«Балбөбек-2014»балабақшасы.
Сыздықова Ақтолқын
Мұханбетқызы
Тәрбиеші.
Баяндама
«Үлгісімен қуантады түбінде.
Жақсы тәртіп көрсе бала
күнінде.»
Жүсіп Баласағұни.
«Жаңғыру жолындағы жас маман
рөлі.»
Мен тәрбиеші мамандығын не
үшін таңдадым?Оның жауабы өте
қарапайым.Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес
бұл
менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші
болу
оңай емес. Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына
сай
білім беру өте жоғары деңгейді талап етеді. Оған білім,тәжірбие
және үлкен
шыдамдылықты қажет етеді.Тәрбиеші үнемі жоғары деңгейде
ізденіспен
жұмыс жасауы шарт. Біздің мақсатымыз балалардың тәрбиесіне аса
көңіл
бөліп,оларды алдағы өмір сенімдерін және оқып білім алуға
құштарлығын
арттыру. Тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысын мерекелік күнге теңей
білуі
керек. Әр тәрбиеленуші балалардың көңіл
-күйіне мән бере
отырып,олардың
білім алуына құштарлықтарын арттыру.Ата-аналарымен күнделікті
кездесу
барысында балаларының жетістіктерімен бөлісе
отыру. Балалар ата-анасына
қандай сезімде болса,тәрбиеші де өзіне сол сезімді сездірте білсе,
жұмыс жасау барысы өз нәтижесін көрсетеді деген
сенімдемін.Балалардың сеніміне кіре отырып,еркін
тәрбиелеуге,тәртіпке үйретуге көмегін тигізеді. Олар
күнделікті өз-өзіне қызмет ету(таңертеңгілік жаттығу,ас ішу
кезіндегі ұқыптылықты сақтау,киімдерін тиянақты
жинау,оқу-құралдарын күтіп ұстау) әр баланың
дұрыс қалыптасуына жақсы әсер етеді. Балаларға деген
сүйіспеншілікті сезіне білу керек. Әр баланың бойындағы
сезімді,өзі үшін және өзінің істері үшін жауапты екеніне мән
бергізе білу қажет.Мен күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметімде
балаларды мейірімділікке, отбасына,жақындарына, және
айналадағы қоршаған ортаға құрметпен қарауға мақсатқа
жетуге
үйретудемін. Олар өз Отанына,үйіне,балабақшаға,ауылына,табиғатына
деген
сүйіспеншілігін оята отырып,оларды әдептілікке,
адамгершілікке,
бауырмалдыққа бар күш жігерімді сала тәрбиелеудемін.
Ұлы Абай атамыз өзінің 43қара сөзінде баланың танымын алғашқы
күннен
бастап дамытпаса,оның өзі ізтүссіз жоғалып,жойылып кететінін
айтса,
ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным
әрекетінің
негізі «оқу білім»деп тұжырымдаған. Осы тұжырымға сүйене
отырып,балалардың танымын жоғарлату
жолында әр оқу қызметті дидактикалық
ойын,қимылды ойын, үстел үсті ойындар және бір ертегі кейіпкерін
қонаққа
шақыру арқылы оқу барысын ұйымдастырамын. «Жаңғыру жолындағы
жас
маман рөлі» тақырыбына эссе жаза отырып,өзімді көптеген бала
бағбаны бола білген тәрбиешілердің бірі ретіне ену жолында бар
ықыласымды,ынта
жігерімді ең үлкен қасиет баланың өз болмысын құрметтей білу
сезімімді
аямауға жұмыстанудамын. Мен өзімнің тәрбиеленушілеріме
«Күш
білімде,білім кітапта» мақалды түсіндіре отырып, болашаққа
сеніммен баруға білімді,тәртіпті,тиянақты,бауырмашыл,мейірімді болу
арқылы жетуге
болатының ұғындара нәтижеге жету. Бауыр еті баласының тәрбиесі
мен
оқуға деген құштарлықтарын оятып саналы азамат етіп, тәрбиелейді
деген
сеніммен берген ата-аналардың сенімін ақтау үшін, тәрбиеші бар
күш
жігерімен жұмыс атқаруы міндетті деп санаймын. Балаларынан күткен
үлкен
үміттеріне жетуіне ата-ананың басты рөл атқаратының
ата-аналарғада
жеткізу міндетіміз.Әр тәрбиеші ана, дос, психолог,актер болуы шарт.
Тәрбиеші үлкен ізденіпаздықпен, қажырлықпен,
төзімділікпен,түсіністікпен,жанашырлықпен,адамгершілікпен жұмыс
жасауы қажет.Тәрбиеші қызметін атқаруда қазіргі заманғы озық
істәжірбиелермен, ақпараттық жаңа технологияларды пайдалана
отырып, бала зейінін дамытып,жеке тұлғаға айналдыру басты
міндетім деп есептеймін.Тамшыдан
теңіз құралатындай әр тәрбиеші бала жүрегіне жылулық ұялатып,
қабілеті мен
дарынын аша білу керек.
Әр адамның мақсаты бар, менің негізгі мақсатым, ол өскелең ұрпаққа
бүгінгі
күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары
бола
алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындауда мен жаңа
әдістерді
танып, жинақтауда еңбек етіп жүрмін. «Тәуелсіз еліміздің тірегі
білімді
ұрпақ»екенін ескерсек әр бір ғимараттың кірпіші біздің
тәрбиеленушілеріміздің қолында екенін
ұмытпайық.
Тәрбиеші:Сыздықова.А.М.