"ЖАНҰЯДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ЖАНҰЯДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
аАта-аналарға,ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы




63 негізгі орта мектеп






БАЯНДАМА



«Жанұядағы тәрбиенің

ерекшеліктері»







Педагог-психолог: Мамешова З.Ж










«Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

В.Белинский «Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі» деп бала тәрбиесіне ерекше мән бергені мәлім.Расында да, бала тәрбиесі –қоғам дамуының қандай сатысы болсын мәнін жоймайтын,әрдайым ізденіс пен жауапкершілікті қажетсінетін мәңгілік мәселе.Сол себепті де білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізу-басты міндеттердің бірі әрі бірегейі

Әдетте бала мектепке дейінгі және оқу кездеріндегі өсу,даму эволюциясымен өтеді.Міне,сол кездерде кейбір отбасында тосыннан ,ата-анасының сорына,жалқау,өтірікші ,ұятсыз қылықтарға , бұзақылыққа бейім, адамшылық қасиетке жат басқа да істейтін балалар бар екені анық

Ата-аналар: «Әкесі мен анасы еңбек ететін біздің отбасымызда еңбекке қырсыз және оқығысы келмейтін төре сінген ұл өседі.» немесе «ата-аналарының еңбегімен жұпыны ғана күнелтетін төресінген отбасында дүниені місн тұтпайтын, ойын-той тұрмысқа , әсемпаздыққа, ойын –күлкіге әуесқой, рәсуашыл қыздың өсу қалай?» және де «ауқатты әрі мәдениетті отбасында жасына жетпей, азамат болмай жатып сотталатын, бұзақы балалардың, ұрылар мен тонаушылардың пайда болатыны қалай болған?» -деп көбінесе таңқалысады. Осындай немесе осыған ұқсас сұрауларды баланы отбасында тәрбиеленгенде кейбір қиыншылықтарға кездесетін және өзінің тәрбиелік жұмысының нәтижесі үшін қоғам алдында жауапты екенін түсінетін ата-аналар қояды.

Қиын балалармен жұмыс жүргізу дегеніміз-бұл баланың динамикалық жеке өсуін көру,кешеқандай ,бүгін қандай,ертеңқандай болатындығын бақыла

Қиын балаларды анықтап білудің құрылымдары мынандай

1. Оны мақсат етіп аламыз:

2. Бақылаймыз;

3. Ортасын анықтаймыз;

4. Зерттейміз

5. Алдын-алу шараларын жүргіземіз

6. Жан-жақты бағдар береміз

7. Түзетеміз; Олүшін тәрбие сағаттарын өткізіп, сол балаларды топ белсенділері қатарына тарту көзделеді.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: Балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан үнемі кетіп қалуы,сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Девианттық мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз.

Оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен факторлары мына жағдайлардан туындайды

1.Әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар.Оларға өзінің қажетсіздігін сезіну,өзіндік бағасының төмендігі,өзіне-өзі сенімсіздік,өзін-өзі бақылау мен өзіндік тәртіптің жеткіліксіздігі, әртүрлі жағдайларда өзіндік шешім қабылдай алмауы, өзіне және өзінің сезімдерін жеткізе алмауы.

2.Терең психологиялық жайсыздықтар. Олар отбасындағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт- санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескерумеуден, құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамагандығынан (әділетсіз,дөрекі,қатал)туындайды

3.Психикалық және физикалық денсаулығы дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар –жас ерекшелік дағдарыстары және басқ да физиологиялық ерекшеліктерінен пайда болатын мінез-құлықтар

4.Маңызды әлеуметтік және жеке өмірлік жағдай жасалмағандығы, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығы да кері әсерін тигізеді.

5.Қараусыз қалуы,қоршаған ортаның кері ықпал етуі және осының негізінде дамитын әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуынан байқалады.

Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Бала тәрбиесіне отбасының әсер ету жақтарын үш топқа бөліп қарауға болады

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген

тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ата - ана -бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар

«Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашаң ғы жиркенішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердіңөзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсеңұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.



Дайындаған: № 63 негізгі орта мектептің педагог-психологы :

Мамешова Зульфия Жапашовна






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.01.2019
792
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі