400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Жаңылтпаштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Көк тырна, Көп тырна. Тыраулап тек, Көп тұрма.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңылпаштар


Көк тырна,

Көп тырна.

Тыраулап тек,

Көп тұрма.

*************************

Мына сайда отырған бай Бағланбай,

Бұл қай Бағланбай?


*************************

Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кешет тікті.


*************************

Күрішті етуге кірісті күрішші,

Күрішші себуге кірісті күрішті.


*************************

Іздеп ек бір-бір құр,

Қу екен құр құрғыр.

Таптырмай қырдан құр,

Қайттық біз құрдан-құр.


************************

Шөмелеленбеген шөпті

Мен шөмелелемей,

Кім шөмелелейді?


************************

Ардақта алты арқар бар,

Қырқарда қырық арқар бар.

Қырық арқарда қарт арқар бар,

Алты арқарда марқа арқар бар.


************************

Қаштым қатты-ақ,

Ұшты қалпақ,

Балақ сатпақ,

Аяқ батпақ.


************************

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға қарға қонды.


************************

Күлдірген-ау, Күлдірген,

Жуамын деп еденді.

Үйдің ішін бүлдірген,

Әй, Күлдірген, Күлдірген!


************************

Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.


************************

Оқуға салақтар,

Тек кітап парақтар,

Сабақта алақтар,

Далада далақтар.


************************

Дөп-дөңгелек

Доп дөңгелек келеді.

Тепкен, бөгеп,

Аяқ оған кеегі.


************************

Тұз мұздай,

Мұз тұздай.


************************

Пеш үстінде бес мысық,

Пеш ішінде бес мысық,

Бес күзетші- бес пысық.


*************************

Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Бал тәтті ғой, балалар!


*************************

Шілікті шаптым,

Жілікті астым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.


*************************

Тебіншек ат – шегіншек,

Шегіншек ат – тебіншек.

**************************

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?


**************************

Кілт іздеген қара шал,

Бұлт іздеген Бағашар.

Бұлт іздеген жараспас,

Кілт іздеген жарасар.


*************************

Төрттік алған,

Бес тұп алмайды.

Бестік алған

Төрт тұп алмайды.


*************************

Автобусқа кіргеніңде,

Елмен бірге ілгерірек ілгеріле.


*************************

Айта-айта жақ талды,

Қайта-қайта жатталды.

Қайта-қайта жақ талды,

Айта-айта жатталды.


*************************

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.


*************************

Бес тұп алма,

Бестік алғандікі.

Төрт тұп алма,

Төрттік алғандікі.


************************

Қой тайлақтай,

Қай лақ тайлақтай?


************************

Бір ақ шымшық,

Үш ақ шымшық,

Төрт ақ шымшық.


************************


Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?


***********************


Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы.

Үш құс та жақсы.


***********************

Толағайдың торы ала аты бар,

Толағай, торы атынды

Тағалатып ал.


************************









































Наурыз мейрамы



22 наурыз

Күнтізбенің парағын,

Бүгін аңдап қарадым.

Мерекелі күн кепті,

Жыртпаймын мен тұл бетті!


Х. Ерғалиев


**************************************************************************


НАУРЫЗ

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.


Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар,

Көже – елдің ырғызы...


А. Шаяхметов

**************************************************************************


НАУРЫЗ КӨЖЕ


Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта – тағы бар.


Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Ошақта көп шоқ әлі,

Астың ауыр обалы.

Астан үлкен ешкім жоқ,

Қазан ауыз жоғары.

О. Асқар




Санамақтар


Санамақтар – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түрі. Санамақ сәбилерге сан үйрету, сандардың ретін танытуды көздейтін, оның өлең санамақтың құрылымда формалық шарттар қатаң сақталды. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделеді береді. Бала жадын жаттықтыра түсу мақсатында заттың тиянағы жоқ, құпия сөздер де қосылады.

Мысалы: Бір дегенім – білу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім – үскі,

Төрт дегенім – төсек,

Бес дегенім – бесік,

Алты дегенім – асық,

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке,

Тоғыз дегенім – торқа,

Он дегенім – оймақ,

Он бір дегенім – қара жұмбақ.


Санамақ

Бір- таңертең тұр.

Екі- шынығып, бекі.

Үш- тазалап тіс.

Төрт- сабындап жу бет.

Бес- сүртін тез.

Алты- үйді жина жалпы.

Жеті- киін енді.

Сегіз- асыңды жеп, іш.

Тоғыз- ыдысты жу тегіс.

Он- сабақ оқы.

Осыдан соң

Бұл санамақ жаңа

Күнде өстіп сана.

**************************************************************************


Санамақ


Кел санайық, санайық,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы,

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

Мен базарға бардым,

Ысқырық сатып алдым.

Қызыл, жасыл,көгілдір

Қайысын алсаң өзің біл.


Саусақ санау ойыны


Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!


Бас бармақ,


Балалы үйрек,


Ортан терек,


Шылдыр шүмек,


Кішкене бөбек.

Сен тұр қойыңа бар!

Сен тұр қозыңа бар!

Сен тұр жылқыңа бар!

Сен тұр сиырыңа бар!

Сен тұр түйеңе бар!


Ал сен алаңдамай,


Қазан түбін жалап,


Үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар...

Мына жерде қатық бар...

Қытық, қытық!


**************************************************************************



Бір аптаның күндері өтті:


  1. Дүйсенбіде гүлдер ектім.

  2. Сейсенбіде алма тердім.

  3. Сәрсенбіде су әкелдім.

  4. Бейсенбіде бақша баптап,

  5. Жұма күні тақпақ жаттап,

  6. Сенбіде мен саған бардым.

  7. Жексенбіде бір демалдым.







Бес саусақ


Ал санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ап,

Кәне – кәне санайық,

Санын біліп алаық.


Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу...

Қолымда саусағым нешеу?


Мынау, мынау бас бармақ,

Санамақ содан басталмақ.

Мүйіз қалпақ басында,

Төрт серігі қасында.


Қутыңдаған сұқ қоым,

Епетейлі мықты оным.

Бармақтың басты тірегі,

Өзін ісін біледі.

Мынау, мынау ортаң қол,

Кішілерге қамқор қол.

Төртеуінің ағасы,

Білектің үлкен баласы.


«Бәрін- тегіс мақтап бол» - деп,

Тұрсың ғой аты жоқ қол.

Орайласын ортаншым,

Елгезексіз жортасың.


Саусақтар күшін санасақ,

Ойнақы епті шынашақ.

Еркелеп өскен кенжесі,

Қамқоршы оған өзгесі.















**************************************************************************


Бір дегенім – Білмек,

Екі дегенім – Еңбек.

Үш дегенім – Үлгі,

Төрт дегенім – Төзім.

Бес дегенім – Бестік,

Алты дегенім - Алғыс.

Жеті дегенім – Жеңу,

Сегіз дегенім – Сену.

Тоғыз дегенім – Тоқу,

Он дегенім – Оқу.


**************************************************************************


Бас бармағым – атам үйдің данасы.

Балам үйрек - әжем ошақ анасы.

Ортан терек - әкем отау панасы.

Шылдыр шүмек – анам шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен бәрінің базары.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.05.2019
1736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі