Жан сыры
деп
жазылған
психология деген
пән.
Шәкәрім
Құдайбердиев.
Жантанушы
мамандығы.
Мен психология мамандығын
таңдаған себебім, жолы болмай, қиыншылықтарға кезігіп жүрген
адамдарға бағыт бағдар беріп, сүйініш болғым келеді. Сонымен қатар
қоршаған ортамен байланыста болып, адамдардың психикасын зерттеу
қызықтырды.
Адамзат жан дүниесі сан қырлы
келеді екен.Оны асықпай қарап зерттеуді өзі бір керемет
құбылыс.Адам басқа келген жағдайды тек жан дүниесімен ғана емес
сырт келбетімен де қабылдайдын,содан байқап адамнын өзгерісін
көруге болады.
ХХІ ғасыр адамзат баласына көп
нәрсені тарту етті. Осыдан екі жүз жыл бұрын аспанға ұшуды
армандап, ұшқыр кілемді қиялдап жүрген адам баласына бүгінгі күні
ғарышқа ұшу көрші ауылға қыдырғанмен бірдей үйреншікті жайға
айналды. Қазіргі технологияның даму барысына қарап болашақта барлық
шаруаны компьютерлер атқаратынын аңғару қиын емес.
Автоматтандырылған қоғамның келуімен бірге көптеген мамандық өз
күшін жойып, олардың керексіз болатындығы сондай әлгі кәсіп
атаулары «уәзір», «ұста» секілді архаизм сөздерге айналып кетері
сөзсіз. Ал керісінше кейбір мамандықтар үлкен сұранысқа ие болады.
Психолог мамандығы сол қажет етілетін кәсіптердің бірі.Психология
саласы арқылы адамның жан сырын аша білуге,түсіне білуге
болады.
Бұл сөздің психология тұрғысынан алғанда бірнеше
мағынасы бар:
-
1. Жан сыры— психологиялық
процестердің мән-жайын, адамның даралық психологиялық сипаттарының
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан баяндай отырып түсіндіруді
білдіреді.
-
2. Адамның психикалық күй-жайы болып
саналатын зейіннің, сезім мен эмоцияның, ерік-жігер
қасиеттерінің сипат-ерекшеліктерін бейнелеуді де жан сыры деп
атаймыз
-
3.
Жан сырының тағы бір мағынасы, адамның басынан кешкен оқиғалардың
санада қалған бейнесі мен ізінің мазмұнын пайымдап білу
ерекшеліктері.
Жан сыры біздің сана-сезіміміздегі болмыстың
бейнесі. Ондай бейнелердің негізі — шындық пен ақиқат. Жан сырының сипат қасиеттерін қазақ
халқының ақын-жазушылары өз туындыларында жан-жақты көркем сөзбен,
поэтикалық тілмен де бейнелейді. Жан сыры тек психикалық процестер емес, тіршілік ету
бейнесінің өзге түрлері арқылы да нәзік сезім күйлерімен
қарым-қатынас жасаудың алуан тәсілдері арқылы да көрініс беріп
отырады.
Мен қаріргі таңда мектепте
психолог маманын атқарамын,маған оқушылардың мәселелерін
тыңдап,ортақтасып,оны шешуге байланысты өз тарапынмнан ұсыныстар
айтап отырамын.Мамандығым маған ұнайды.Балалардың жан өте нәзік
олар кез-келген жағдайды жанымен қабылдайды,қуанышта да,өкінішті
де.
Қорыта келе болашақта мен
үлкен дәрежелі психолог жанатанушы маманы болғым
келеді. Адамның жан дүниесін толық зерттеп, оған
дұрыс бағдар беріп, күйзеліске душар болған адамды кез келген
жағдайдан қиналмай алып шығатын
маман.
Мектеп психологы: Алматова
С.М.