танымдық қабілетке ие, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәтіндер жинақтау, дескрипторға сай тапсырма дайындау-әр қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімін ойландырып жүрген шаруа. Мұғалімдердің көпшілігі дерлік жоба ретінде ұсынылған тапсырмаларды беріп жүр. Бұл тапсырмалар оқушыларға тым қиын және мәтіндері де күрделірек. Ойлау деңгейлері жоғары оқушыларға сәйкес болғанмен, көпшілігіне жарамсыз. Ойлауы орта және төмен деңгейлі оқушыларға аталмыш бағалау жұмыстары қиындық тудырады, олар мәтіндегі ойды түсіне алмайды, тарқатып жаза алмайды, өзіндік ой-пікірін сауатты жазып бере алмайды. Болашақта осы мәселе шешімін тапса деймін, бұл өзімізге байланысты екенін де білемін. Сондықтан тығырықтан шығудың жолын қарастырайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген