“Нашар
ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз
сол шындықты іздеп табуға үйретеді»
А.
Дистерверг
Ұлтаралық
татулық – мемлекеттік тұрақтылықтың
негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің
татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі
боларлықтай екені даусыз. Білім мен
ғылымның, экономиканың, бизнестің,
саясаттың, жалпы бәсекелестіктің
қарыштап дамып отырған бүгінгідей
жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік
танытып, алдымызға үш тілді білу
қажеттігін қойып отыр. Әлем
ғаламдануда, әрі осы ғаламдану үрдісін
жүзеге асырап жатқан – ағылшын тілі...
Ағылшын
тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар
есігі. Сондықтан шетел
тілін үйретудегі менің негізгі
мақсатым – инновациялық білім беру
технологияларының элементтерін тиімді
пайдалана отырып, оқуышылардың тілін
дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін
арттыру ; оқушыларды шетел тілінде
қарым –қатынас жасай алуға дағдыландыру,
шет тілін үйрете отырып, ана тілін
құрметтей білетін, өзге тілді білуге
құштар білімді адамзат тәрбиелеу. Біз
өзіміздің тәжірибемізбен оқушылардың
шет тіліне деген сүйіспеншілік пен
қызығушылығын тудырамыз. Нәтижесінде
сабақтың сапасы артады. Бұл ағылшын
тілін оқытудағы мұғалімнің нәтижеге
жеткені, еліміздің келешегін ойлағаны
деп түсінемін.
Мысалы
ретінде 2сыныпқа арналған бір сабағымда
қолданған әдістеріммен бөліссем ,
«Wеather 2» яғни, ауа-райы тақырыбындағы
екінші сабақ . Бұл сабақта оқушылар
ауа-райына байланысты құбылыстарды
қайталап, жаңа сабақ ретінде ауа-райы
қандай? сұрағын қоюды және оған жауап
беруді үйренеді . Үй тапсырмасын
тексеруде оқушыларды екі топқа бөліп
, “ұры және полицей” ойынын
ұйымдастырдым. Ойынның негізгі шарты
таңдап алған суреттегі ауа-райын
ағылшын тілінде айту керек. Егер жауап
берсе оқушы орнында қалады , жауап
бере алмаса келесі топқа ұпай болып
өтеді. Бұл ойынның ұтымдылығы суреттегі
табиғат құбылысының бірнеше рет
қайталау арқылы оқушылардың есте
сақтау қабілеті, есту дағдылары дамиды
. Одан кейін сабақты «галлерея» ойынын
қолданып жалғастырдым. Мұнда оқушылар
ауа-райына байланысты ілінген суреттерге
қарап, ауа-райын ағылшын тілінде
суреттеп беруі тиіс болды. Қарым-қатынаста
қабілеттерін дамыту үшін өлеңдерді
де қолдану тиімді. Сол себепті тақырыпқа
сай “The
sun comes up!”
әнін
пайдаландым. Ән айтуда бір
жағынан , оқушылардың
көңіл-күйлері көтеріліп,
сабаққа деген ынталары артса, екінші
жағынан материал
тез жатталып, шаршағандары басылады.
Әндерді
іріктеу барысында тез жатталатын,
эмоционалды, бояуы қанық материалдарды
алған дұрыс деп ойлаймын. Ағылшын
тілі сабағындағы диалогтар жаңа
сөздерді игеруге көмегін тигізуде,
нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік
әдістер – оқушылардың сабақ барысындағы
сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің
бірі. Бастауыш оқушыларына ағылшын
тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдерінің
көптігіне қарамастан кейбір қиындықтар
кездеседі. Ағылшын тілін бастауыш
сыныпта оқытуда оқушылардың жас
ерекшеліктерін назар алған жөн: атап
айтсақ, олар тез шаршайды, көңіл
аудармау, есте сақтау деңгейі төмендеу.
Осыған орай балалардың физикалық
психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, көп күш түсірмейтін
тапсырмалар беру қажет деп ойлаймын.
Осы орайда “Түсірілген әріптер”
әдісін пайдаланып , оқушылар сөздерді
дұрыс жазуға машықтандырдым.Табылған
сөздердегі әріптердің өзгесін өшіру
арқылы да ойынды қызықты етіп
үйымдастырдым. Сабақ барысында айтылым,
оқылым, жазылым болып қана қоймай
мұғалім оқушылармен жеке жанды,
белсенді қарым-қатынаста болуы керек
деп ойлаймын .Яғни сабақта кері
байланыстың әр түрлі формасын сабақта
қолданудың ролі үлкен. Қорыта
келгенде, қазақ
елінің жастары білімді, көзі ашық,
көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек.
Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге
қабілетті, сауатты адамдар ғана
табысқа жетеді. Ел жастарында осындай
қасиеттер болса, кез-келген мемлекеттің
болашағы жарқын болары анық.
Ең бастысы, білім беруге қойылып
отырған жаңа талаптарды орындауда
көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың
үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды
білім беру жүйесіне енгізуде өз
үлесімді мектеп қабырғасында қоссам
деймін.
|