Материалдар / Жанғыш пайдалы қазбалар.

Жанғыш пайдалы қазбалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
575
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:дүниетануКүні:Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.Мақсаты: 1.Жанғыш пайдалы қазбалар туралы түсіндіру. 2.Жанғыш пайдалы қазбалар туралы ой-өрісін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. 3.Оттан абай болуға , достыққа, ержүрек болуға тәрбиелеу.Сабақ түрі:Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.Көрнекілігі: Суреттер, көмір, бензинБарысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Кітап, дәптерлерін түгендеу, сабаққа назарларын аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:.-Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?Картадан шартты белгі бойынша түсті металдарды тауып, оны қорғау.IIІ. Білімді тексеру кезеңі:Пайдалы қазбалардың қандай түрлерімен таныстық?Қара металл, түсті металл, жанғыш пайдалы қазбалардағы ұқсастық пен айырмашылықты кім айтып бере алады?IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Жанғыш пайдалы қазбалар.V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:-Жанғыш пайдалы қазба деп неге атаған? Оларға не жатады?Жаңа сабақты түсіндіріп беру. Тас көмір,мұнай,газ туралы толық мәлімет беру. Тас көмір үш түрде кездеседі. Ең сапалы түрі антрацит,кәдімге тас көмір, қоңыр көмір. Антрацит металл қорытуға пайдаланатын көмір, қызуы жақсы болғандықтан арнайы металл өңдейтін зауыттарға жібереді. Ол шымқай қара түсті, қолға жұқпайды, металл сияқты жылтырап тұрады. Ал қара көмір антрациттей жалтырамайды, қызуы да кемірек. Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды. Жылуы аз, оңай үгіледі, бықсып жанады,күлі көп қалады.Жергілікті отын ретінде пайдаланады. Мұнай-майлы ,қоймалжың зат. Қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Оның иісі жермай (керосин) иісіндей болады.Жанғанда қызуды көп береді, күл қалдырмайды,түгел жанып кетеді.Газ мұнай сияқты отын және химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өте бай. Ембі мұнайы майлылығы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Одан ең ірі аспаптарды майлайтын май алынады.Картада мұнай-газ кен орындары, көмір кен орындары көмір- қара шаршымен, мұнай -қара түсті мұнара,ал газ -ақ түсті мұнарамен белгіленеді. Сарамандық жұмыс. Картадан жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақтарды көрсету.Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.Жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақ атауларын жазу.



VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Сөзжұмбақ шешу. Көлденеңінен:
  • Металл мен оның қоспалары алынатын тау жыныстары
  • Ағынды су
  • Сұйық отын
  • Майлы мұнай қай қалада өндіріледі?
  • Ең сапалы көмір
Тігінен:
  • Температура мен қысым жоғары болғанда жер астындағы шымтезек неге айналады


1к

е


н


2өзен





3мұ

н

ай

4Ембі





5 Антрацит

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Жанғыш пайдалы қазбаға не жатады?-Тас көмір қалай пайда болады?-Өңдеу арқылы қандай заттар алынады?Тас көмірді қайда пайдаланады? -Мұнай-газ кен орны деп нені айтады?-Газ кен орны мен мұнай –газ кен орнының айырмашылығы неде?-Өндіріс орындары пайдалы қазбаларды өндіруде зиянды жақтарын ойлап ,не істеу керек?VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:48,49,50,51,52- беттерді оқу, мазмұны.Дәптерге көмір түрлерін,көмір кен орнын ашқан адамды, мұнайдан алынатын заттарды жазуға.Бағалау. Оқушыларды мадақтау.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ