15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жанғыш пайдалы қазбалар
28.10.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жанғыш пайдалы қазбалар, олардың қолдануына қарай түрлері және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:Қоршаған орта туралы білімдерін, тілін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оттан абай болуға , достыққа, ержүрек болуға және табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ішіне,сыртына» әдісі,схемалар, «Жалғасын тап» ойыны, «Көмектес картасы», Тест тапсырмасы, «Автор орындығы», «5 жолды өлең»
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, көмір, бензин,мұнай,шымтезек,ағаш.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кітап, дәптерлерін түгендеу, сабаққа назарларын аудару.
Психологиялық дайындық
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы.
Бағалау парақтары таратылады
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:.
-Сонымен, түсті металдардың қандай түрі бар?
-Түсті металдың ішіндегі ең көп кездестіргендерің қайсысы?
Үй тапсырмасына берілген эссе оқылады
Кесте толтыру
|
Түсті металл кендері |
Түсі |
Сипаты |
Қайда қолданылады? |
|
Мыс |
Қызғылт |
Жұмсақ |
Электр техникасында |
|
Алюминий |
Ақ түсті |
Өте жеңіл |
Күнделікті тұрмыста |
|
Қорғасын |
Сұрғылт түсті |
Өте ауыр,тапталғыш |
Көп жерде қолданады |
|
Мырыш |
Көкшіл сұр |
Төзімді |
Күнделікті тұрмыста |
Тест тапсырмасы
-
Пайдалы қазбалар қолдануына қарай нешеге бөлінеді?
А)2
Б)3
В)4
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тас көмір,мұнай,газ
Б)мұнай,гранит,мыс
В) газ,тас көмір,қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Б)құм
В)металл
4.Тас көмірдің аса кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен,Семей
Б(Қарағанды,Екібастұз
В)Маңғыстау,Атырау
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіріледі?
А)тас көмір,мұнай
Б)қорғасын,алюминий
В)мұнай,газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А)Шығыс Қазақстан
Б)Орталық Қазақстан
В)Солтүстік Қазақстан
7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз,фосфорит,әктас
Б)мұнай, гранит,тұз
В)фосфорит,газ,металл
8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны
А)Кентау
Б)Соколов Сарыбай
В)Өскемен
9. Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбардың шоғырланған жерін
Б)пайдалы қазбаларды өндіру әдісі
В)пайдалы қазбарды өңдейтін жер
10.Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А)фосфорит,мәрмәр
Б)бензин,газ,жанармай
В)жанғыш газ,әктас
IIІ. Білімді тексеру кезеңі:
Пайдалы қазбалардың қандай түрлерімен таныстық?

Қара металл, түсті металл, жанғыш пайдалы қазбалардағы ұқсастық пен айырмашылықты кім айтып бере алады?
Қазақстан мыс қоры бойынша дүниежүзінде 3-орында.Осы түсті металдардың барлығы дерлік біздің елімізде өндіріледі.Біздің еліміз «пайдалы қазбалар қоймасы» деп бекер айтылмаған.
-
Өткен сабақта пайдалы қазбалардың қандай түрімен таныстық?
-
Қара метал кендері, түсті металл кендері.
Сергіту сәті: «Балақай» биі
Топқа бөліну:
І-топ: «Тас көмір»
ІІ-топ: «Мұнай»
ІІІ-топ: «Газ»
Ой қозғау. Жұмбақ жасыру
Күн қызуын аямайды,
Көлікке азық жасайды. /мұнай
Қара түсті отын,
Жанады жарқын./көмір
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын./газ
Бүгінгі сабақта пайдалы қазбалардың тағы бір түрі «Жанғыш пайдалы қазбалар» жөнінде оқимыз.
IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Жанғыш пайдалы қазбалар
.V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
-Жанғыш пайдалы қазба деп неге атаған? Оларға не жатады?
Жаңа сабақты түсіндіріп беру. Тас көмір,мұнай,газ туралы толық мәлімет беру.
-
-
-
Ж
анғыш
пайдалы қазбалар
-
-
-
Көмір
Мұнай
Газ
Тас көмір үш түрде кездеседі. Ең сапалы түрі антрацит,кәдімге тас көмір, қоңыр көмір.
-
-
-
-
-
Тас көмір
-
-
-
-
![]()
-
-
Антроцит
Кәдімгі тас көмір
Қоңыр көмір
-
Қопарылғыш зат
Пластмасса
Тыңайтқыш
Тас көмір Мата
бояулары
Әтір
Жасанды мата
Дәрі-дәрмек
Антрацит металл қорытуға пайдаланатын көмір, қызуы жақсы болғандықтан арнайы металл өңдейтін зауыттарға жібереді. Ол шымқай қара түсті, қолға жұқпайды, металл сияқты жылтырап тұрады.
Ал қара көмір антрациттей жалтырамайды, қызуы да кемірек.
Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды. Жылуы аз, оңай үгіледі, бықсып жанады,күлі көп қалады.Жергілікті отын ретінде пайдаланады.
Еліміздегі тас көмір кен
орындары
Қарағанды Екібастұз
Мұнай-майлы ,қоймалжың зат. Қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Оның иісі жермай (керосин) иісіндей болады.
Жанғанда қызуды көп береді, күл қалдырмайды,түгел жанып кетеді.
Газ мұнай сияқты отын және химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.
Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өте бай.
Ембі мұнайы майлылығы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Одан ең ірі аспаптарды майлайтын май алынады.
Мұнай

Отын,
химиялық
шикізат
Зымырандарға
тракторлаға,
үй тұрмысына
Ұшақтарға,
машиналар-
ға
Картада мұнай-газ кен орындары, көмір кен орындары көмір- қара шаршымен, мұнай -қара түсті мұнара,ал газ -ақ түсті мұнарамен белгіленеді.
Тас көмір - Мұнай-
Газ- ![]()
Сарамандық жұмыс.
Картадан жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақтарды көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді іштей түсініп оқиды
Оқығандары туралы мәлімдейді.
І-топ: Тас көмір
Эксперт парағы.
-Тас көмір қалай пайда болады?
-Өңдеу арқылы қандай заттар алынады?
-Тас көмірді қайда пайдаланады?
ІІ-топ: Мұнай
Эксперт парағы.
-Мұнай-газ кен орны деп нені айтады?
-Мұнай еліміздің қай өңірінде өндіріледі?
-Мұнайға сипаттама бер.
ІІІ-топ: Газ
Эксперт парағы.
-Газға сипаттама бер
-Еліміздің қай өңірінде газ өндіріледі?
Картамен жұмыс: Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін жапсыру,қайда өндірілетінін айтады.
І-топ: «Көмектес» картасы
|
Атауы және картадағы белгісін сал |
Қасиеттері |
Маңызы мен қолдану аясы |
|
Газ |
Жанғыш, сұйық, иісі бар, ауыр. |
Күнделікті тұрмыста,үй жылытады, қозғалыс күшін туғызады |
ІІ-топ: 5 жолды өлең ІІІ-топ: Топтастыру
Не? Мұнай антрацит
Қ
Тас
көмір
андай? майлы,қоймалжың жылу қара түстіНе істейді? жанады ,қызады,жайылады береді
Сөйлем. мұнай жанғыш пайдалы қазба
Синоним. Отын
![]()
жылтыр қызуы күшті
Дәптермен жұмыс. Күн ретін,сабақтың тақырыбын жазу.
Жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақ атауларын жазу.
Қарағанды,Екібастұз,Торғай,Оңтүстік Қазақстандағы Ленгерден,Каспий маңы ойпаты,Маңғыстау түбегі.
«Жалғасын тап» ойыны
-
Ел іші ...(алтын бесік)
-
От көмір жейді, ....(тот темір жейді)
-
Арпа-бидай ас екен... (алтын-күміс тас екен)
-
Өнерлінің қолы алтын...(өлеңшінің сөзі алтын)
-
Қойдың сүті... (қорғасын)
-
Ескі мата сөз болмас...(ескі темір біз болмас)
-
Ақыл арымас... (алтын шірімес)
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
«Ішіне,сыртына» әдісі
І-топ ІІ-топ
Тас көмір Газ
|
Ішіне |
Сыртына |
|
Ішіне |
Сыртына |
|
Үйді жылытады, су қайнатады, темір балқытады |
Үйдің көркін бұзады,қара күйе ұшады |
Отын,үйді жылытады |
Ауаны ластайды,адамды улайды |
ІІІ-топ
Мұнай
|
Ішіне |
Сыртына |
|
Дәрі-дәрмек, Бензин,солерка,керосин |
Теңізге жайлса,су тіршілік иелері жойылады |
Сабақты қорыту.
«Автор орындығы» «Егер мен ауыл әкімі болсам...»
Бағалау: Оқушылардың бағалауы бойынша мадақтамалар мен ескертулер жасау.
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:
Күнделікті ашайық,
Тапсырманы жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
Мәтінді оқу . Дәптерге көмір түрлерін,көмір кен орнын ашқан адамды, мұнайдан алынатын заттарды жазу.
Сөгеті бастауыш мектебі
«Жанғыш пайдалы қазбалар»
4-сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Бошкаева Н
2014-2015 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген