400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңашыл ұстаз- заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңашыл ұстаздарға арналған қысқаша баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарқын болашаққа жол

Кез – келген адам баласы алдына қойған мақсатына ерік – жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін – өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді. Демек,білім саласында әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына ізденімпаздық,адами құндылықтарға толы, оқып білуге құштар қасиеттерді дарыту мұғалімнің негізгі ұстанымы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар — бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші » дегенінің өзі  — деп айтты.

Қазіргі таңда білім саласындағы даму,яғни, жаңартылған білім беру жүйесімен ілгерілеу басты мақсатымыз болып табылады. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Заман талабына сай,болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде. Осы орайда, ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі ойға келеді. Балаға қалай бағыт берсең, солай қарай өседі. Сондықтан баланың бойындағы жақсы қасиеттердің болуы мен қатар, оның жан-жақты дамуына және баладан рухани бай тұлға қалыптастыра білу басты міндетіміз. Бүгінгі оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамытуымыз керек. Қазіргі заман қоғамның жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті мол тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаны жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярлайды.Мұғалім мен оқушының   өзара  қарым — қатынасы маңызды орын алады. Тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беруіміз қажет. Сондай-ақ, білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік орнының кіргізілуі де маңызды роль атқарады.Жаңартылған білім беруде оқушының бойында тыңдалым мен айтылым,оқылым,жазылым дағдыларын қалыптастыру ең негізгі мақсаттардың бірі. Төрт дағдыны ескере отырып Ж.Аймауытовтың «…бала әуелі тәжірбиеге талпынып, нәрсемен танысып, содан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген сөзі бар емес пе?!.. Бұл төрт дағды  оқу жоспарында «Шиыршық  әдісімен» орналастырылып,бір-бірімен байланысқан. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсаты да күрделене түседі. Бүгінгі күні, барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің барлық саладағы көрінісі, азаматтарының бәсекеге қабілеттілігімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.

Біздің міндетіміз- баланың функционалды  сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің  мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетіне асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның  негізі «Өмірмен  байланыс» ұғымына  құрылған. Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік міндеттелді.  Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің  барлық салаларында  табысты болуы үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер  тынымсыз  еңбектенуі керек. Жаңартылған білім — жарқын болашақтың кепілі болып табыланы анық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі