400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жаңбырлы күн" Ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық саласы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жаңбырлы кун

Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастырып, күз мезгілінің ерекшеліктері білім беру.

Қыл қаламмен және бояумен, балауызбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкей, жағу, арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл қозғалысын дамыту.

Ұқыпты жұмыс істеуге уйрету, тянақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: акварель бояуы, ақ қағаз, қыл қалам, балауыз, су, сүрткіш.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің ашық іс-әрекетімізге көптеген апайлар қонаққа келіпті. Олай болса алдымен амандасып алайық

Шаттық шеңбері: Армысыз, алтын күн,

Армысыз көк аспан,

Армысыз,жер-ана

Біз көңілді баламыз

Айтқан тілді аламыз

Сәлеметсіздерме апайлар

Сәлем, балалар

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ауа-райы қандай?

-Қазір жылдың қай мезгілі

-Күз мезгілінде қанша ай бар

-Күз мезгілінде табиғат қалай өзгереді

-Күз мезгілі үш кезеңге бөледі.

-Қыркүйек- Алтын күз. Қазан-жомарт көз. Қараша- қоңыр күз

-Сурет бойынша улкендердің еңбегін әңгімелеу.

-Бір жылда қанша жыл мезгілі бар

-Қыс.Көктем.Жаз.Күз

-Бір аптада неше күн бар



Сергіту жаттығулары: Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар

Үп үлкен боп өседі



Есік қағылып, күз ханшайымы кіреді. Амандасады: « Мен сендерге тапсырмалар алып келдім. Жақсы орындасаңдар сыйлықтарым бар»



1- тапсырма. Күз туралы тақпақтар.



Елнур Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дарядай шалқып жүр



Каусар Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығына ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз



Адия Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап



2- тапсырма. Мақал-мәтелдер, білесіңдерме?

Данияр Бейнетің қатты болса,

Татқанын тәтті болар

Амина Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті



Даниял Еңбегі аздың-өңбегі аз

Ердің атын еңбек шығарар



3- тапсырма. Жұмбақтар шешіп беріңдерші

Нұрали Ағайынды бәрі,

Шықса- жасыл,түссе- сары.

(Жапырақ



Әліби Бұл недеген көп киім

Жетпіс қабат көп киім

Жаңбыр одан өтеді

Қабат-қабат тоңы бар,

Түймелеуге жетпейді

(Орам жапырақ)



4-тапсырма. Жаңылтпаштар айтып жарысайық



Еркежан Көп тырна,

Көп тырна

Тыраулап тек көп тұрма



Айзере Ақ кептер,

Көк кептер

Көп кептер



Айсана Ара, ара, аралар

Гүлдерден сорып бал алар

Алысқа ұшып бара алар

Бал тәтті ғой, балалар!



5-тапсырма: Ойын: кім тапқыр. Көзімізді жұмып жоғалған санды табу.

6-тапсырма; Санамақ айту



Күз қоштасады



Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Әсем сурет салайық

Біз бүгін бұлт пен жаңбырды балауыз пайдаланып саламыз. Бұлттың түсі қандай? Жаңбыр қандай дыбыс шығарады? Қыл қаламмен сүйкей жағып көк түспен бояймыз. Жақсы салған суреттерден, көрме ұйымдастыру. Балалардың ерекше салған суреттерін мақтап мадақтау.

Қорытынды: Сендерге оқу қызметі ұнадыма? Бізге қонаққа кім келді. Күз мезгілі нсімен ұнайды?

Ал енді қонақтармен қощтасайық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Аман есен болайық

Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:



Біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктері жайында түсініктері қалыптасады



Игереді: Қыл қаламмен, бояумен, балауызбен қағаз бетіне дұрыс жұмыс жасау, бұлт пен жаңбырды үлгідегі сияқты шебер салу дағдысын игереді



Меңгереді : Ұқыпты жұмыс істеуді, ептілікті, тиянақтылықты меңгереді.



























































Алматы қаласы Медеу ауданы

МКҚК «№166 бөбекжай - балабақшасы»

























Ашық оқу қызмет

Білім беру саласы: « Шығармашылық»

Оқу қызметі: Сурет

«Қарлығаш» ересектер тобы























Тәрбиеші: Асыркеева Динагуль Омирзаковна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі