400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңаша оқыту-табысты білім кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, зерттеу жұмыстарын жүргізу, функционалдық сауаттылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып саналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаңаша оқыту-табысты білім кепілі

Жаркимбаева Женискул Куанышбаевна

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі күні білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Білім берудің мазмұны жаңарып, шәкірттеріміз жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алып жатыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, зерттеу жұмыстарын жүргізу, функционалдық сауаттылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып саналады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мұғалім оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін өз шеберлігіне қарай қолданады. Өз сабағымда қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді атап өтетін болсам:мұғалімнің жетекшілігімен жүретін тыңдалым мен айтылым, болжау, дәлелдеу, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу тәсілдері.

Осы тәсілдердің ішіндегі белсенді оқыту тәсілін сабағымда жиі қолданамын. Оқытудың белсенді әдісі -оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқу әдістерінің бірі болып табылады. Мұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары», шығармашылық тапсырмалар жатады. Топтық жұмысты әр сабағымда қолданып отырамын. Топпен жұмыста оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. «Ауызша айтсаң – тез ұмытамын. Көрсетсең – есте сақтаймын. Іске кіріссең – үйренемін» дегендей топтаса жұмыс істеу арқылы оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Сонымен бірге қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған қызықты шығармашылық тапсырмаларды көбірек қолданамын.Олар:образға кіру, талдау және қиялдау, диалог-әңгіме. «Диалог-әңгіме» құрастыруды оқушылар қызыға орындайды. «Диалог-әңгіме» арқылы оқушылар қиялдауға, өздері шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Қазақ тілінен «Дені саудың –жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша «Денің сау болсын десең, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыр» деп бастап берсем, оқушылар тізбектей бір сөйлемнен айтып, жалғастыра береді. Ең соңғы оқушы мәтінді ұшқыр шешіммен аяқтайды. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында ойын баламаларын да жиі ұйымдастырамын.Мысалы:«Екі ассоциация», «Еске түсіру», «Шарада», «Менің сөзім», «Кемпірқосақ» , «Қара жәшік», «Маршрут» ойындары тағы басқа.

Сабағымда қолданып жүрген жаңаша әдіс- тәсілдер оқушыларды ізденіске жұмылдырып, кез-келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге үйретеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы да оянды.Функционалдық сауаттылығы, шығармашылық қабілеті қалыптаса бастады. Алдын ала болжай білуге, дәлелдей алуға, басқалардың пікірін тыңдай білуге үйренді.

Сондықтан сабақты да бір сарынды өткізбей, жаңаша оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін қолданатын болсақ, табысты білім нәтижесіне қол жеткіземіз. Кең ауқымды дағдылары дамыған, бәсекеге қабілетті, өздігінен шешім қабылдай алатын функционалды сауатты тұлға қалыптастыра аламыз.Сол себепті, мен шығармашыл ұстаз ретінде бар күш-жігерімді пайдаланып, білімімді жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды қолданып, қажымай еңбек етудемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі