Қаратұма орта мектеп-балабақшасы» кмм-сінің
«Жаңаша оқыту-жетістік көзі»атты бастауыш сыныптар
апталығы
Таяуда бастауыш сыныптар
арасында «Жаңаша оқыту-жетістік
көзі» атты апталық болып
өтті.Апталық басталмас бұрын
апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің отырысында
талқыланды және бекітілді.
Тақырыбы: «Жаңаша оқыту-жетістік
көзі»
Мақсаты: Сабақта ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі.Жаңартылған білім беру
мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру,
сабақта алған білімдерін дамыту, қызығушылығын
арттыру.
Апталықтың
міндеттері:
-оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы
түрде түсінуіне жол ашу;
- әр баланың қабілетін таныта отырып, одан әрі дамуына жағдай
туғызу;
-пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені
тарату.
Апталық
мынадай жоспарда құрылды:
1.Апталықтың ашылуы
2.Ашық
сабақтар
3.Сыныптан
тыс іс – шаралар («Көркем жазу» сайысы, «Ерте,ерте,ертеде еліктіріп
ертеді»)
4. Сурет
және шебер қолдар көрмесі
5.Тәуелсіздіктің 30 жылдық құрметіне орай
«Тәуелсіздік ұландары» атты (макет жасап,оны қорғау)
сайысы
6.Апталықтың жабылуы.
Апталықтың
бірінші күні 2-сабақ үзілісінде апталықтың ашылу салтанатына орай
саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында
өткізілетін іс- шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты
таныстырылып өтті.
Құрылған
жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына
тоқталсақ:
Мұғалімдер
1-сынып Батырбаева М.С. дүниетану пәнінен «Отбасындағы
қамқорлық»,2-сынып мұғлімі Канагатова М.Х. әдебиеттік оқудан
«Ақылшым-мұғалім»,3-сынып мұғалімі Батырбаева А.У.
қазақ тілі пәнінен «Түбір
сөз жəне туынды сөз»,4-сынып мұғалімі Каирбекова Н.А. математика
пәнінен«Көп таңбалы
санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту » тақырыптарында сабақтар
берді.Ашық сабақтарында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерін
тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы блум
такономиясына сай құрастырылды.
Сабақтарға
бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау
жасалып, жақсы баға берілді.Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі
формаларын практика жүзінде танытты. Сабақтың құрылымы бір сарынды
емес, әр түрлі тапсырмалар, әрқилы әдіс-тәсілдер қолдану арқылы
оқушылармен жеке жұмыс, жұптық жұмыстар жасады. Оқушылар сабаққа
белсене қатысты. Оқушылардың математикадан есептерді шапшаң
шығаратыны байқалды. Балалар топқа бөлініп, есептерді жарыса
шығарды. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай
отырып, оқушыларды ынталандыра отырып, өзінің педагогикалық
шеберлігін көрсете білді. Берліген тапсырмалар балаларға қызықты
болғандықтан, тапсырмалар тез орындалды. Балалар аса қызығушылықпен
сабаққа қатысты. Оқушылар сабақ соңында кері байланыс
жасады.
Апталық
барысында бастауыш сынып мұғалімі Батырбаева А.У. 2-4 сыныптар
арасында «Көркем жазу» сайысын өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың көркем жазу дағдыларын арттыру, коллиграфиялық
қабілетерін қалыптастыру.
М.Х.Канагатова оқушыларымен «Ерте,ерте,ертеде
еліктіріп ертеді» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Мақсаты:
оқушылардың тіл байлықтарын, сөйлеу шеберлігін, ой қиялдарын
дамыту. Бұл іс-шарада оқушылар ертегі кейіпкерлерімен ертегі
құрастырып, шағын қойылым көрсетті. Әр оқушы өзің қиялынан шығарған
ертегісін қызықтырып көрсете алды.
Келесі
күні «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» - атты
қолөнер көрмесін Кусаинова Лаззат Ғалымқызы
ұйымдастырды.
Оқушылар
өз қолдарымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған әр түрлі
макеттерін,суреттерін дайындады. Аптаның соңына дейін балалардың
жұмыстары қабылданып, көрмеге қойылып
отырды.
Апталықтың
соңғы күні бастауыш сынып мұғалімі Чаикова К.А-қызы Тәуелсіздіктің
30 жылдық құрметіне орай «Тәуелсіздік ұландары» атты сайыс өткізіп,
қорытындысы шығарылып, І орынды мектепалды даярлық тобының
тәрбиеленушісі Болат Ырысалды Еркебұланқызы ,ІІ орынды 2-сынып
оқушысы Тоқтағазы Әсет пен 3-сынып оқушысы Тоқтағазы Сырым,ІІІ
орынды мектепалды даярлық тәрбиеленушісі Абдулла Айлуна мен 4-сынып
оқушысы Манарбекқызы Назым иеленіп, мақтау қағаздарымен
марапатталды.
Бұл апталықта бастауыш
сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдана білді. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын
арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін
көрсете білді. Оқушылар пән
бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және
білімдерін шыңдады.
Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара
ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп
ойлаймын.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі:
БатырбаеваА.У.