Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жансыз табиғатқа не жатады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттар туралы мағлұмат береу. Жансыз табиғатпен жанды табиғаттың айырмашылығын ажырататуға бағыт беру, тәжрибелер арқылытүсіндіру,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:

Таным

Мектеп/ М.Ұ

ШҚО«Курчатов қаласы№4жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

ҰОҚ

Жаратылыстану

Педагогтің аты-жөні:

Енсеева Жанар Мажитовна

Тақырыбы:

Жансыз табиғатқа не жатады?

Бөлім :

0.2 Жансыз табиғат

Бөлімше:

0.2.1 Жансыз табиғат денелері мен заттары

Оқу мақсаты:

0.2.1.1 Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:

Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттар туралы мағлұмат айтады.

Жансыз табиғатпен жанды табиғаттың айырмашылығын ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

-Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттар туралы мағлұмат бере алады.

-Жансыз табиғатпен жанды табиғаттың айырмашылығын ажырата алады.

ҰОҚ Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Бастапқы кезең

3-5 мин

Психологиялық ахуал туғызу:

Шарты: Шеңберге тұрып, қимыл іс-әрекет арқылы өлең жолдарын айтады.


Қайырлы таң, жер ана

Қайырлы таң, көк аспан,

Қайырлы таң, алтын күн

Қуанышпен, бақытқа

Сәтті толы күн болсын.


«Журналист» әдісі

(сыни ойлйды және комуникативтік функциялар дағдылары дамиды, баланың үні ескеріледі, жанама бақылау жүзеге асады, ұжымдық жұмыс формасы орындалады.)

Шарты: Өткен материалды еске түсіру мақсатында, ашық сұрақтар қою.

-Табиғат дегеніміз не?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Жанды табиғат дегеніміз?

-Жанды табиғатқа не жатады?

Әдемі әуен











Микрофон муляжы


Негізгі кезең

15-20 мин

Топқа бөлу: «Кемпірқосақ» әдісі

(4 к моделі жүзеге асады: сыни ойлау, кративтілік, комуникативтілік, командалық)

Шарты: кемпірқосақтың 7 түсіне байланысты үш топқа бөліп отырғызу.


«Табиғат сыры» мультфильмнен үзінді

Шарты: АКТ – ны қолдану барысында, жансыз табиғат туралы ақпарат беру.


  • Кері байланыс: «Ашық сұрақтар» әдісі

  • (4 К моделі: сыни ойлауы және комуникативтік-тілдік дағдылары дамиды, бала үні ескеріледі,тәрбиеші тарапынан жанама бақылау жүзеге асады, ұжымдық жұмыс формасы жүзеге асады)

  • - Мультфильмда не көрдіңдер?

  • - Табиғаттың қандай түрлері бар?

  • -Жанды табиғаттың ерекшеліктерін атайықшы?


- Жарайсыңдар, балалар бүгін біз жансыз табиғат түрімен танысамыз.

Жансыз табиғат бөліктерін анықтау үшін мына жұмбақтарды шешейік.


«Лоторея» әдісі (сыни тұрғыдан ойлап, комуникативті - тілдік дағдылары дамиды, балныңа үні ескеріледі).

Шарты: Балалар планшеттегі ұяшықтарды таңдау арқылы, сол ұяшықтағы жұмбақтарға жауап беріп, жансыз табиғат бөліктерін табады.


1 ұяшық:

Қызыл күлше тау асады,

Ыстық нұрын шашады. (күн)


2 ұяшық:

Салмағың бар өлшесем,

Көрінбейсің көзге сен. (ауа)


3ұяшық:

Сылдыр сылдыр етеді

Жылғалардан өтеді (су)


Кері байланыс: «Балмұздақ таяқшалары» әдісі

(4 к моделінің, сыни ойлауы және комуникативті-тілдік дағдылары дамиды, бала үні ескеріледі дамиды, ұжымдық жұмыс формасы орындалады.)

-Планшетте қандай табиғат бөліктері бейнеленген?

  • -Жансыз деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • -Бұл табиғат бөліктерін жансыз табиғатқа жатқызуға бола ма? Неліктен?

  • -Жанды және жансыз табиғат бөліктерінің айырмашылығын айтыңдар?


Жұптық жұмыс: «Суреттер сөйлейді» құрылымдалған ойын(бала сыни тұрғыдан ойлайды,баланың дербес үні ескеріледі,комуникативтік-тілдік тәрбиешінің жетекшілігімен құрылымдалған ойын, жұптық жұмыс формасы орындалады).

Шарты: жансыз табиғат бөліктерін жанды табиғат бөліктерінен ажыратып, екі түрлі түспен қоршап белгілеу.

Кері байланыс: Жұптар біріне-бірі (+) (-) әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Жанама бақылау: жұптық жұмыс барысында:

-жұпта ақпаратты талқылап бір-бірінің пікірін тыңдауын және өзара ой бөлісіп, пікір алмасуын, біріне-бірі кері байланыс жасауын.


Сергіту сәті:

Жел соғады УУУУУ

Құйын келіп билейді ЗУ ЗУУУ

Қатты-қатты жел соқты гуу гуу гуу

Жапырақтар қол соқты дуу дуууу


Тәжірибе жасау: «Жас ғалым» (сараланған топпен жұмыс, тәжірибенің бақылау түрі.)

(тәрбиеленушілер сыни ойлайды,бала үні ескеріледі,комуникативті-тілдік тәрбиешінің жетекшілігімен құрылымдалған ойын, топтық жұмыс формасы орындалады, балалардың қызығушылығын оятып, уақытты тиімді пайдаландым.).

Шарты: жанды және жансыз табиғат табиғат нысандарын бақылау әдісі арқылы айырмашылықтарының негізгі белгілерін анықтау.


І- топ: аквариумдағы балық пен тасты бақылау арқылы, бақылау парағын толтырады.


ІІ-топ: тасбақа мен суды бақылау арқылы, жанды табиғат және жансыз табиғат нысандарына сипаттама береді және бақылау парағын толтырады.


ІІІ-топ: бөлме гүлі мен ыдыстағы ауаны бақылау арқылы бақылау парағын толтырады. Жанды және жансыз табиғат нысандарына сипаттама жасап, жансыз табиғат бөліктері өнбейді, өспейді, қоректенбейді, көбеймейді деген тұжырымдама жасайды.


Нысан

Қозғалады

Қоректенеді

Өседі

+

+

+

-

-

-


Жанама бақылау: топтық жұмыс барысында:

-топта ақпаратты талқылап бір-бірінің пікірін тыңдап және өзара ой бөлісіп, пікір алмасуын, біріне-бірі ашық сұрақтар арқылы кері байланыс жасауын.


Кері байланыс«Су тамшылары» әдісі

(сыни ойлайды,бала үні ескеріледі,комуникативті-тілдік тәрбиешінің жетекшілігімен құрылымдалған ойын, топтық жұмыс формасы орындалады).

Шарты: Әр топта жасалған тәжірибеге байланысты ашық сұрақтар қою.

-Бақылау барысында жансыз және жанды табиғаттардың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар? (әр топ өз бақылау парағы бойынша тәжірибе нәтижесімен бөліседі.)

-Жанды табиғатқа сипаттама бер?

-Жансыз табиғатқа сипаттама бер?


Кемпірқосақ жолақшалары






Мультфильм сілтемесі

https://www.youtube.com

АКТ қолдану



















Планшет ұяшықтармен

Күн, ауа, су т.б. суреттері







Жұмбақтар алынған сайтқа ссылка https://Stud.kz/zhum

baktar/list/66





Оқушылардың есімдері жазылған балмұздақ таяқшалары
















Әліппе – дәптері


















Сергіту сәті әдістемелік көмекші құралдан алынды.





Аквариумдағы балық, тас, тасбақа, ыдыстағы су, бөлме гүлі және ауа.

https://www.google.com/

imghp?hl=ru








Кестедегі суреттер сілтесмесі https://www.google.com/

imghp?hl=ru


арнайы кесте және маркерлар




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
835
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12