«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» қалалық конференция

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» қалалық конференция

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалалық семинардың өту барысы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» қалалық конференция


«Заманауи әлемде елдің қуты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»

Н.Ә.Назарбаев


«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернатында» «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбында қалалық конференция өтті. Конференцияға Алматы қаласының интернаттық мекемелерінен және Наурызбай аудандық жалпы білім беретін мектептерден педагогтар қатысты. «Заманауи білім берудегі оқыту мен тәрбиеге жаңа әдіс-тәсілдер арқылы қол жеткізу», - мақсатында өз іс-тәжірибемізбен бөлістік. Конференция мектеп директоры Д.Ж.Мустагулованың құттықтау сөзімен ашылып, «Мектеп-интернаттың бір күндік тынысы» бейнефильмін көрсетумен жалғасты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Жанакунова мектеп-интернаттағы жаңартылған білім беру мазмұнының маңыздылығы туралы презентация ұсынылды. Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Әлдибай 1 «А» сыныбында сауат ашу пәнінен «Нәтиже сабақ. Менің отбасым және достарым», математика пәнінің мұғалімі Р.А.Абдрешова 6 «А» сыныбында «Осьтік және центрлік симметрия бекіту сабағы», бастауыш сынып мұғалімі З.А.Абдуллаева 3 «А» сыныбында дүниетану пәнінен «Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер –Ұлы даланың даналары», тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ануарбеков 5 «А» сыныбында дүниежүзі тарихы пәнінен «Ежелгі Грекияның гимназиясы, лицей, академиялары нені үйретті» тақырыбында ашық сабақтар, тәрбиеші Н.Н.Жумабеков «Ұлы дала мәңгілік ел болашағы – біздерміз!» атты тәрбие сағатын, мектеп-интернаттың тренер ұстаздары Р.Х.Каржаубаева және К.Т.Омарова «Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг, үйірме жұмыстарында құрылған «Қуыршақ театрының» жетекшісі А.Р.Килыбаеваның ұйымдастыруымен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі көрсетілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.И.Есимбекова биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша өткізілген ашық тәрбие сағаттары, сынып сағаттары, атаулы мерекелік мектепішілік іс-шаралар барысы туралы презентация ұсынды. Конференция соңында тәрбиеші З.Ж.Алимгожаеваның жетекшілігімен мектебіміздің оқушылары акт залында «Бақ берекем, құт береке, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт көрсетті. Осы концерттік бағдарламаны ән және бимен көркемдеген музыка пәнінің мұғалімі Е.О.Оспанбаев, хореограф Д.Б.Абуова.

М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтқандай тәуелсіз Қазақстанның әлеуметін, мәдени рухани болмысын дамытуда, ұлттық мектептерді қалыптастыруда, қоғамдық өмірде ұстаздардың еңбегі ерен.






Алматы қаласы Білім басқармасының

«№15 санаториялық мектеп-итернат»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жанакунова Альмагул Байжумаевна

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

бастауыш сынып мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2021
664
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі