Материалдар / Жанұя-тәрбие ұясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жанұя-тәрбие ұясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ашық тәрбие сағатына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2018
1934
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жанұя – тәрбие ұясы»

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы және ата-ана баланың бас ұстазы екенін оқушыларға түсіндіру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушы ларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, қанатты сөздер.                                                  Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру:a) Сәлемдесу, кезекші мәліметі;ә) Релаксация –«Сиқырлы әлемге саяхат». ІІ. Кіріспе:Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жанұя – тәрбие ұясы» деп аталады. Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын …. адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық дегім келеді.Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:— Қайтсем ғана осыны адам етем?Басқалардың осындай балалары,Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?Ойым емес оллаһи, біздікініңЕнжарлығы елде жоқ ала бөтен…..Туа сала тұлпардың жалын тартқан,Қырғиларға қызығып қарап өтем.……. Үміт пенен күдіктің ортасындаАта-ананың үміті талады екен!Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды».ІІІ. Үй тапсырмасы:Алдын ала берілген «Менің отбасым» тақырыбындағы сынып оқушыларының жазған эсселері тыңдалады.Мұғалім: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін еңбірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.«Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ.Отбасы – жылулық.Отбасы – ананың аялы алақаны.Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі.Отбасы – бала бақыты.Отбасы —шағын мемлекет.Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя. Мұғалім: Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылы жандарды көреді екен. Ол – АТА-АНА. Балаға олардан артық, олардан қымбат жан жоқ. Әрбір ата-ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Ендігі кезекте оқушыларға ой-қозғау ретінде ата-аналары жайлы сұрақтар қойылады, солардың жауаптарына құлақ түрейік.І топ1. Балдан тәтті не? ( бала)2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)ІІ топ1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)2. 18жасқа толмаған адам ( бала)3. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)4. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы ( достық)5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)

 V.Ой қозғау.Оқушыларға сұрақтар:Ата-ана сен үшін кім?Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің?Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар және басқаларға үлгі етесіңдер? Мұғалім: «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтқандай ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Қазір оқушыларға отбасы жайлы мақал-мәтелдердің басы оқылады, ал аяғын оқушылар жалғастырып табады. Мақалдың жалғасын тап.Әкеге қарап ұл өсер, ………………………Анасы қандай болса — …………………….Ананің көңілі балада, …………………….4.Жақсы сөз — …………………………………..5.Ұяда не көрсең ……………………………..6.Отан …………………………………………….7.Қыз өссе елдің көркі, …………………….Бала жақсы болса – қуаныш, …………. Мұғалім: «Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кеткен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата-ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі.VII. Жағдаяттар шешу.1-жағдаят:Менің жақын туысымның менімен шамалас бір баласы бар. Ол өзі өтірікші бала. Көзбе-көз өтірікті айта салып тұра береді. Біздің үйге күнде келіп, менімен ойнағысы келеді, оның басқа ойнайтын, бірге жүретін ешқандай досы жоқ. Өтірікті көп айтудың салдарынан барлық достары одан теріс айналды. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, қалай ойлайсыңдар? 2-жағдаят: Менің парталас көршім үнемі үйге берілген тапсырмаларды орындамай, жазбай келеді. Өйткені оның қолы ойыннан босамайды. Мұғалімдер тапсырмаларды сұрағанда қатты қысылады. Берілген тапсырмалардың барлығын менің дәптерімнен көшіріп алады. Ал тапсырмаларды көшіруге бермесем «Сараң» деп мазақ қылады. Менің не істеуім керек? «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.1. атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)4. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)

VIII. Ертегі құрастыру.Берілген сөздермен оқушылар отбасы жайлы ертегі құрастырады.Берілген сөздер:бақытты, әке, жауапкершілік, бала, мен, қайырымдылық, қамқорлық, ана, туған-туыс, әлем. Ата-анамен жұмыс.Сіздің пікіріңіз құнды. Сөздердің мағынасын ашу: құрметтеу, сыйластық, қамқорлық, жылулық, жауапкершілік, ынтымақтастық, кешірімділік, кішіпейілділік.Сұрақ: Осы қасиеттерді жанұяңызда бала бойына қалай сіңіресіз? Рефлексия.Қызыл – маған сынып сағаты ұнады, мен барлығын түсіндім.Көк – маған сынып сағаты ұнады, бірақ мен толық түсінбедім.Сары – маған ұнамады, мен ештеңе түсінбедім.Осы берілген түстерді таңдай отырып оқушылар өз ойларын білдірген стикерлерін жабыстырады. XI. Қорытындылау:а) Ата-аналарға жадынама – бейнеролик «Бала тәрбиесі» — Асыл арна.б) Мұғалімнің қорытынды сөзі. Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.Бар жақсылық балаға бұл ғаламдаМейірімінен ананың жасалады.Жырақ жүрген ата-анасын сағынған,Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.Екеуінің қуанышы, тілегіӘрқашанда бір арнадан табылған.Олай болса, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Отбасыларыңызға тек қана қуаныш, бақыт тілеймін. Егеменді елімізде тек тыныштық болсын, бақытты отбасыларымыздың шаңырағы шайқалмасын дей отырып бүгінгі ашық сынып сағатымызға белсене қатысқандарыңызға рахмет айтамын!



























Сауалнаманың жауабын жазыңыз.1) Балаңыз сабақты 4 пен 5-ке оқиды. Бір күні сабақтан екілік баға алып қалды. Екілік баға алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз көрдіңіз, не істейсіз ? а) Ұрсып, жазалайсыз. ә) Көрмеген боп қаласыз. б) Қайта жаңа күнделік алып бересіз. в) Неге екілік алғанын сұрап, түсіндіресіз. 2) Бүгін ата-аналар жиналысы. Сіз бара алмай қалдыңыз. Балаңыз үйге келген соң келмегеніңізге ренжиді. Сіз қалай жауап бересіз ? а) Бара алмаймын деп айттыңыз. ә) Қолым тимеді. б) Сол жиналыста не айтады? п) Ертең мұғаліміне барып жолығамын. 3. Сіз балаңызға ұялы телефон алып бересіз бе ? а) Әрине, алып беремін. ә) Балама сабақта керек. б)Қатардан қалмасын деп алып беремін. в) Мектеп бітірген соң алып беремін. 4. Үйдегі бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөлу керек деп ойлайсыз ? а) Анасы, ағасы ә) Әкесі, әпкесі б) Тек анасы в) Анасы, әкесі. 5. Мектепті балаңыздың жақсы оқып бітіруіне қандай ақыл-кеңес бересіз? а) Сабақтан калмай жүр. ә) Сабақты жақсы оқы, ізденіп оқуға дағдылан. б)Сабақты жақсы оқып бітіруге тырыс. в) Мектепті бітірсең болды, ақшамен оқытамын. 6. Халықтың ұлттық тәрбиесі дегенге көзқарасыңыз. (1 -2 сөйлеммен жазыңыз). 7. Балаңыз үй жинап жүріп өте қымбат ыдысыңызды сындырып алды. Сіз не істейсіз? а) Ұрсып, жинатамын. ә) Өзім жинап аламын. б)Ештеңе етпес, талай қымбат ыдыс алармын. в) Ұрсып, қатты балағаттаймын. 8. Мектептен балаңыз бүгін ақша тауып алғанын сізге айтты.Сіз не істейсіз . а) Ақшаға өзіне зат алып беремін. ә) Ақшаны өзім алып қоямын. б) Ертеңіне сыныбына барып мұғаліміне айтамын, сұраймын. в) Ақшаны балаға қайтып беремін. 9. Сіздер (ата-ана) ұрысып жатырсыздар. Балаңыз келіп қалды. Әрі қарай не қыласыз? а) Ұрыса беремін. ә) Балаға "Шығып кет" деймін. б)Ұрысты тоқтатамын. в) Үндемей қаламын. 10. Үйде балаңыздың сабағына қаншалықты көңіл бөлесіз ? а) Өзі оқиды, тек күнделігін тексеремін. ә) Қарап, тексеріп қадағалаймын (сырттай). б)Қолым тисе қараймын. в) Үнемі тексеріп қарап, үйретіп отырамын. 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!