Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: Сурет
салу
Білім беру
саласы: Шығармашылық.
Тақырыбы: Жаңбырлы күн. Бояу
тәсілі.
Мақсаты: Балаларға жаңбыр жайлы түсінік
беру. Тамшы жайлы айтып, бояған кезде баланың назарын негізгі түске
аудару. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Тәрбиелік
міндеті: Ұжымшылдыққа,
ұқыптылыққа,бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге
тәрбиелеу.
Білімділік
міндеті: Бояулар жайлы білімдерін
кеңейту.
Дамытушылық
міндеті: Баланың сөздік
қорларын,ойлауын,есте сақтауын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар мен
көрнекіліктер: Үлгі суреттер, жаңбыр мен
тамшылардың суреттері, қағаз, бояу, су, үлестірмелі
материалдар.
Билингвальді
компонент: жаңбыр – дождь, тамшы-капля,
қолшатыр-зонтик, дождевик-жаңбырға арналған
киім.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Балалар бәріміз шеңберге
тұрып, аспан атамен, күнмен, жер анамызбен, достарымызбен амандасып
алайық.
Армысың, ардақты аспан
ата!
Армысың, мейірімді жер
ана!
Амансың ба, шұғылалы
күн!
Амансың ба,
достарым!
Сендерді көріп
қуандым.
Ғажайып
сәт:
Есік қағылады.Балалар бұл кім
болды екен?
Сәлеметсіңдер ме балалар,
менің атым тамшы.Балалар менің сендер сияқты достарым жоқ әр кез
жалғыз жүремін маған озім сияқты тамшы салып бересіңдер
ме?
Балалар тамшыға комектесеміз
бе?
Балалардың
жауабы.
Ендеше балалар бүгінгі
сабағымыз осы тамшыға байланысты болмақ,жаңбырлы күн.бояу тәсілі
деп аталады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік. Тақтаға жаңбырдың
суреті ілінеді.
-Балалар бұл ненің
суреті?
-Балалардың
жауабы.
Дұрыс айтасыңдар.Ендеше
бәріміз жаңбырдың даусын салып көрейікші. Қолымызбен ақырын
тырсылдатамыз, енді қаттырақ тырсылдатамыз. Енді аяғымызбен ақырын
тырсылдатамыз. Енді даусын қаттырақ
шығарамыз.
Жарайсыңдар.
Балалар біз ненің даусын
келтірдік?
Жаңбырдың.
Бұлттан бөлініп жерге түсетін
сұйық тамшылырды жаңбыр деп атаймыз. Ендеше, бәріміз
жаңбыр туралы тақпақ жаттайық:
Жау жау жаңбыр, жау
жаңбыр,
Жауған жаңбыр- жауған
нұр.
Жердің шаңы
басылсын,
Гүлдің аузы
ашылсын.
-Балалар, бәріміз жаңбыр
жауған кездегі тамшының суретін салайық.
Үлестірмелі материалдар
таратылып беріледі, қауіпсіздік ережесі айтылады. Балалар сурет
салған кезде оларды қадағалап, тексеру.
Сергіту
сәті: Бала бала
балақан,
Қане қайсы
алақан.
Саусақтарың
әйбат,
Былай-былай
ойнат.
Топ топ топ
басайық,
Жалаудан күн
жасайық.
Жаса жаса жарқын
күн,
Жаса жаса алтын
күн!
Дидактикалық
ойын: Балалар қазір ойын ойнаймыз.
Ойынның аты «Ойлан,тап» деп аталады.
Мақсаты: Балалардың ойлау және есте
сақтау қабілеттерін дамыту. Жаңа сабақ бойынша білімдерін
нақтылау.
Шарты: Мына жерде әр түрлі заттардың
суреттері белгіленген. Сендер бағыттағышты бұрып, сол суреттің
атауын, не үшін және қай кезде қолданатынызды айтып
бересіңдер.
Рефлекцивтік-түзетушілік:
- Балалар бүгін біз сендермен
қандай сурет салдық?
-Тамшы қай кезде пайда
болады?
Балалардың
жауабы.
Осымен ашық сабағымыз
аяқталды.