Қазақстан тарихындағы Жәңгір ханның алатын
орны. .
С. Мақсаты:
Білімділік: Жәңгірдің билік басына келуі, аймақтағы
әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер, Жәңгір
ханның Қазақстан тарихындағы алатын орны.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық рухқа, патриотизмге, Отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, Жәңгір ханның портреті,
интерактивті тақта, тақырыптық суреттер, слайд.
С. Типі:Қорытындылау.
С.түрі: Дебат (пікір-сайыс) сабақ.
С.барысы: «Қазақстан тарихындағы Жәңгір ханның алатын орны»
тақырыбына арналған дебат сабағын бастаймыз.
Әділқазылар алқасын сайлау.
1-топ: «Алаш» тобы- жақтаушылар.
2-топ: «Үш жүз» тобы-даттаушылар.
1-Спикер.Саламатсыздар ма? Әділқазылар,қарсылас топ, қонақтар! Мен
«Алаш» тобының спикері......
Жәңгір кім еді? –деген сұраққа біздің аргументіміз:1799 ж. Бөкей
сұлтан Ресей императорының атына хат жазды.Хатында өзінің қол
астындағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп
баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады.1801ж. 11.03.Ресей монархы
І-Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы
қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.Көшіп
барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70мың шаршы шақырым шамасында
болды.Бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды.Бөкей хандығының негізін
қалаған Бөкейхан 1815ж. Қайтыс болды.
1-дәлел:Жәңгір хан қазақ даласына Европа мәдениеті мен білімін
әкелген жаңашыл ағартушы.Ол 1824ж. Орал қаласында хан болып
жарияланды.Жәңгір 20ж. Ел басқарған жылдарында қазақтардың бұрынғы
дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасаған, ислам дінінің ықпалы
артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең
болды.Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және қазақтардың
жан-жағынан қоршауы жағдайында өмір сүрді.Олар Жайықтың сырт
жағындағы тайпалас туыстарынан бөлініп қалды.Сондықтан да уақыт өте
келе олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде бір қатар
елеулі өзгерістер қалыптаса бастады.Ондай жаңалықтардың енгізілуіне
көбіне Жәңгір ханның өзі бастамашы болды.
2-спикер.Саламатсыздар ма? Мен «Алаш» тобының 2-спикері......
2-дәлел:Жәңгірдің тұсында Бөкей хандығында сауда-саттық қызу
қарқынмен дамыды.1832ж. Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін
ұйымдастырды.Ол жылына 3рет ұйымдастырылып, ханның қол астындағы
халық өздерінің малын тиімді айырбастауды, сатуды үйренді.Хан
өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Европа мәдениеті мен
білімін енгізу, өлкеде ислам дінін дамыту саласында қыруар жұмыстар
атқарды.1835ж.Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мешіт ашылды.Ол
өз қаражатына діни кітаптар басып шығартты.Ресейдің зерттеуші
ғалымы А.Алекторовтың айтуына қарағанда, «Хан бірде-бір рет намазын
қаза жібермеген, жұма сайын сұлтандармен бірге мешітке барып
тұрған, рамазан айындағы ораза кезінде онда таң атқанша болып
жүрген.»
1-спикер:Саламатсыздар ма? Әділқазылар, қарсылас топ, қонақтар! Мен
«Үш жүз» тобының 1-спикері......
Біз «Үш жүз» тобы Жәңгір кім еді? -деген сұраққа
Дүние жүзі халықтары, олардың ішінде қазақ халқы да хандардың,
қанаушылардың қорлық-зомбылығына көне бермей, жиі-жиі бас көтерген,
мұндай көтерілістер кейде жалпы халықтық қозғалысқа ұласқан шақтары
да аз болмаған.Солардың бірі-ХІХғ. Алғашқы жартысында, Батыс
Қазақстанда И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс.Ендігі
сөз, сол көтерілістің шығу себебі.
1-қарсы дәлел:Губернатор Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, әскери
училищелерден монархистік рух алып шыққан Жәңгір ханды, патша
үкіметі орыс князьдерінің дәрежесінде ұстаған.Жәңгір «қазақы»
хандардай емес, Россия патшасының салтанатымен тұруға тырысқан және
оның халықты қанауы өте өктем болған.Россия дворяндары мен
помещиктерінің салтымен тұрған Жәңгір ханның заманында Бөкей
ордасында халықты аса күйзелткен бір мәселе - жер болды.Жәңгірден
бұрынғы көшпелі ауыл тұрмысында жеке ру, жеке адам меншіктенетін
жер учаскесі болмайтын, мал шаруашылығымен күнелткен қазақ халқында
жер жалпы үлкен рудың меншігі саналатын.Әрине, онда да жердің отын,
суын кедейден гөрі байлар артық пайдаланды.Бөкей хандығына қараған
елдің жерін Жәңгір хан Россия тәртібімен басқарды, яғни барлық
шұрайлы жақсы жерлерді өзі алып, өзіне жақын билер мен байларға
бөліп берді.
2-спикер.Саламатсыздар ма? Мен «Алаш» тобының 2-спикері......
2-қарсы дәлел:Мәселен, Жәңгір ханның өз қарамағында 400мың десятина
жер болды, өз інісі Меңдігерейде 400мың десятина, Қарауылқожа
Бабажановқа 390м. Д. ,Балқы биге 300м.д.Жердің бәрі қанаушы таптың
қолына көшіп, еңбекші халық жерден қатты тарығады.Бөкей ордасына
қарасты барлық жердің шұрайлысына қазақтың өз феодалдарына ғана
меншіктеумен қанағатанбайды, оның біразын орыс помещиктері, казачий
станицаның атамандары мен кулактары алады.»Шабындыққа, қысқы
қонысқа ең жайлы жер- Орал өзенінің Каспий теңізіне құятын сағасы,
Безбородкаға- 185,960м.д., Юсуповқа- 114,640м.д. жер берді.»Ал
атамандар мен кулактар құнарлы жерге «мал оты үшін» деген сылтаумен
1834жылы 7.252сом көшіп келген қазақтардан ақша алған.
2-спикер.Саламатсыздар ма? Мен «Алаш» тобының 2-спикері......
Жәңгір қатыгездікке барды деп отырсың, мүмкін ол осы іс-әрекетке
өмірдің ағымына қарсы келе алмағандықтан барған шығар.Жәңгір хан
жаңашыл адам болған, оған дәлел айтсам 1841ж. Алғашқы зайырлы
мектеп ашылды.Мектепте орыс, парсы, араб тілдері, сонымен қатар
математика, география, тарих, дінтану пәндері де оқытылды.Ол
мектептің барлық шығынын өз қаражатынан төлеген.Жәңгір хан қазақ
баларының Ресейдің оқу орнындарында оқуын жақтап қана қойған жоқ,
сонымен қатар балаларды Санк-Петербургта, Москвада, Саратовта,
Астраханда,Казанда, Орынборда оқытуға жеке өзі көп күш – жігер
жұмсады.Мәселен, өзінің қол астындағы халықтың балаларын оқыту үшін
Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берілуіне қол
жеткізген.Бөкей Ордасынан барып оқығандардың бірқатары кейінірек
көрнекті инженерлер, әскери-қызметшілер, ғалымдар ретінде даңққа
бөленді.
2-дәлел:Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу
практикасын енгізді.Оның күш-жігер жұмсауы арқасында Ішкі Ордада
аурухана, дәріхана ашылды.ОЛ далалық жағдайда бірінші болып Ішкі
Орданың топонимикалық және географиялық картасын жасатты.Көшпелі
халықтың отырықшылық өмір салтына көшуін қолдап, шөп шабуды
үйретті.Ол мал тұқымын асылдандыру ісіне де белсене араласты.Осы
мақсатпен Кавказдан және орыс заводтарынан асыл тұқымды жылқылар
алдырлы.Ресейдің Европа лық бөлігінен ауыл шаруашылық
құрал-саймандарын көптеп жеткізуге нұсқау берді.Жәңгір хан ағаш
отырғызу ісіне де көп көңіл бөлді.Оның тікелей нұсқауы бойынша
50мың гектар жерге ағаш отырғызылып , көгалдандырылды.
2-спикер.Саламатсыздар ма? Мен «Үш жүз» тобының спикері.......
Жәңгір ханды жаңашыл адам дедің, ол осы өзгерістерді өз мүддесі
үшін жасады деп ойламайсың ба?Менің саған айтар қарсы дәлелім бар .
Каспий түбіндегі шұрайлы жерге мал жаю үшін қазақтар
әскери-казактардың ақысыз жұмысын істеген.Халықты жерден қысу,
рақымсыз қанау мұнымен ғана тоқтамайды.1836-1838ж.Бөкей Ордасында
Исатай мен Маханбет бастаған халық көтерілісі де бар.
1-спикер.Менің қарсы –дәлелім бар......
Ол Ішкі Орда да хан билігін 1845ж. Дейін сақтап қалды, сол арқылы
Қазақ мемлекеттілігінің өмір сүруін ұзартты.Жәңгір ханның
ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық
арасындағы қазақтар өздерінің әдеуметтік-экономикалық және
мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға қол жеткізе
алды.Аталмыш шаралардың арқасында Ішкі Ордада қылмыс жасау деген
атымен болған жоқ.
Қорытынды:Ал енді, Жәңгір ханның Қазақстан тарихындағы алатын
орнына келсек, Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында
орасан зор роль атқарды.Қазақ халқының тарихында көптеген із-түзсіз
кеткен хандар болды.Жәңгір ханды біз олардың қатарына қоса
алмаймыз, себебі оның қазақ тарихында алатын орны үлкен.Жәңгір хан
қазақ даласына көптеген жаңашыл өзгерістер енгізген адам.Бөкей
ордасы, Жәңгір хан туралы көп жазылғанымен, бұл әулет тарихында
беті ашылмаған жәйттері әлі жеткілі
Сабақтың тақырыбы Ежелгі
адамдардың қоршаған орта туралы
түсінігі
Сабақтың мақсаты:
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі, білім, діни
көзқарастар т.б. туралы айту.
Өнердің шығуы турады баяндай отырып, мәдениеттілікке, имандылыққа,
тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралса
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі
2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Білімнің дамуы
2. Діни көзқарастың қалыптасуы
Тотемизм-адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат
құбылыстарымен байланыстыру.
Адамдардың түсінігі бойынша , жер мен судың, орман мен таудың
иелері болған. Сондықтан оларға
құрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді
билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа
ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ао орасан
зор күш иесін құдайлар деп атаған.
3. Өнердің шығуы.
Сабақты бекіту:
Адамдар өздерінің білімдерін қалай
жетілдірген?
Діни көзқарастың қалыптасуы неге байлынысты
болды?
Өнер қалай пайда болған, Өнердің қай түрі жақсы
дамыған?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Алғашқы қауымдық адамдар тарихынан не білдік?
Тас дәуірі қандай кезеңдерге
бөлінеді?
Палеолит- ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры, неолит-жаңа
тас ғасыры.
Тастан жасалған негізгі құралдарды ата. /Қашау, қырғыш, балта,
найзының ұшы, пышақ, садақпен
жебе./
Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз
не?
Алғашқы адамдар-адамдар тобыры. «Саналы адам»-рулық қауымдар. 13
мың жыл бұрын-рулар мен тайпалар қалыптасты. 6-7 мың жыл бұрын
рулық қауымдар ыдырады-ақсүйектер пайда болды.
Дін қалай шықты?
Алғашқы қауымдағы адам табиғатқа тәуелді еді, табиғат
құбылыстарының себептерін біле алмады. Бұл аруақтар (рухтар) мен
сиқырға сенуді туғызды, әдет-ғұрып шықты.
Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап
тапты?
Саз балшықтан қыш ыдыстар дайындалды, шыбықтан себет тоқылды, жіп
иіру, тоқымашылық қалыптасты, қайық жасалды, үйлер салынды.
Уақыт Еңбек құралдыры Кәсіптері Адамдар мен олардың ұжымдары
Дін
Палеолит дәуірі
1. Ерте
2. Кейінгі
Орта тас ғасыры (мезолит)
Жаңа тас ғасыры (неоли\ ттттт \