400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп қазақ халқы байырғы заманнан бекер айтпаса керек. Елбасымыз «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын өскелең жас ұрпақты білімді, еңбекқор, болашағы жарқын мемлекетті дамытуда өз үлесін қосатын, елін сүйетін патриот азаматтар тәрбиелеп шығару мақсатында ұсынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

Алаутау ауданы

№201 мектеп-гимназия









«Жаңғыру заманындағы педагогтардың атқарар рөлі»

















Ағылшын тілі пәні мұғалімі:

Сабыр Зейнеп Нурғалиқызы



















Алматы


«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп қазақ халқы байырғы заманнан бекер айтпаса керек. Елбасымыз «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын өскелең жас ұрпақты білімді, еңбекқор, болашағы жарқын мемлекетті дамытуда өз үлесін қосатын, елін сүйетін патриот азаматтар тәрбиелеп шығару мақсатында ұсынды.

Қазақстанның болашағы – бүгінгі өскелең жас ұрпақ. Ал ол ұрпақты тәрбиелейтін, білім нәрімен сусындатып, дамуына үлес қосатын ардақты ұстаз. Мен ұстаз ретінде оқушыларға ең алдымен рухани білім – адамгершілікке, одан кейін сапалы білім беруге ұмтыламын. Әлихан Бөкейханов айтқандай «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден», мінезді, адамгершілігі мол ұрпақ Қазақстанның болашағы. Ұстаздар қауымына қазіргі таңда заманауи технологияларды қолданып, түрлі әдіс-тәсілдерді жетік меңгеріп, оқушыларды олимпиада және жобаларға дайындап, жан-жақты ақпарат пен сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған.

Рухани жаңғыру жолындағы ұстаздың атқарар рөлі орасан зор. Оқушылардың сана сезмін жаңғырту, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық сана сезімнің жетілуіне үлес қоса алатын, салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлтжанды, патриот тәрбиелеу ұстаздың ең басты міндеттері. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсу үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» - деп Шоқан Уалиханов айтқандай, XXI ғасырда азаттық пен білім әрқашанда бірінші орында. Білім – ол жабық есікті ашатын кілт, ал білімді болуға септігін тигізетін, жастарды дамытатын – рухани жаңғыру.

Бүгінгі қоғамдағы ұстаздың рөлі – шәкіртіне ғылым негіздерін ғана үйретіп қоймай, дүниежүзілік білім, ақпарат, саясат кеңістігіне шығуға, бәсеке жағдайында өз ұстанымдарынан айнымай өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» дейді. Білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Ол шәкіртінің жүрегіне жол тауып, пәніне қызықтырарлық жол іздеп, өзінің білімін үнемі жетілдіріп, жаңа технологияларды пайдаланады. Себебі оқушыдан терең білім мен еңбекқорлықты талап ету үшін, ұстаздың өзі сол қасиеттерді иемденіп, үлгі бола білу керек.

Мұғалім бүгінгі қоғамда қозғалтқыш күш рөлін атқарады. Себебі, жас ұрпақтың тәрбиесіне, жаңа озық технологиялардың дамуына, ел саясатына, қоғамның дамып қалыптасуына мұғалімдер елеулі үлес қосуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды ұмытпай, жас ұрпақтың бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздың басты борышы. Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, ұрпағының болашағына жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.

Жаңа ғасыр мұғалімінің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, әділдік, ұстамдылық, байсалдылық, сабырлық, төзімділік. Ұстаз әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, адал жүрегін ашып ұсынса, өз ісін жан тәнімен беріліп атқарса, нағыз ұстаз болмақ.

Қорыта келгенде, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, тәрбиелі, көкірегі ояу, әрқашан еліне қызмет ететін патриот азаматты қалыптастыру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі