400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Уақыты:


Мектеп: №4 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Қойшығараева М

Сыныбы: 5

қатысқаны:

қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар әлемі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақ мақсаты

Жануарлар әлеміне саяхат жасау арқылы, сөздердің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын түсіну. Жаңа сабақ арқылы жеке, топта жұмыс жасау, жауапкершілік және адами құндылықтарды оқушы бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Биология, жаратылыстану.


Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Уақыты

Ұйымдастыру

Амандасу. Оқушыларды тексеру.

1 минут




Білу






Түсіну



















Қолдану











Талдау


Жаңа сабақ.

Жануарларды, табиғаттағы алатын орны, мекен ету ортасы, түрлерімен танысады.

Сөздің анықтамасымен, түрлерімен танысады.



I деңгей

1. Жануарлардың адам өміріндегі маңызы.

2. Жануарлар түрлерін ата.

3.Сөз дегеніміз не, оның түрлері.

4. Берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жаз.

А) Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмір.

Ә)Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су.

Б)Долы дауыл, долы күш, долы жел, долы адам.

5. Тура және ауыспалы мағынадағы тіркестерді қолданып сөйлем құра.

Ашық мінез, ашық терезе, өткір қайшы, жылы сөз, терең көл, кең көше.

6. Жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылығын анықта.

7.Зат атауы, сын-сапа, қимыл-қозғалыс атауы дегеніміз не?


II деңгей

1. Жануарлардың дене түрлерінің құрылысына қарай жікте.

2.Тура жәнее ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді ажыратып, мағынасын түсіндір.

Адам үшін күн қандай керек болса, ауа, су, от та сондай керек.

Адам сияқты сөзде де алуан түрлі тағдыр бар. Ол да сәби болып туады, ержетеді, қартаяды. Кейде қартайып барып жасарады. Кейде тұрмыста болған өзгеріске ілесе алмай, бірте-бірте солғындап, жаңа сөзге жол береді немесе мағына тауып, жаңғырып, жаңаша ұғымға ие болады.


III деңгей

1.Жануарларға байланысты мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын талдаңыз. (Он мақал-мәтел)




7 минут

























5 минут














5 минут


Жинақтау


1.Жануарлар әлемі тақырыбы бойынша өз ойыңды тұжырымдап жинақтa.


Топтық

жұмыс

Төмендегі мәтінді оқып шығып, бір-біріңе сұрақ дайындаңдар.

Жануарлар-табиғат тартуының тамаша жаратылысы. Жануарлар туралы біле түссең, таңғаларлық деректерге тап боласың. Мысалы, құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан, өзінің салмағына 60 есе ауыр жүкті көтере алады. Бұларды балуан құмырсқалар деп атайды.

Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе-теңдікті ұстайды. Сондықтан олардың асқазаны басқа тамақтардан бөлек таспен де толтырылады.

Ал піл тұмсығымен бөренелерді көтереді, гүлді зақым келтірмей суарады. Пілдердің сурет сала алатынын айтсайшы. Пілдер-дүниедегі ең ақылды жануарлар. Пілдер қуанышты да қайғыны да сезеді.

Тотықұстар сөйлей алады. Олар адамдардың сөзін мағынасыз қайталай бермейді, біздің сөзімізді ішінара түсіне алады. Ғалымдар тотықұстардың кіші мен үлкенді, ұқсас пен бөлекті ажырата алатындығын дәлелдеген.


12 минут

Үйге тапсырма

Жануарлардың адам өміріндегі маңызы


Бағалау



















Э







Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. [1] Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:

  1. Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;

  2. Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;

  3. Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;

  4. Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.

Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта, үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар сөздермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жүз қаралы, батыр сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін, әкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін. Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш. Сонымен қатар, жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.

Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.

Сөздердің тура мағынасы – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз. [3]

Топтастырылуы[өңдеу]

Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады:

  • лексикалық-семантикалық сипаты;

  • синтаксистік қызметі;

  • морфологиялық белгісі.

Сөз таптары

Сөздер лексикалық мағанасына қарай бірнеше сөз таптарына топтастырылады. Сөз табы - лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

Құрамына қарай

Сөздер құрамына қарай дара сөздер мен күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.

Қолданылуына қарай

  • Жалпы қолданыстағы сөздер - халықтың тұрмыстық өмірінде қолданылатын сөздер.

  • Көнерген сөздер - қолданыстан шығып қалған, тарихи аңыздар мен шығармаларда кездесетін сөздер. Өз кезегінде, көнерген сөз архаизм және историзм сөздер болып екіге бөлінеді.

  • Неологизм - жаңа технологиялар мен техниканың, ғылым ауқымының кеңеюі әсеріне қолданысқа енген жаңа сөздер.

  • Кәсіби сөздер - белгілі бір шаруашылық, не еңбек саласына қатысты, сол кәсіптің мамандарына түсінуге қиындық тудырмайтын сөздер.

  • Эвфемизм - құлаққа жағымсыз, дөрекі естілетін сөздерге мағыналас жұмсақ та мәдениетті сөздерге айналдырып қолдану.

  • Дисфемизм - мәдениетсіз, дөрекі, тыңдаушы құлағына түрпідей тиетін сөздер.

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі