400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңашыл ұстаз – заман талабы (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңашыл ұстаз – заман талабы

(эссе)

Жаңашыл ұстаз –заман талабы. Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаевтың “Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” дегені бар-тын. Осыған орай сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытуды үйрене жүріп үйретіп жүрген ұстаздарымыз бар. Мектебіміздегі бірегей мұғалім Кушекбаев Д.Е. маған тәлімгерлік ете отырып, білім беру жүйесінің міндеттерін түсіндіріп, сабақ барысында осы заманғы әдістемелерді енгізу, тиімді технологияларды қолдануды баса назарда ұстауды үйретті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың түрлі технологияларын (СТО технологиясы, модульдеп оқыту, деңгейлеп т.б) әр сыныптың, әр оқушының ерекшелігіне қарай қолдануды түсіндірді. Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытуды басты назарда ұстау керектігін баса айтты. Сонымен қатар оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолданудың да тиімділігі арта түскендей. Кушекбаев Д.Е. жетекшілігі арқылы көптеген маңызды ақпараттармен таныстым. Оның оқытқан технологияларының тиімділігін айта кетер болсам, мұғалімнің шығармашылық ізденісін, белсенділігін арттырады, өздік жұмыстарды түрлендіреді, оқушылар көп жұмыс жасайды, білімдері жоғары сапаға жетіп, әділ бағаланады, қызығушылығы оянып, белсенділігі артады, пәнаралық байланыс нығаяды, уақытты үнемді пайдалануға дағдыландырады.

«Жақсы мұғалім –мектептің жүрегі» демекші Д.Е. Кушекбаевтың тәлімгерлігі мол, қазіргі заманға сай технологияларды меңгерген. Сонымен қатар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтын, саяси – экономикалық, педагогикалық-психологиялық сауатты , сапалы білім бере алатын ұстаз.

Сөзімді қорытындылай келе, «Елімнің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» - деп, елбасымыз айтқандай үлгілі, жан – жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру заман ағымына қарай үнемі ізденісте жүретін жаңашыл ұстаздарымыздың қолында деп ойлаймын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.12.2018
1326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі