400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңашыл ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбие завучтарына мектепте іс-шаралар өткізуде көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

181 орта мектепте «Жаңашыл ұстаз - заман талабы» тақырыбында ұйымдастырылған сайыстың сценарийі



Өтілетін орны: мәжіліс залы

Жүргізуші:

Жылқайдаров Е

Жүргізуші

Армысыздар замандастар!

Қайырлы күн қадірлі әріптестер! Көрермендер!

«Жаңашыл ұстаз - заман талабы» тақырыбында ұйымдастырылған сайысқа қош келдіңіздер!

Жүргізуші

Сайыстың мақсаты :

  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту

  2. Кәсіптік деңгейін арттыру

  3. Топтық жұмыс жасауға үйрету


Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Жүргізуші

Бүгін сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Мектеп директоры С.Бакирова

2. Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ш.Әлібекова

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Жақсылықов

4. Мұғалім Қ.Сүйіндікова


Жүргізуші

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазылар алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, бүгінгі сайыста сәттілік тілейміз.

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

1 бөлім. Сәлемдесу, таныстырылым (5 мин)

2 бөлім. «Мектеп «Кеше, бүгін, ертең…..»  (тақырыпқа  сәйкес   жоба   дайындау. 5-10 мин)

3 бөлім. «Мен – қазақпын»  ( Бейнеклипке дыбыс   үйлестіру, 5-10 мин)

4 бөлім. Көңілді тосын сый. (Еркін тақырыпта үй тапсырмасы)

5 бөлім. Топ жетекшілер сайысы

6 бөлім. Өнер сайысы

Жүргізуші

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі Сәлемдесу, таныстырылым . Ендеше сахна төріне алғашқы болып « » тобын шақырамыз.

  • « » тобы

  • « » тобы

Қазылар алқасынан бірінші бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

  • Назарларыңызға ән

1-Жүргізуші

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!

Сайыстың келесі кезеңі «Мектеп «Кеше, бүгін, ертең…..»  (тақырыпқа  сәйкес   жоба   дайындау. 5-10 мин)


Сайыстың келесі кезеңі «Мен – қазақпын»  ( Бейнеклипке дыбыс   үйлестіру, 5-10 мин

Ендеше сахна төріне алғашқы болып « » тобын шақырамыз.

  1. - топ

  2. - топ

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.


Жүргізуші

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

«Сайыстың келесі кезеңі Көңілді тосын сый. (Еркін тақырыпта үй тапсырмасы.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып « » тобын шақырамыз.

  1. - топ

  2. - топ

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Жүргізуші

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла – ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре-тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі - 5 бөлім. Топ жетекшілер сайысы

1- топ

  1. – топ

  2. - топ

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Жүргізуші :

Мұғалімдер үлес қосар сана менен ақылға,

Мың алғыс бір сабағына татыр ма?

Болуды мен санаймын ең зор бақыт,

Мұғалімдер армиясы сапында.

Жүргізуш і:

  • Иә, мұғалімдік еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі «өзін-өзі басқару күні» тағы да көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ...

Жүргізуші :

  • Олай болса, сахна төріне жас буын өкілдерінің » тобын өнерімен қарсы алыңыздар.

  • « » тобын қарсы алыңыздар.

  • « » тобын алыңыздар.

Жүргізуші

Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша ән тыңдаңыздар

Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.




Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.

Жүргізуші

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

2- Жүргізуші

Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.12.2018
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі