400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жансыз табиғаттың пайдасы қандай

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жансыз табиғаттың пайдасы қандай

Мектеп

Күні

Педагогтің аты жөні

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

ҰОҚ нің оқытылу мақсаты

0.2.1.2. Күнделікті өмірдегі жансыз табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атау

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар


  • бақылауға қатыса алады;


  • жансыз табиғат туралы мағлұмат алады;


  • жансыз табиғатқа не жататынын атай алады;


  • күнделікті өмірдегі жансыз табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атай алады.



Көпшілік балалар:


  • жансыз табиғаттың қасиеттерін анықтай алады;


  • жансыз табиғаттың табиғаттағы маңызын анықтай алады;


  • практикалық жұмысты орындай алады.



Кейбір балалар:


  • бақылау үдерісінде күнделікті өмірдегі жансыз табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясы туралы талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Тілдік мақсат

Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Көптілділік:

жансыз табиғат – неживая природа – inanimate nature

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Табиғат, жансыз табиғат, жансыз заттар мен денелерді бақылау.

Өткен ҰОҚ дан алынған білім

Су мен ауаның қасиеті мен маңызы туралы ұғымдар; қарапайым бақылау дағдылары.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Армысың, ардақты Аспан ата,

Армысың, мейірімді Жер ана.

Армысың, шуақты Алтын Күн,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанатын күн бүгін.











Жансыз табиғат бейнеленген суреттер. Тас, құм, су топырақ,

т.б.


Өмірлік тәжрибиені маңыздандыру.Мақсатты болам

3-5 минут

Табиғаттың не екенін еске түсірейікші (Табиғат – жансыз және


жанды денелерден тұратын бізді қоршаған әлем).

Ал жансыз және жанды табиғат дегеніміз не?

(Жанды табиғат – өсіп-өнетін, көбейетін табиғаттың бір бөлшегі.

Жансыз табиғат – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін, бірақ тіршілік иелеріне елеулі пайдалы денелер мен заттарды айтамыз).

Бүгін біз сендермен жансыз табиғаттың пайдасы туралы түсінік алатын боламыз. .

– Балалар, жансыз табиғаттың пайдасы қандай? Қалай ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. т.б.

Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту.

– Балалар, суретте нені көріп тұрмыз?

(Су, құм, тас, топырақ, күн, ауа, аспан т.б.)

– Оларды адамдар не үшін пайдаланады деп ойлайсыңдар?

(Ұ) Балалар әңгіме не жайында болатындығын тақырып аясындағы сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады)



ҰОҚ ның ортасы.Тақырып бойынша жұмыс

6-28 минут

Ұ) Өзекті мәселелер.Балалар, сонымен жансыз табиғаттың пайдасына тоқтала кетейік. Жансыз табиғатты адамдар күнделікті өмірде пайдаланады. Мысалы, тас, құм, топырақ сияқты жансыз заттарын үй құрылысына қажет етеді. Ал, су мен ауасыз адам, тіпті бүкіл тіршілік иелері өмір сүре алмайды.

(Ұ) Өзекті мәселе.Балаларға жанды және жансыз денелердің айырмашылығын анықтату үшін тәжірибе жасау ұсынылады?

Тәжірибе жасау:

1-тәжірибе: Топырақтан не жасауға болады?


Балаларға топырақтың иленгіш, жансыз дене екенін түсіндіру арқылы сазбалшықтан илеу, жұмсарту арқылы белгілі бір пішіндерді бейнелету (ыдыс, қуыршақ, жануарлар т.б.)


Нәтижесінде топырақ иленгіш, жансыз дене екенін анықтау.


Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдіс-тәсілдері.

Қалыптастырушы бағалау: көңіл күй пікірлері.


(Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.


Жансыз табиғат денелеріне серуен кезінде табиғат аясында бақылау жа-сату.

1-бақылау:


Құмның ұсақ, сусымалы зат екенін, адамдардың құмды не үшін пайда-ланатынын бақылату.

2-бақылау: Тастан не жасауға болады?

Тастан жасалған үйлердің құрылысына және тас қамалдарға бақылау жасау.

Қорытынды сұрақтар:

Топырақтың пайдасы қандай? Адамдар тастан не жасайды? Құм не үшін қажет? Суды неге жансыз табиғатқа жатқызамыз? Осы сұрақтарға жауап іздеу• нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

• елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

• сұрақтарды қоя білуі;

• бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі;

• бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

ҚОРЫТЫНДЫ: Жансыз табиғаттың адам үшін, бүкіл тіршілік иелері үшін пайдасы зор. Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.Жанды табиғат сияқты жансыз табиғаттың маңызы зор.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптер бойынша тапсырмаларды орындайды.
















ҰОҚ қортындысы Рефлексия

28-30 минут

(Ө, Қ) Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады.

Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті

қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.


1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.


1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере

аламын.


Әліппе дәптер , түрлі түсті қарындаштар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі