15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңашыл әдіс-тәсілдердің жүйеленуі, тәжірибеге енгізілуі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жоба тақырыбы:
Жаңашыл әдіс-тәсілдердің жүйеленуі, тәжірибеге енгізілуі.
Авторы: Мусакиева Бақытгуль Мубараковна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ШҚО. Жарма ауданы «Бірлік орта мектебі»КММ-сі
1-секция
2017 жыл
Тақырып: Жаңашыл әдіс-тәсілдердің жүйеленуі, тәжірибеге енгізілуі.
Мусакиева Бакытгуль Мубараковна
e-mail: musakieva_bakitgul@mail.ru
87775799040
«Бірлік орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім (Strong, &Ward Grant,2013) [МАН,1-деңгей, 7-бет]
Пікір
Жаңаша әдіс-тәсілдерді мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіне енгізу оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс әдіс- тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Оқушылар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
-
Баланы оқи білуге үйрету.
-
Баланы ойлауға үйрету.
-
Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр. Білім мазмұны да оқушыларды өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Зерттеу мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
-
Тақырып бойынша құнды ғылыми жұмыстармен танысу.
-
Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.
-
Тақырыпқа сай әдебиеттерге шолу жасау.
Зерттеу әдістері:
-
Тапқан материалдарға теориялық анализ жасау.
-
Жоспарлау.
-
Талдау.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылардың білімге деген қызығушылығының, ынтасының артуы.
-
Жеке тұлға ретінде қалыптасуы.
Жаңашыл әдіс-тәсілдердің жүйеленуі, тәжірибеге енгізілуі
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді; қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң – артыңда тұрғандай» Сократ
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылуда.
Ұстаз саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата аларлықтай шебер әдіскер болуы керек.«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»-деп Абай айтқандай, ұстаз шәкіртіне білім беру жолында үлкен сындардан өтеді.
[5] Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев : «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, сіздер, ендеше өздеріңіз де көп оқыңыздар,ізденіспен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Ең басты рухани тоқыраудан сақтаныңыздар. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі-кейінгі жастар. Олар заман талабына сай білім алуы тиіс. Заманың беталысы бізге жаңа талаптар қойып отыр»-деп айтқан болатын. Заман өзгеріп жатыр, біз де өзгеруіміз керек. Біздің міндетіміз-әр шәкіртті мектеп қабырғасында өзінің болашағын айқындай алатындай етіп оқыту мен тәрбиелеу. Алдымызда отырған ұрпаққа адамдық асыл қасиеттерді сіңіріп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Ойы жүйрік,ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршін шәкірт – ертең ел тағдырын шешетін азамат.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деп Абай айтқандай, озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосары сөзсіз..
Баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру – әр мұғалімнің мақсаты болғанда ғана нәтижеге жетеміз..
Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды өзімен бірге ала жүреді»- деген.
Оқушы дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, әрқашан ізденісте болса, жетістікке жетуі заңдылық.
«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы.»- деп А.Сухомлинский айтқандай, баланың қызығушылығын оятуға, білімін жетілдіруге, мағынаны тануға ой-толғанысқа құрылған сабақ оқушының есінде көп уақыт сақталады.
Естігенімді – ұмытамын,
Көргенімді –есте сақтаймын,
Өзім істегенімді – меңгеремін-деген Конфуцийдің сөзі осыны меңзейді. Білім беруді жаңартудың негізгі талабы да осы мәселелерді жүзеге асыруда болып отыр. Бүгінгі оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе екені баршаға түсінікті.
[7] Кезінде Мағжан Жұмабайұлы: «...Мектепте оқыған адам білімді құшақтап алып, тұрмыста жарамсыз болып шықпауын, бала нені білсе де, көзімен көріп, қолымен ұстап, мүмкін болғанынша өзі істеп білуін қолдаған. Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған сапалы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы болуы» керектігін айтқан.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететіні әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Ақын ағамыз М.Шаханов өзінің бір өлеңінде:
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпаны?
Ұлан-байтақ жерімізде жарты адамдар қаптады.
Қайда барсақ, көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар,- деп налыпты.
Филологиялық пәндерді ақпараттандырып, оның әлеуетін ұтымды пайдаланған жағдайда жас ұрпақ тәрбиесі жақсара түсетіні кімге де болсын аян. Ақпараттық коммуникативтік технологияны игеру-қазіргі заман талабы. Адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім екендігін ұмытпаған абзал. Ұстаз әрқашан оқушылар үшін өмір сүреді.
Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...» - деген.
Мұғалімдер қоғамымыздың барлық саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістердің сапалы жүзеге асуы үшін бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматтарды тәрбиелеуді көздейді.
Білім беру үрдісінде жаңа талаптарға сай оқытуды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыру кең етек жайып келеді. Бұл тұрғыдағы басты міндет-оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін арттыратын әдіс- тәсілдерді кеңейту. Мұғалім балаға белгілі бір бағытта теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға, сөйлеу, оқыту,қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға , ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге және сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Қазіргі кездегі жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды әкелгені баршамызға мәлім. Жаңашыл әдіс-тәсілдер тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады.
[2] Елбасымыздың жолдауында XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады-деп сапалы білімге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К.Д. Ушинский біз жан-жақты тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек деген ойды айтады. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғы шарты мектепте жасалынады. XXI ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Ал мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.
Білім – үздіксіз білім берудің басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту- бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазіргі жаңашыл әдіс-тәсілдердің алдарына қоятын мақсаты- жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыру. Алған білімдері күнделікті бақылау, тексеру әдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау жүргізіледі.
Бүгінгі ең негізгі мәселе боп отырған жаңашыл әдіс-тәсілдердің тәжірибеге енгізілуі нәтижесінде педагогтың бағыттауымен оқушы өз бетімен білімді игереді. Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы: Шаттық шеңбері, тілекті тізбек немесе қызықты сұрақтар [8]қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Мағынаны ажыратуда белсенді түрде оқиды. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар болжау кестесі,ойлан,жұптас, ортаға сал,білемін, білгім келеді, үйренгенім,сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау,топпен зерттеу. Осы әдіс- тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни, оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе эссе жазу, бес жолды өлең тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі-топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту,қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Жаңашыл әдіс- тәсілдерді тәжірибеге енгізу дегеніміз-келешек ұрпақтың еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау.
Қазіргі заманның педагогика ғылымының бағыты баланың жеке басының дамуына арналған жаңа әдіс-тәсілдерді жасап шығару. Көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдер Қазақстан Республикасы мектептерінде белсенді түрде қолданылуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әр ұстаз пәніне байланысты оқушымен бірлесе жұмыс істеуге барынша тиімді оңтайлы нәтижелерге жеткізетін әдіс-тәсіл түрлерін таңдап алып жұмыс істеуге немесе авторлық бағдарламаны жасап қолдануына болады делінген.[1]
Қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талап- жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, ойлау, есте сақтау, көру, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Л.С. Выготскийдің пікірінше: «Қатаң ғылми тұрғыдан қарағанда, басқа адамды тәрбиелеуге болмайды». Тәрбиелеу-оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзін тәрбиелейтіндей етіп ұйымдастыру керек.[3]
Ұстаздың басты міндеті- «Мектеп-кеме, білім - теңіз» деп, дауылпаз ақын Қасым [8]Аманжолов айтқандай, ұшы-қиырсыз білім теңізінде батып кетпей, сол теңіздің түпсіз тереңінен өзінің керегін ала алатын, еркін жүзе алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Алаштың арда ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім» деген екен. Ал ұлы педагог, психолог, жазушы Жүсіпбек Аймауытов мұғалімнің бала алдындағы үлкен жауапкершілігін былай деп атап көрсетеді: «... Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларға салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды». Шынымен де, мұғалім оқушының санасына сәуле сеуіп, санасының оянуына түрткі болып, оның білімге деген құлшынысы артуына күш салуы керек. Сабақ уақытында мұғалім әр баланың бейімділігін, ептілігін, зеректігін бақылап, соған қарай жұмыс істеу керек.
Ғылым мен техниканың қарыштап дамып, адамзат баласы өз ойларын ортаға салып, соңғы үлгідегі техниканың жетістіктерін пайдаланып жүрген шақта мұғалімге артылар жүк аз емес. Жаңа талап пен мақсатты іске асыру-өз ісінің шебері болуымен қатар, сол пәнге деген сүйіспеншіліктің болғаны абзал. Сабақта жаңа әдіс- тәсілдерді пайдаланып қана қоймай, олар ұтымды, тиімді, нақты болуына көңіл бөлу шарт.
[8] «Білім алудың жолы көп, соның ең төтесі –жақсы мектеп, білімді мұғалім»,-деген Халел Досмұхамедұлы. Оқушылардың білім деңгейін биікке көтеру-ұстаздың шеберлігінде. Жақсы мектепті мұғалімсіз елестету мүмкін емес. Мұғалім баланың қабілетіне, шығармашылығына,есте сақтауына бағыт беріп отырады.
«Ел боламын десең-бесігіңді түзе»- деп заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік,интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу үдерісінің ғылыми теорияға және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, қазіргі таңдағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап қолдану өз нәтижесін беруде. Жаңа әдіс- тәсілдерді мән- мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан, өз көзқарасын жүйелі талдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын жеткіншек жастарды даярлау – біздің ұстаздық парызымыз.
[8] Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалдық өміріне құр ғана сабақ болып қалмас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» - деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Ұстаз күнделікті сабақты өткізуде қиыннан қиыстырып, бала жүрегіне жол таба білуі керек. Әр ұстаз алдында отырған балаға сабақты әр түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, білімді жүйелі де терең беруге тырысады. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа әдістерді тиімді қолдану – мұғалім жұмысының нәтижелі болуына,оқушыны өзіндік ізденіске ұмтылдыруға, алған білімін тиянақтауға тигізер ықпалы зор.
Деңгейлік курс бойынша сертификатталған педагогтар мен тәлім алушылар, Тәжірибелік рефлексия бойынша сертификатталған тренерлердің тыңдаушылары сабақ барысында әлемнің 18 елінен сынақтан өткізілген «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс – тәсілдерін қолданады. Қызығушылықты ояту кезеңі-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастыру. Осы арқылы ойды қозғау, ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер етеді. Осы кезеңде «Топтау» (ассоциация) әдісі қолданылады. Топтау әдісі арқылы оқушының ойын қозғап, қызығушылығын арттырғанда, әр оқушы өзінің таным белсенділігін көрсете алады. Келесі кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Тақырып туралы ой – толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңінде жүзеге асады. Осыған орай әр сабақ тақырыптарының ерекшеліктеріне қарай ВЕНН диаграммасын толтырады. ВЕНН диаграммасын толтыру кезінде оқушы бір – бірімен ой алмастыру, ой түйістіру әрі өз шығармашылығын көрсете алады. [4]
Жаңа сабақты бекітуде «Кубизм» әдісінің орны ерекше. Алты жағына алты тапсырма жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды. Бұл әдістің оқушы ойын сараптауға көмегі мол. Сонымен қатар бұл әдіс баланы қызықтырады, есте сақтау қабілетін арттырады, нақты жауап беруге үйретеді. Жаңа тақырыпты қорытындылағанда «Бес жолды өлең» әдісін сабақ соңында қолдану бастапқыда қиын көрінгенмен, оқушылардың қызығушылығын оятады. «Ой толғау» әдісін кез келген сабақта қолдануға болады. Бұл оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бірден- бір әдіс. Себебі, бұл әдіс бала шығармашылығын қалыптастырады, оқушы өз бетінше ізденеді, сөйлеу қабілеттерін арттыруға жәрдемдеседі. «Сұхбат» стратегиясы сабақты қорытындылауға өте қолайлы. Бұл тәсілдің ерекшелігі: оқушы болсын, ұстаз болсын сабақ туралы пікірлерін ашық айтады, ұсыныс, тілектерін білдіреді,сабақты қорытындылайды.
«Кубизм стратегиясы» тақырыпты жан – жақты талқылауға мүмкіндік туғызатын стратегия.
Бүгінгі таңда ғылым мен прогрестің қарқындап дамып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Олай болса,осы прогреске қабілетті, білімді де білікті жастарды оқытып тәрбиелеу- бүгінгі мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.
Еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына тек біліммен ғана жете алатыны сөзсіз. Сондықтан оқушыға сапалы білім,саналы тәрбие беру үшін мұғалімдердің жаңаша оқыту біліктілігін арттыруы өте маңызды.
[2]Президентіміз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларында білім саласына қойған талаптары орасан зор.
«Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білім игеруге,білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»,-деген Елбасының сөзін басшылыққа алуымыз керек. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу үдерісінің ғылыми теорияға және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат-оқушыға сапалы білім беру болып табылады.
[8] Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы-жаңа
технология негіздері болып табылады. Жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Себебі, ол оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін
молайтуға көп көмегін тигізеді.
Қазіргі заман мұғалімі әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты бағаланады. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері білім сапасына
елеулі әсер етеді.Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен нәтижелер береді.
1. Кез келген сабақты тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы
бастауды дәстүрге айналдырған ұстаз ұтады.
2.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатымен басталған сабақ сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп.
3. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуы, белсенділігі, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс-тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі- оқушылардың өзіндік жұмысы.
Әрине, білімнің сапасы мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деп текке айтпаған. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін,алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.
Қазіргі заман мұғалімі- жаңадан жаңаны табатын өнер иесі. Өз білім-білігін оқушы санасына шебер сіңіре біліп, дұрыс бағыт, дұрыс тәлім-тәрбие бере білген ұстаздың шәкірті ертең өмір сахнасынан өз орнын адаспай таба алатын тұлға болып қалыптасады деген сенімдемін.
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»
«Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды,білім бергенді жақсы көресіз,[9] балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз,оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз өзгересіз, олар да өзгеруі қажет»(С.Бич) деген сөздер қазіргі мектеп мұғалімдері үшін бағдар сілтеуші деп ойлаймын.
«Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек»
Жаңа әдіс-тәсілдердің басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау-басты міндеттердің бірі.
Жаңа педагогикалық технологияның басты ерекшеліктері-өсіп келе жатқан идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы-өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.[4]
Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабағында қолданса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қ.Р «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа [1]технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » деп атап көрсеткен.
[2]Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Халқымыздың рухани көсемі, ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлының «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек» деп өсиет қалдырғаны бекер емес.
Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа деген ынтасы,белсенділігі арта түсетініне көзім жетуде. Ол үшін бір сабақта оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін.
Өз бетінше ізденіп, оқулықпен қатар қосымша әдебиеттермен жұмыс істейтін топ, Газет-журнал материалдарымен өз білімін ұштастырып отырып, оқулықпен сабақтастыруы-шарт топ, Оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізе алатын топ. Осылай оқытудың өз пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы оқушы білуге құмарта түседі.,төменгі топтар жоғары топқа өтуге талпынады.
Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, өз қөзқарасын дәлелдей алуы керек. Қазіргі оқушыларды ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «Жигсо» әдісі көп көмегін тигізді. Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады, сахналық көріністер қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды.
Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат-оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу. Қызығушылықты оятуға- ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікірталас жатады. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асады. Оқушылардың бір-бірімен ақылдасады, топтан біреуі шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап беруі арқылы сөздік қоры дамиды. Ой-толғаныс кезеңінде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Топтап оқытудың пайдасы туралы Әбуғали ибн Сина (Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы-балалар оқу-тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру» Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мектептің алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мектепте қалыптасып орнығады. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,-деген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына [2]қарай 20 қадам» атты бағдарламасында «Әлемнің әміршісі- еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», - деп ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Біздің еңбегіміз білім жолынан көрінеді. Бүгінгі таңда басты мәселе – бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Үздіксіз іздену – бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. А.С. Макаренконың «40 жыл мұғалім болсаң да 45 минуттық сабағыңа дайындал» деген қағидасын есінен шығармаған ұстаз-нағыз ұстаз. Қоғамның әрбір даму кезеңі, ең алдымен, сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтін ешқашан маңызын жоймайтын құбылыс.[3] Г.Галилейдің «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»-дегеніндей, жаңа әдіс- тәсілдермен тиімді жұмыс істегенде ғана, мұғалім ойлау мен шығармашылық қабілеті дамыған,құзырлы тұлға қалыптастыра алады. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.Ынтымақтастық оқыту жағдайында оқушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Ағылшын ғалымы К. Роджерс «Дайын тәжірибе арқылы ешкімді өзгертуге болмайды, тек ғана адамды дамытуға әсер ететін атмосфера жасау қажет» [4]дейді. Бұл философиялық ойдың астарында талай құпияның жатқаны байқалады. Не десек те, адам ретінде де, педагог ретінде де «Жанам деген жүрекке от берейік» дегім келеді. Қорытындылай келе, ойымды Альберт Эйнштейннің мына сөзімен аяқтағым келеді: « Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»
Пайдаланылған әдебиеттер
-
ҚР Білім туралы заңы
-
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
-
Сарсенова Н.С. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологиясын енгізудің тиімді жолдары». Алматы 2015.
-
ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж.
-
Назарбаев Н.Ә. Білім қызметкерлерінің II съезінде сөйлеген сөзі.// «Егемен Қазақстан»,№ 205, 2002 жыл.
-
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
-
Жұмабаев М. Педагогика. А., «Мектеп»,1989.
-
Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 2016 ж
Қорытынды
«Ұстаздың басты мақсаты – алдындағы білім алушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету». Адамдармен ынтымақтаса жұмыс істей алатын оқушы өзін-өзі реттеуді үйренеді, сабақта оқығанын түсінуге белсенді және сындарлы түрде атсалысады, өз ойларын, көңіл күйлерін және іс-әрекеттерін оқу үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында бейімдеп отырады, жетістік үлкен еңбек пен өзінде бар дарынды дұрыс қолдана білуден құралатынына енеді.
Жас жеткіншектерге заман талабын сай білім беруде осындай жаңашыл тиімді әдістерді қолданып жұмыс істеу арқылы жан- жақты өзіндік көзқарасы бар, шығармашылық қабілеті дамыған тұлғаны тәрбиелеуге қол жеткіземіз.
12

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген