Жаңғыру
жолындағы жас маман рөлі.
Рухани
жаңғыру дегеніміз – тек бүгінен басталған
жұмыс емес. Қазақстан Республикасы
1991жылы 16-желтоқсанда тәуелсіз мемлекет
болғаннан бастап саясатымызды нығайтып,
халықтың жағдайын көтеру мақсатында,
бірнеше бағытта жаңғыру жұмыстары
жүргізілді.
Еліміз
жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл
басындағы халыққа жолдауымда Қазақстанның
үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым
деді елбасымыз өз сөзінде.
Осылайша
біз қайта дамудың айрықша екі процесі
саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды
қолға алдық. Бұған дейінде ел басы
Н.Ә.Назарбаев 2020 халыққа жолдауында
дамыған 30 мемлекттің қатарына енуді
жоспарлаған еді. Ол жолдауда көзделген
жоспарларымыз 100 аурахана және 100 мектеп
салынып, қаншама мамандар жұмыспен
қамтамасыз етіліп, халықтық жағдайы
жақсара түсті. Білім беру саласы күшейді.
Қарапайым халық ел іздеп сан жақа жүгіруі
азайды.
Осындай
нақты қадамдардың арқасында мезетінен
бұрын мақсатқа жетіп дамыған 50 елдің
қатарынан көріндік.
Сонымен
қатар 2004ж «мәдени мұра» бағдарламасы
аясында Қазақстан аумағындағы тарихи
мәдени ескерткіштермен нысандарды
жаңғырттық. Мен еліміз мықты, әрі
жауапкершілігі мықты, біртұтас ұлт болу
үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз
және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз
туралы көзқарастарымды ортаға салуды
жөн көрдім.
Біздің
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,
ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу.
Бұл
ретте тұтас қоғамның және Қазақстанның
сапасын жаңғыртудың бірнеше бағытын
атап өтейік.
Басекелестік
қабілет
Прагматизм
білімнің бірегейлікті сақтауы
Білімнің
салтанат құруы
Қазақстанның
революциялық емес эволюциялық дамуы.
Сананың
қашықтығы
Білімнің
салтанат құруы:
Білімді,
көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу –
біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік
жылдарында қыруар жұмыс жасалынды. Біз
он мыңдаған шет елдің ең үздік
университеттерінде дайындап шықтық.
Дегенмен
білімнің салтанат құруы жалпыға ортақ
болуы тиіс. Табысты болудың ең іргелі
басты фактысы білім екенін әркім терең
түсіну керек. Жастарымыз басымдық
беретін мәселелердің қатарында білім
әрдайым бірінші орында тұруы шарт.бұл
бағытта білім берудің бірнеше сатылары
бар. Олардың қатарына 3 тілде білім беру
әдістемесі, білім берудің жаңа бағыты
5 – күндік оқу жоспары. Бұл жаңғыру
алдымен университет қабырғаларында
содан соң 2017 жылдан бастап мектептің
бірнеше сыныптарында қолға алына
бастады. Сонымен қатар 3 тілде білім
беру балабақшаларда қолға алынып жатыр.
Қазіргі таңда балабақшалар саны күрт
өсуде. Айта кетер жаңалығымыз 2017 жылдың
1 – қарашасында осы біздің ЖШС «У Аяулым»
бөбекжай балабақшасы бой көтерді.
Ұлттық
бірегейлікті сақтау.
ұлттық
салт – дәстүріміз, тілімізбен музыкамыз,
әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен
айтқанда ұлттық рухымызды мәңгі бойымызда
сақтауымыз керек.
Бәсекелестік
қабілеттілік:
Қазіргі
таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық
өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана
көптеген табысқа жетуіміз мүмкін.
Болашақта ұлттық табысты болуы оның
табиғи байлығымен емес, адамдардың
бәсекелік қабілетінен байқалады.
Қазақстанның
ревалюциялық емес эволюциялық даму.
Күллі
XX ғасыр революциялық сілкіністерге
толы болды. Бұл осы аумақтағы барша
ұлттарға әсер етіп, бүкіл болмысын
өзгертті. Әрбір жұрт тарихтан өзінше
сабақ алады, бұл әркімнің өз еркіндегі
шаруа. Біз тарихтың сабағын айқын
түсінуіміз керек. Сол себепті, тарихтың
ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз
күнде көріп жүрген құбылыстардан ой
түйіп болашаққа қарай бет алуымыз керек.
Сананың
ашықтығы:
Өз
тілімізді жетік меңгеріп, ағылшын тілін
кәсіби байланыс құралы ретінде жетік
меңгеруіміз керек. «Өзіміздік ғана
таңсық өзгенікі қақсық» деп кері тартпай
ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін
қабылдап, оны өзіміз іс жүзінде істеуіміз
керек.
Егер
қазақстандықтар жер жүзінде үйден
шықпай, терезеден телміріп отырып баға
беретін болса, әлемде, құрлықта тіпті
көрші елдерде қандай дауыл соғып жатқанын
көре алмайды.