жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЖАҢАШЫЛ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
ЖАҢАШЫЛ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бейсембаева Жазира Талгатовна
Талдықорған қаласы,
«Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің
Психология пәнінің оқытушысы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан «Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар – қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі- әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тіл» [1]. Қазіргі уақытта елімізде «көптілділік» маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан болар ұлттық бәсеке, көп тілділік, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді. Осыған сай интеллектуалды, дені-сау, ой-өрісі жоғары дамыған әлемдік деңгейдегі жоғары білімі бар ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттік ең маңызды стратегиясы. ХХІ ғасырда Қазақстанда білім беру жүйесінде инновациялық серпіліс жасалынып, мүмкіндігінше әр адамды жаңа әлемде жұмыс істеуге, білім алуға, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Білімді, білікті, дағдыларды бұрынғыдай механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады.
Еліміздің саяси-экономикалық, тарихи әрі мәдени жағдайын ескере отырып, отандық көптілді білім беру жүйесі өзінің үлгісін қалыптастырып үлгерді. Көптілді білім беру жүйесінің механизімін жасап шығару тілдерді оқыту әдістемесін жаңашаландыру үрдісіне жолашты. Мәселен, коммуникативтік әдіс-тәсілдер, тұлғааралық қарым-қатынас, жалпы еуропалық бағалау әдісі, мәдениет аралық қарым-қатынас диалогы, функицоналдық сауаттылық, құзыреттіліктер топтамасы, ақпараттық-коммуникативтік құралдар арқылы тілді оқыту, нәтижеге бағытталған білім, пассивтіден интерактивті білім беру әдісі жәнет.б. инновациялық түсініктер мен концептілер қазіргі уақытта шетел тілін білетін пән мамандарына жат болмас.
Нақты пәндерді шетел тілінде қалай оқыту әдістемелік мәселелері бойынша шетелдік зерттеушілер CLIL әдісін ұсынып, қазіргі уақытта пән мұғалімдері талқылап, сабақтарында үйлестіріп жатыр. Алайда, аталмыш әдіс жаңа деп атауға келмес, себебі, пәндік байланыс, бір сабақтың көлемінде әралуан пәндік мазмұндағы білім, өмірмен байланыс шетел тілі сабақтарында қолданады. CLIL технологиясы – пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. «CLIL» терминінің қолданыста жүргеніне айтарлықтай уақыт болмағанымен (1994 жылы), ол жаңа құбылыс болып табылмайды. Адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүріп келеді. Көп тілді меңгеру қоғамда өмір сүру құралы болып табылады. «CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. [2] Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады. CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады. Алайда, бұл әдіс шетелдік ғалымдар толығымен жан-жақты тәсілдерін, қағидаларын, бағалау өлшемдері мен білік топтамаларын әзірледі. Сондықтан болар, CLIL тиімділігі пәндерді шетел тілінде қалай оқытудың жүйесін ұсынады.
Сонымен қатар бұл әдісті тек қана мектептерде емес, сондай-ақ арнайы және жоғары оқу орындарында да кеңінен жүргізіледі. Себебі, белгілі бір кәсіби мамандар мен қатар жан-жақты шетел тілдерді меңгерген мамандарды дайындап шығаруға пәндік іріктіріп оқыту әдісі көп мүмкіндік береді. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында оқушыларды және білім алушыларды бәсекеге қабілеттерінің бір белгісі болып табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзерленген.
CLIL әдісінің қағидалары аясында мазмұн (пәндік мазмұн, пәнаралық байланыс), тіл және таным (сыни тұрғыдан ойлау процесі) ұсынылған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет. Мен де арнайы оқу орнында психология, педагогика пәндерінде осы әдісті қолданып, білім алушылардың пәнге және тілге деген қызығушылығын тудыра алдым. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді үш тілде айтып, есте сақтауда, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті. Әсіресе тәжірибелік сабақтарда CLIL әдісін топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыруда қолданып, әртүрлі формадағы тапсырмалар дайындалады.
Сонымен CLIL әдісін сабақта қолданудағы мақсатым:
-
Педагогика және психология пәндерінің тақырыптарына байланысты білім алушыларға жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру;
-
Білім алушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету;
-
Сабақтапәнмазмұныналдыңғықатарғақою;
-
Қосымша тілді жас ерекшеліктеріне және тақырыпқа сай қолдану;
-
Білім алушылардыңтүрліойлауқабілетінарттыратынтапсырмалар беру;
-
Білім алушыларғатіл мен пәнді қатар меңгеруі барысында қолдау көрсету.
Бұл әдіс – екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі:
1) екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту;
2) пән арқылы тілді оқыту.
CLIL келесі теорияларға негізделген:
-
Лев Выготский (1978) «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы бойынша: оқушы өз бетімен меңгере алмаған білім немесе дағдыны өзінен жақсырақ білетіндердің көмегімен үйренеді;
-
Стивен Крашеннің (1982) екінші тілді меңгеру теориясы бойынша: тілді үйрену грамматикалық ережелерді шектен тыс жаттау мен қайталауды қажет етпейді [2]. Тілді үйрену үшін сол тілде мағыналы әрі шынай қарым-қатынас болу керек.
Осы әдісті қолдану үшін мысалы ағылшын тілін таңдасаңыз, тек пән мұғалімі немесе тіл мұғалімі болу шарт емес.
Ал сабақта қолданылатын тапсырмалар:
-
Мақсатқа бағытталған;
-
Білім алушылардың тілді білу деңгейіне сай;
-
Орындауға қызықты;
-
Ынталандыратын;
-
Бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.
Педагогика мен психология пәндерінен дайындалатын тапсырмалар түрі пән мазмұнына бағытталған, оқушы түсінетіндей құрастырылуы тиіс.Жалпы сабақтарымды ұйымдастыра отырып, тақырыпқа байланысты келесідей тапсырмалар құрастыруды негізге алып жүрмін: педагогикалық және психологиялық процестердің орналасу тәртібін дұрыс анықтау, бос орындарды толықтыру, нақты ақпаратты іздеу, терминге анықтама, сөздерді табуға бағытталған ойындар, сыни тұрғысынан дамытуға арналған тапсырмалар, психологиялық жағдаяттар. Бұл тапсырманың мақсаты – белгілі тақырып бойынша қаншалықты дайын екендігін анықтау.
CLIL әдісінің негізі тілді білу пән мазмұнын оқу құралы болып табылатындығында. Бұл әдісіті өзім меңгере отырып, оқушыларға да мұғалімге де тигізер пайдасының мол екендігіне көз жеткіздім. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашыл тұлға қалыптастыру, заман талабына сай жаңа инновациялық технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беру ол біздің – мұғалімдердің міндеті. Сондықтан да кез келген жағдайда өз бетімен оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра білетін және оны тиімді жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыруымыз керек.
Пайданылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2. -https://infourok.ru (МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ CLIL.Алметов Н.Ш., ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2016)
Жаңа технология негізі – сапалы білім. – Жүнісбек Ә. //Қазақстан мектебі, №4, 2008
Еліміздің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени саясаты және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген