Материалдар / Жаңашыл ұстаз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңашыл ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маман ретінде осындай педагогикалық озат ортаға түскеніме көп болмас да, жас сынып жетекші болып, оқушыларымның тәрбие-тәлімі, білім мен зияткерлігіне жауапты тұлғамын. Мектептің түймедей мүшесі ретінде бойымды ізетті ұстазға лайық қасиетпен толықтырып, жаңаша идея ұсынып, заманауи білім беру платформаларымен сабақ көрсетіп, жан-жақтылық танытуды мақсат тұттым. Өз өмірінде «не алсам?» деп емес, «Не бере аламын?» дейтін ұғыммен жүрген ұлағат иелерінің бағындырмайтын қамалы жоқ деп ойлаймын. Саналы ғұмырын сан тарау тағдырлы шәкірттер түлетуге бағыттаған ұстаздардың мектеп тарихына қалдырар естелігі осы шығар, бәлкім. Іс–тәжірибесі толысқан №47 мектеп ұжымының шәкірттерге де, жас мұғалімдерге де берері көп екені хақ. Еліміздің ертеңгі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» демекші, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, ал
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тараз қаласы №47 орта мектеп

Жамбыл Сандуғаш Жорақызы





Мектебімізге өзіміз туралы естелік ретінде не қалдыра аламыз?

(Эссе)

Сайын даланың сахаралы төскейінде тарихтың небір қилы парағынан қоныс тебетін киелі мекендер көп. Солардың ішінде шроқтығы биік аймақ – қасиет пен құт дарыған Тараз шаһары. Бұл өлке сонау қазақ ұлтының айрандай ұйып, біртұтастыққа жетер дәуірінен бері мәдениет пен өркениеттің, қайталанбас экономикалық-саяси маңызды аумағы саналады. Өнер мен білімнің орталығы, қазақтықтың қаймағын бұзбай киесі мен ғұрпын қаз қалпында сақтай білген өнерлі өлке. Мінекей, осындай тамаша теңеуге лайық аймақтың маңдай алды білім ошағында біздер, жаңа Қазақстанның жаңашыл жастары, қызмет етудеміз.

Тарих – небір дүлдүл, еңбегімен танылған тұлғаларды, мәшһүр – шайырларды өз қатпарында жанастыра жүреді десек, осынау киелі білім ошағы - №47 орта мектептен біртуарлардың талай парасы түледі. Тарихта заманның зобалаңынан ысылып, бұғанасы беки қатып, жыл сайын кем-кетігі толығып, аумалы-төкпелі қоғамда қабырғасы сөгілмей, керісінше кемелдене түседі. Сол ауыртпалығы көп тұста да білімнің ең сапалысы, өзектісі оқушы санасына сіңіріліп, мамандардың мықтылығының арқасында жергілікті жерде сауатсыздық түгел еңсеріледі.

Демек, бүгінгі ұстаздар қауымы, яғни біздердің жон алдымызда – болашақтың кемелдігінің кепілі ретінде көрініс беретін ең маңызды міндеттер тұр деген сөз. Біз өз тарапымыздан тарихта қалу үшін нендей әрекет етпекпіз? Осы сәттен бастап мектебіміз үшін, еліміз үшін естелік ретінде не қалдыра аламыз? Мақсаттың биігіне бойлаған ұстаздар еңбегі толық ақталар ма? Болашақтың іргетасын қалайтын нар тұлғалар баптап-өсіру қолымыздан қаншалықты келеді?

Міне, осы сынды сан сауал алдымызда көлденең жатыр.

Ел Президенті өзінің әр Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Сол себепті біздің мектептің педагогикалық ұжымы сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.

Мектеп...Осы бес әріптен тұратын қарапайым сөз есіме түссе сағыныш атты асау атқа мініп өткен шаққа құстай ұшып жөнелем . Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, мектеп табалдырығынан түлеп ұшқанға дейінгі қызығы мен шыжығы мол сол бір күндер, сол бір жылдар жүректе мәңгіге сақталып қалады екен. Осы күні қара танып, жазу жазып, мектепте сабақ беріп отырғаным сол мектептің арқасы емес пе?.

Иә, менің еңбек жолдарымның бастауы, қазіргі мектебім Тараз қаласы, № 47 орта мектебі КММ. Бұл мектеп мен үшін ерекше ыстық, киелі алтын орда. Олай айтуымның себебі, мектеп басшысы Абдешова Айжан Ақтілеуқызы бастаған ұжымның еңбекқорлығы, ұйымшылдығы, білімділігі, ізденімпаздылығы бар мектебіміздің ардақты да аяулы ұстаздары білім беруінің арқасы.

«Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық. Қазіргі таңда көптеген елге, облысқа танымал қаншама ұстаздар ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие дәнін себуде. Мектептің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі шығармашылық жұмысы жыл сайын өз нәтижесін беріп келеді. Оған мектеп түлектерінің мемлекеттік грант пен түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жоғарғы оқу орындарына түсуі дәлел.

Сонымен бірге мектептің шығармашылыққа бейімі бар оқушылары жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін Республикалық Абай оқуларына қатысып, аудан, облыстың, мектептің абыройын асқақтатып жүр. Сондай–ақ, жылдағы пәндік Олимпиадаларда топ жарып, интеллектуалды-зияткерлік байқауларда оза шабуда, Республикалық көптеген өнер фестивальдарына қатысқан мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі лауреаттар мен дипломанттар атануда. Спорттық ойындар конкурсының, білім мен біліктілікті сынайтын турнирлердің иегері атанады. Мектептің техникалық базасы толыққанды жаңа заман талабына жеткілікті деңгейде сай. Мектеп мультимедиялық кабинетпен, информатика дәрісханасымен, интерактивтік тақталармен толық жабдықталған. Жаңа заманның жаңашыл ұстаздары осындай технологиялармен, АКТ бағдарламаларымен өз шебер сабақтарын өткізеді. Ұжымның дені – жастар. Жас мамандарға арнайы бекітілген тәлімгер ұстаздардың арқасында, бүгінгі заманауи ақпараттық технологияларды жетік меңгерген ұстаздар, аймақта танымал шеберлігімен, тәжірибелілігімен танылып жүр. Осындай ауқымды ортада жас ұстаз ретінде бойыма ілер ізеттілік пен тәжірибе мол. «Ерді – ел қалыптастырады» деген нақыл бар, демек мен қызмет етуге келген ортаның өзімді «шебер ұстаз» деңгейіне дейін жетуім үшін жеткілікті.

Орта мектептің оқыту тілі – қазақ. Бағыты – жаратылыстану-математикалық.

Мектеп ұжымы Қазақстанның дамуындағы бағыттар қамтылған «Қазақстан–2030» стратегиялық даму бағдарламасынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Білім мен өнерді қатар ұштастырған киелі білім ордасы алдағы күннің талабына сай зор міндеттерді орындауды мақсат етеді. Қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда. Өзімнің келелі ісімді, жүрген ізімді жалғастыра алатын білікті де білімді шәкірттер баулуға толық жағдай жасалған деген сөз. Мен өз тарапымнан тамшыдай болсын, мектептің дамуына сүбелі үлес қосу үшін өзімді бағыттасам деймін.

Жас маман ретінде осындай педагогикалық озат ортаға түскеніме көп болмас да, жас сынып жетекші болып, оқушыларымның тәрбие-тәлімі, білім мен зияткерлігіне жауапты тұлғамын. Мектептің түймедей мүшесі ретінде бойымды ізетті ұстазға лайық қасиетпен толықтырып, жаңаша идея ұсынып, заманауи білім беру платформаларымен сабақ көрсетіп, жан-жақтылық танытуды мақсат тұттым.

Өз өмірінде «не алсам?» деп емес, «Не бере аламын?» дейтін ұғыммен жүрген ұлағат иелерінің бағындырмайтын қамалы жоқ деп ойлаймын. Саналы ғұмырын сан тарау тағдырлы шәкірттер түлетуге бағыттаған ұстаздардың мектеп тарихына қалдырар естелігі осы шығар, бәлкім.

Іс–тәжірибесі толысқан №47 мектеп ұжымының шәкірттерге де, жас мұғалімдерге де берері көп екені хақ. Еліміздің ертеңгі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» демекші, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі әлі алда.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!