Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
ІІ кіші «Балдырған»
тобы
Білім беру саласы:
Коммуникация
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Тақырыбы: «Қыс
қызығы»
Мақсаты:
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру.
Білімділік: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту,
табиғатты суреттеуді үйрету.
Дамытушылық: Балалардың назарын табиғат
құбылыстарына аудару және сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын
дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: жұмбақ шешу,
сұрақ-жауап, ғажайып
сәт, сергіту сәті, қорытынды.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты
суреттер.
Қостілділік компонент:
қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик
Қызмет
кезеңдері
|
Тәрбиеші қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Қараңдаршы балалар, менің
алдымда қорап тұр. Онда көптеген суреттер бар. Бірақ мен сендерге
алдымен жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешімін тапсаңдар суреттерді
көрсетемін.
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Қандай мезгіл туралы айтылып
тұр?
Дұрыс балалар, әрине қазіргі
қыс мезгілі суреттелген.
|
Балалар қызығушылық
танытады.
Қыс.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Ал енді, мына суреттерді мен
тақтаға ілемін сендер оны әңгімелеп
беріңдер.
Қандай жыл мезгілі
суреттелген?
Балалар не істеп
жүр?
Суретте тағы не көріп
тұрсыңдар?
Ғажайып
сәт:
Балалар бүгін бізге қонаққа
қыс ханшайымы келмекшітін.
(есік қағылып қыс ханшайымы
кіреді)
Сәлеметсіңдерме балалар. Мен
сонау ертегілер әлемінен келдім. Сендер ертегілерді жақсы көреді
деп естідім.
Қандай ертегілер
білесіңдер?
Өте жақсы, ал маған арнаған
тақпақтарың барма?
Балалардың
тақпақтары.
Жарайсыңдар балалар, олай
болса сендермен бірге серігіп алайық:
Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып
сыбдырды.
Ойлы, қырлы
жерлермен
Ытқып-ытқып
жүгірді.
|
Балалр сурет бойынша қыс
мезгілін әңгімелейді.
Сәлеметсіз
бе.
Балалар қызығушылық танытып
ертегілердің атауларын айта бастайды.
Балалар
тақпақтары.
Сергіту сәтін
орындайды.
|
Рефлекстік-түзетушілік
|
Жарайсыңдар балалар сендер өте
көп ертегілер біледі екенсіңдер және тақпақтарыңдыда жақсы
айттыңдар, сондықтан мен сендерге естелікке «Қыс қызығы» атты
ертегі кітапшамды беріп кетемін. Оны сендерге апайларың оқып
береді.
|
|
Күтілетін
нәтиже:
біледі: қыс мезгілі
туралы;
игереді: табиғатты
суреттеуді;
меңгереді: табиғат
құбылыстарын.