400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жану тақырыбына тест тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жану /7cынып/

(55-57 беттер)


1. Көз қаратпайтын жалынмен ақ түсті түтін түзе жанатын реакция теңдеуі

A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді

D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)

2. Оттек бар ыдысқа көмір түйірін салса, ол жалынсыз жанады. Сол ыдысқа әк суының ерітіндісін құйып шайқағанда ерітінді лайланады. Өйткені көмір жанған ыдыста түзіледі

A) күкірт (IV) оксиді B) көміртек (IV) оксиді C) күкірт (VI) оксиді

D) көміртек (ІI) оксиді E) фосфор (V) оксиді

3. Заттардың жылу және жарық бөліп, тотыға жүретін химиялық реакциясы

A) тұтану температурасы B) оксидтену C) тотығу D) жану E) қосылу

4. Заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясы

A) оксидтену B) жану C) тұтану температурасы D) қосылу E) тотығу

5. Оттекте қатты қыздырғанда жанбай, баяу тотығып қара түсті оксид түзе жүретін реакция теңдеуі

A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді

D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)

6. Оксидтер

A) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі металл болып келетін күрделі заттар

B) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі бейметалл болып келетін күрделі заттар

C) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі көміртек болып келетін күрделі заттар

D) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі күкірт болып келетін күрделі заттар

E) құрамы екі элементтен тұратын, біреуі оттек болып келетін күрделі заттар

7. Жылу бөліп жанатын зат немесе заттар қоспасы

A) оксид B) темір C) отын D) ағаш E) жану өнімдері

8. Баяу тотығуға жатады

A) қидың шіруі B) газдың жануы C) ағаштың жануы D) көмірдің жануы E) тамақтың пісуі

9. Оттек бар ыдысқа түйірін салған кезде жалынсыз жана жүретін реакция теңдеуі

A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді

D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)

10. Заттар ауада жанғанда да оксидтер түзеді. Бірақ заттар ауада оттекке қарағанда баяу жанады, өйткені

A) ауа құрамындағы оттектің мөлшері бес еседей көп B) ауа құрамындағы оттектің мөлшері екі еседей аз

C) ауа құрамындағы оттектің мөлшері екі еседей көп D) ауа құрамындағы оттектің мөлшері бес еседей аз

E) ауа құрамындағы азоттың мөлшері бес еседей көп

11. Кейбір заттар оттекпен баяу әрекеттесіп, жылу біртіндеп бөледі. Бұл процесс ... деп аталады.

A) баяу тотығу B) құбылыс C) жану D) үдеріс E) өзгеру

12. Қатты отындар

A) мұнай өнімдері B) антрацит C) таскөмір D) шымтезек E) мұнайға серік газдар

13. Жіңішке сымға қадаған сіріңке шиін тұтатып, оттек бар ыдысқа батырғанда шатырлап жарық ұшқындарын шашып, жалынсыз оксид түзе жүретін реакция теңдеуі

A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді

D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)

14. Жалын түзілуінің үш құраушысы

A) отын B) көмірқышқыл газы C) оттек D) су E) жылу

15. Өртті сөндіру үшін атқарылатын әрекеттер

A) температураны төмендету B) жану көзін жою C) температураны арттыру

D) оттектің келуін тоқтату E) ауа үрлеу

16. Сұйық отындар

A) мазут B) шымтезек C) табиғи газ D) бензин E) керосин

17. Алдын ала қыздырылған түйірін оттек бар ыдысқа батырса, көк жалынмен өткір иісті улы газ түзе жүретін реакция теңдеуі

A) мыс+оттек=мыс (ІІ) оксиді B) көміртек+оттек=көміртек (IV) оксиді C) фосфор+оттек=фосфор (V) оксиді

D) күкірт+оттек=күкірт (IV) оксиді E) темір+оттек=темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)

18. Көмірді не жанып жатқан ағашты сөндіру үшін су құятын себебі

A) себебі су жанбайды B) су оларды салқындатады C) су оларды ұсақтап жібереді

D) жамылғы қызметін атқарады E) түзілген су буы ауаның келуіне тосқауыл болады

19. Балауыз (парафин) жанғанда түзілетін заттар

A) су B) көміртек (IІ) оксиді C) күкірт (IV) оксиді D) көміртек (IV) оксиді E) фосфор (V) оксиді

20. Газ тәрізді отындар

A) көмірқышқыл газы B) табиғи газ C) мұнайға серік газдар D) хлорсутек газы E) өнеркәсіп газдары


Жану /7cынып/

(55-57 беттер)

1 C 6 E 11 A 16 ADE

2 B 7 C 12 BCD 17 D

3 D 8 A 13 E 18 BE

4 E 9 B 14 ACE 19 AD

5 A 10 D 15 ABD 20 BCE


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.11.2025
70
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі