400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жану процесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. 2018 жылы "Атамұра" баспасынан шыққан оқулық бойынша жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

Сабақ тақырыбы: Жану

Бөлім

Ауа. Жану реакциясы

Педагогтың аты-жөні

Аубакирова Ардак Машановна

Күні


Сыныбы

7 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабақтын тақырыбы:

Жану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.3 Заттың жануы мен жануын сипаттау реакциясының өнімдерін атау.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Заттың жануына қажетті жағдайларды біледі, жанудың химиялық процесс екенін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Жанудың нәтижесінде жаңа өнімдер алынатынын біледі және өнімдердің аттарын атай алады

Өртті болдырмау шараларын біледі.

Кейбір оқушылар: Жай және күрделі заттардың жану сызбасын жазып, өнімдер бойынша ажырата алады. Эксперименттік зерттеулерді жоспарлайды,тұжырымдайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут )

3 минут



4 минут




3 минут

Ұйымдастыру(сәлемдесу, оқушыларды түгендеу) Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке». Психологиялық ахуал

Смайликтер тарату арқылы топқа бөлу.

«Жедел жауап» әдісі. Берілген сұрақтарға нақты, әрі жылдам жауап берулері керек. 

-Ауаның құрамы неден тұрады?

-Ауаның құрамындағы газдардың көлемдік үлестері қандай?

-Қандай асыл газдарды білесіңдер?

«Stop кадр» әдісі .Видео ролик көрсету арқылы «Жану, жанудың себептері» сөз тіркестерін өздері айта отырып жаңа сабаққа тақырыбын анықтау.

Смайлик таратпа қағаз


Компьютер

Жану процесі бойынша ресурс

http://www.himhelp.ru /dosug/opyty/4951.html

Сабақтың ортасы

25 минут


Оқушылардың ұсынған болжамдарын саралап, талқылай келе сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Тапсырма 1. Айтылым ,тыңдалым, жазылым Алдынғы сабақта жасаған балауыз шамның жануын оқушылар естеріне түсірді.Оқушылар алдыңғы жасалған тәжірибе арқылы жаңа өнімдердің пайда болғандығын айтып бере алады. Оқушылардың тұжырымдарын дәптерге жазады мысалы: Отын + оттек = көміртек диоксиді + су

Көмірқышқыл газы + әк суы→ лайланады .

Қалыптастырушы бағалау: «шапалақ» әдісі арқылы

К. Магнийдің жануын тәжірибе жасау арқылы көрсетіп , талқылап құрамында көміртегі мен сутегі болмайтын жанудың нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзе бермейді деген қорытындыға келіп сөзбен реакция теңдеуін жаза алады. Магний + оттек = магний оксиді

Барлық оқушыларға сұрақ:

Неге алдынғы тәжірибедегі өнімдерде не су бөлініп, әк суын қосқан кезде лайланды деп ойлайсындар?

Қалыптастырушы бағалау: «бағдаршам» әдісі арқылы

Тапсырма 2. Оқушылардан метан мен күкірттің жану реакцияларының теңдеулерін сөзбен жазу тапсырылады.

Қалыптастырушы бағалау: «смайлик» әдісі арқылы

Тапсырма 3. Заттардың тұтануларының әртүрлі екендігін болжау үшін ағаш пен көмірдің жануын, оттек толтырылған ыдысқа апарғанда жарқырап жанатындығын бақылау. Тапсырма критерийі: Оқушылар тез тұтанатын және жанбайтын заттарға мысалдар келтіре алады. Қалыптастырушы бағалау: «смайлик» әдісі арқылы






Мg жаңқасы,қасық, оттек тотырылған ыдыс.



Қауіпсіздік техникасы






Сабақтың соңы

10 минут



«Сөзді тап» әдісі Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.

Үйге тапсырма оқулық № 8 есеп.5- сұрақ дайындау

Қалыптастырушы бағалау парағымен жұмыс.

Парақ, маркер. оқулық





ҚБ парағы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі