400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар – тірі ағзалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім


Күні:

Сынып: 1сынып

Мектеп: № 5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей


Мұғалімнің аты-жөні: Сеилова Мирамкул Турсыновна



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жануарлар – тірі ағзалар


Оқу мақсаттары

1.2.2.1. Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Жануарлардың, өсімдіктердің тірі ағзаға жататынын біледі.

Көптеген оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсінеді.

Бағалау критерийлері

Жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады. Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін: Жануарлардың қоректенуін, қозғалуын, көбеюін біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология: жануарлар, қоректену, қозғалу, көбею;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Қандай жануарларды білесіңдер? - Үйлеріңде қандай жануарлар бар?

Құндылықтарды дарыту

- қарым-қатынас жасау қабілеті; - жауапкершілік; - шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; - достық пен айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

көркем еңбек – жануарларды бояйды. Математика – бояған суретін санайды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жануарлар туралы түсінігі бар.



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин









2






1


Ұйымдастыру кезеңі Ширату. «Галереяға саяхат » әдісі Үстел үстінен алған қима суреттерін көру арқылы қабырғада ілінген суреттердің қасына топтасады: 1- топ: «Жануарлар» 2-топ: «Өсімдіктер» 3-топ: «Құстар» Кері байланыс. «Бақыт құсы» әдісі Көгершіннің макетіқолына қонған оқушы сұраққа жауап береді. - Неліктен бұл топқа топтастың? - Арыстан, ит, түйе.., бұларды жалпы атаумен не деп атаймыз?

қима суреттер


Сабақтың ортасы

34 мин











3









3








4










2











4







1




1





2






4





2







4












2











2

(Ұ) «Суреттер сөйлейді» әдісі Тапсырма: Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр, үш ұқсастығын тап. Өсімдіктер мен жануарларды салыстырады, үш ұқсастығын табады, дәлелдеу арқылы сөйлейді.

Кері байланыс. «Үш сұрақ» әдісі 1. Мысық не істеп жатыр? 2. Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде? 3. Мысық пен гүлдің ерекшелігі неде? Бағалау. «Бес жұлдыз» әдісі (белсенді жауап берген оқушыларға жұлдызша беремін)

(Т) «Көгілдір экран» әдісі Зерттейік: Алдын-ала үйден 5жанды ағзаларды бақылап келеді. Топтарға тапсырма: Жанды ағзалардың суреті боя. 1-топ – иттің 2-топ – мысықтың 3-топ – өсімдіктің суретін бояйды. Зерттеу алдында тірі ағзалардың белгілерін қайталау мақсатында «Көгілдір экраннан» бейнефильм көрсетіледі.

Кері байланыс. «Ой бөліс» әдісі (тиімді ашық сұрақтар қоямын, білім алушылар өз ойларымен бөліседі) - Салынған суреттер неліктен тірі ағзаға жатады деп ойлайсыңдар? - Өсімдіктердің қоректенуі олардың мекендейтін жеріне байланысты ма? - Шөптесін өсімдіктермен қоректенетін жануарлар не үшін әрдәйым қозғалыста болады? Бағалау. «От шашу» әдісі (топтар бір-бірін отшашу арқылы бағалайды)

(Ж) «Коллаж жасау» әдісі (орындықтарының артына суреттер жапсырылады, төрт түлік төлдерін табу арқылы жұптасады) Тапсырма: Суреттерден коллаждар құрастырыңдар. (Жұптағы бірінші бала жанды ағзалардың, екіншісі жансыз денелердің суреттерін топтастыру арқылы коллаж жасайды) Кері байланыс. «Мен саған, сен маған» әдісі - Қандай коллаж жасадың? - Жанды ағзаларға нелер жатады? - Жансыз денелерге нелер жатады? Бағалау. «Бағдаршам» әдісі (жұптар бір-бірін бағдаршам түсімен бағалайды) жасыл түс-түсіндім, сары түс-толық түсіне алмадым, қызыл түс- мұғалімнің қолдауы қажет болды. Дескриптор: Білім алушы - Жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады; - Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады; - Жанды ағзаларды және жансыз денелерді анықтайды.

(Ж.Ж) «Сиқырлы қалам» әдісі Тапсырма: Жануарлар мен өсімдіктер. Суреттерге қара. Тек жануарларды таңда және боя. Бос торкөзге санмен көрсет. Оқушылар жануарларды таңдап, суретті бояйды. Кері байланыс. « Сұрақ-жауап» әдісі Қай суреттерді боядың? - Неліктен? - Неше сурет боядың? Бағалау. «Басбармақ» әдісі (дұрыс жауабы экраннан көрсетіледі) (басбармақ арқылы өзін-өзі бағалайды)

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: *Кесте бойынша өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын салыстыра әңгімеле. *Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуін салыстыра отырып айт.

Дескриптор: Білім алушы - өсімдіктер мен жануарлардың көбеюіндегі айырмашылықты сипаттайды; - өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі ұқсастықты айтады; - өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі айырмашылықты айтады. Сараланған тапсырмалар:

Қолдауды аз қажет ететін білім алушыларға: Суреттерді дұрыс ретімен нөмірле. Мысықтың калай өскені туралы әңгіме құрастыр.

Қолдауды орташа қажет ететін білім алушыларға: Сөйлемді толықтыр. Жануарлар-тірі ағзалар, өйткені олар.....алады.

Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға: Орындары алмасқан буындарды пайдалана отырып, қажетті сөздерді тап. (алағқоз, есө, енетқорек)





Shape1







Интер белсенді тақта,түсті қарындаштар.

































preview-image







Жұмыс дәптері,түсті қарындаштар.














Сабақтың соңы

3 мин










1





2




Рефлексия. «Иә, жоқ » әдісі Өсімдіктер – өлі ағзалар. (жоқ) Жануарлар – тірі ағзалар. (иә) Құстар – өлі ағзалар. (жоқ) Адамдар – тірі ағзалар. (иә)

«Тау шыңы» әдісі Толық түсіндім – арқардың суретін таудың шыңына, Түсіндім, бірақ өзіме сенімсізбін – таудың ортасына, Сұрақтарым бар – таудың етегіне жапсырады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі