400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңашыл мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи мұғалім – бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы. Білім беру процесінде бізге негізгі тапсырыс беруші – ол ата-ана. Ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар дәуірінде ізденіске ұмтылған педагогтер ғана үлкен жетістікке қол жеткізе алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңашыл мұғалім

Білім – ақиқат. Бір өзі бір ғасырдың жүгін арқалаған ағартушы – педагог Ыбырай Алтынсарин «мектепті тек білім беретін мекеме деп емес, дала өлкесінің шамшырағы, мәдениеттің жарық жұлдызы, жаңа әдет, тәртіп, тазалық, өнердің үлгісі» деп санады. Бүгінгі рухани жаңғырған, дамудың жаңа мүмкіндіктеріне қадам басқан мемлекетімізде «педагогика» деген сөз де гректің «бала жетектеу» деген бастапқы тура мағынасынан алыстап, өз алдына білім, ғылым жолына айналғандығы айқын.

Белгісіз оппонентпен диалогте:

  • Менің Ұстазым?

- Иә, «Менің Ұстазым!»

  • Бұл қалай сонда?

«Менің Ұстазым» деу меншіктеу емес пе?

Педагог – білім беру процесіндегі ортақ тұлға. Ортақ тұлғаны бөліп қарауға болмайды?!

-Болғанда қандай! Менің Ұстазым өзге емес, өзімнің, тек қана өзімше таныған , өзімше білген, өзімше бас иген Ұстазым! – деп пікір қалдырған еді.

Міне, дәл осынау көріністен қазіргі заманғы мұғалім тұлғасына қандай сенім мен жауапкершілік жүктеліп отырғаны айқын көрінеді. Заманауи мұғалім – бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы. Білім беру процесінде бізге негізгі тапсырыс беруші – ол ата-ана. Ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар дәуірінде ізденіске ұмтылған педагогтер ғана үлкен жетістікке қол жеткізе алады. Жас ұрпақ – білімнің жас бұтағы. Интеллектуалды, ой – өрісі дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр педагогтің міндеті.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында табысты болудың ең іргелі факторын айқын көрсетіп берді. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұру құндылығын сипаттады. Кезінде Шәкәрім Құдайберді «Құбылған әлем жарысы, ақылды жанның табысы» деген еді.

Иә, барлық өмір тіні инновациялық даму, жаңашыл технологияларға тірелгенде сол Шәкәрімнің: «Ақылды жанның мүлкі әлем» дегені тағы еске түседі.

Жаз кіреге жақсы деп, дулығалы нар алған; жақсы ілім ордасы, жұмаққа һәм саналған»,- дейді қазақ дастаны. Қазіргі таңда талапқа сай, білімі мен мінезі үйлесімділік тапқан, «ізденемін, шығармашыл еңбегімді шыңдаймын»,- деген мұғалімдерге мейлінше жағдай жасалып келеді.

Көктегі қанатты құс та өз жолымен, өз тағдырымен ұшады десек, ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашыл ұстаздың қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады.

Білімнің салтанат құруы – жаңашыл бағытқа ұмтылған оқытушылардың қолында. Шындығында білікті ұстаз дегеніміз – өз шамасы бойынша теориялық білім мен практикалық дағды жинаған адам емес, қажет кезінде, қосымша білім мен дағды жинап алатын ұстаз. Әрбір сабақ, дәріс – екі адамның, мұғалім мен оқушының, білім беруші мен білім алушының шығармашыл одағынан құралуы тиіс. Шығармашылық одақты креативті ізденістермен толықтырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып, жүрісі жылдам дәуірге ілесе алатын азаматты тәрбиелеу білу қажет. Технологиялық революциялардың беталысы бізден, педагогтер қауымынан тек іскерлікті ғана қажет етеді. Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделе алатын және белгілі бір жетістіктерге қол жеткізе алатын жастарды тәрбиелеу – жаңашыл педагогтердің ең бірегей мақсаты болуы қажет.

Қазіргі кезде білім берудің ұлттық моделіне өту – оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологиялардың, педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс – әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, педагог- зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын талап етеді.

«Жазушының ең жақсы шығармасы – жазылмаған, яки жазатын шығармасы» деген көркем сөз бар. Жаңа формациядағы педагог те бір күнгі ізденіспен шектелмей, жаңартылған білім мазмұнын жоғары деңгейде меңгеріп, өз жұмысын аса қызығушылықпен ауқымды дүниетанымдық, рухани, зияткерлік әлемнің бір бөлшегімен үндестіре білуі тиіс.

Біздер білім мен ғылымды жақсы көреміз. Әрқайсымыз қызығушылық танытқан белгілі бір білім саласын тауып, оның бар қыр – сырын игереміз. Оқушыларымызға оқуға көмектесу үшін, барлығымыз біздің тілімізде сөйлемейтін, эндоплазматикалық торды немес жүйелі қозғаушы күшті білмейтін оқушының басқа қырына көз жүгіртуіміз қажет. Егер аз оқытсаңыз да , бірақ тереңірек оқытсаңыз, онда оқушылар жақсы нәтиже көрсетеді. Орта мектептер әр өркениетте мәдениет сабақтастығын қамтамасыз етеді. Олар педагог арманының символы және оның жүзеге асыруы болып табылады; әр бала арманы үшін мүмкіндіктер беретін орта. Мұғалімдер осы арманның жетекшісі әрі бақылаушысы болып табылады. Сөздеріміз бен істеріміз арқылы, барлығымыз бірге, жоғары лауазымдағы қолайлылыққа қарағанда, болашақ әлемді көбірек басқаратын боламыз. Мектептерде және мұғалімдерде болашақты өзгерте алатын осындай бір мүмкіндіктер бар.



Десек те, кейбір мұғалімдер шын мәнінде өздерінің жасап жүрген әрекеттерін өзгертуі тиіс. Үздік мұғалімдер микроменеджментті қажет етпейді. Олар өз дағдыларын келесі мұғалімдер буынына беру үшін қолдауға, ресурстарға және пікірлерге мұқтаж болып қала береді.

Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - қазіргі заманғы мұғалімнің жалпы және кәсіби жүргізілуі. Бұл мақсатты пайдалану кезінде маман – адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы қажет. Мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады.

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн.

Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі – кәсібилікпен біте қайнасқан болуы керек.

Жаңашыл мұғалім – кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай – ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзіретті тұлға.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру – қазіргі заманғы мұғалім тұлғасын қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Қазіргі қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.

Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет»

Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанымен- тарихтағы ең ұлы істердің көрінісі. Шәкірттеріміз – әлемдік кеңістікте өз білімін дәлелдей алатын азамат болуы тиіс.

Білім деген - өңделген ақпарат, 1 тонна ақпараттан – 10 г білім мен 1 г түсінік шығара білуіміз шарт.

Акме-қоғамға жетелейтін абсолютті инновациялық ілім- осыны талап етеді. Өнер алды тек қана қызыл тіл емес, өнер алды - техника, технология, нақты білім болуы тиіс. «Оқымаған бір бала, оқыса ғана екі бала болады»

Уақыт легінен конвейер сияқты зуылдап өтіп жатқан білім көшінен өзіміздің сүбелі үлесімізді алып үлгеруіміз қажет.

Кемеңгер Абай: «Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе қайрат, байлаулық жоқтығынан азады»,- деген еді. Өз ісіңе деген адалдықтың жолы – қайрат, жол табатын – ақыл, ал ең қажеттісі – жүрек қалауы»,- дейтін болсақ, оқушыны білімділікке, біліктілікке, жақсылыққа тәрбиелеуде ақыл мен қайратты тұлға бойына қалыптастыру үшін үнемі ізденісте болуымыз керек. Осы үшеуін оқушы бойынан көре алсақ «Қазіргі заманғы мұғалім» деген тұлғаның ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын тап басып айтқан болар едік. Білімді ұрпақ – ұстаз еңбегінің көрсеткіші, негізгі барометрі болмақ.

Білімнің алтын кілті – жаңа формация педагогының негізгі тотемі, культіне айнала бергей!

Әлемдік білім кеңістігіне еркін шыға алатын білімді де білікті жастарымыз тек биіктерден көріне бергей!

Білім ордасына негізгі тапсырыс берушілер ата-аналардың да қуанышы биіктен ақ жауындай тоқтаусыз себелесін!..

Қуатты Қазақстанның интеллектуалды ұрпағы қанатың кеңге жая берсін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2059
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі